Пәтер иелерiнiң тұтыну кооперативтерiнiң қызметiн қолдау жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 17 сәуiрдегi N 570

      Тұрғын үй-коммуналдық саланы реформалау жөнiндегi бұрын қабылданған үкiмет шешiмдерiн жүзеге асырудың баяу қарқынына байланысты, сондай-ақ пәтер иелерiнiң тұтыну кооперативтерiн табысты дамыту үшiн жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Тиiстi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың назары тұрғын үй-коммуналдық саланы реформалау мәселелерiндегi жұмыстың жеткiлiксiздiгiне аударылсын.
      2. Жергiлiктi атқарушы органдар:
      бiр ай мерзiм iшiнде пәтер иелерiнiң тұтыну кооперативтерiне (бұдан әрi - тұтыну кооперативi) үйлердiң үй iшiндегi желiлерiнiң жобалық-сметалық құжаттамасын қоса алғанда түгендеу iстерiн тегiн беру жөнiнде шаралар қабылдасын;
      <*>
      тұрғын үйлердегi тұрғын емес үй-жайларды жалға алушылармен шарттарға үйлердi тұтыну кооперативтерiмен бiрлесiп ұстау жөнiндегi шығыстарға жалға алушылардың қатысуы жөнiндегi ережелердi кiргiзу, ал жасалған шарттар бойынша - оларға тиiстi толықтырулар енгiзу жөнiнде шаралар қабылдасын;
      тұтыну кооперативтерiнiң қызметкерлерiн орналастыру үшiн белгiленген тарифтiк ставкалар бойынша жалға алу шартымен үй-жай бөлуге жәрдем көрсетсiн.
      Ескерту. 2-тармақтың 3 абзацы алынып тасталды - ҚРҮ-нiң
               1997.09.12. N 1332 қаулысымен. P971332_
      3. Тұрғын үйлердегi жекешелендiрiлмеген үй-жайлар (үйлердiң "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес ортақ меншiк құқығымен мекен-жай иелерiне тиесiлi бөлiктерiн қоспағанда) мемлекеттiк меншiк болып табылады және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жекешелендiруге жатады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3 жаңа тармақпен толықтырылды, 3,4,5,6-тармақтар
               тиiсiнше 4,5,6,7-тармақтар болып саналды - ҚРҮ-нiң
               1997.09.12. N 1332 қаулысымен.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Экономика және сауда министрлiгi:
      1997 жылдың 1 маусымына дейiн белгiленген тәртiппен олардың құрамынан жөндеу-құрылыс, жөндеу-пайдалану бөлiмшелерiн, үй басқармаларын, есеп айырысу-есептеу орталықтарын, авариялық қызметтердi, қатты тұрмыстық қалдықтарды әкету қызметтерiн, жайластыру учаскелерiн, антенна цехтарын, лифт шаруашылықтарын дербес заңды тұлға ретiнде бөлу жолымен тұрғын үй-коммуналдық сала ұйымдарын қайта ұйымдастыруды аяқтасын;
      тұрғын үй-коммуналдық сала ұйымдарының қайта ұйымдастырылуына орай тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсiпорындарының мемлекеттiк меншiктегi объектiлерiн немесе акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн ашық конкурстарда сату үшiн беретiн болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi мүдделi орталық атқарушы органдармен бiрлесiп және жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне коммуналдық қызметтерге приборлық есеп жүргiзу жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкiметiне "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 U952717_ Заң күшi бар Жарлығына жер құқық қатынастары субъектiлерiне жерге орналастыру жұмыстарына ақы төлеу жөнiнде жеңiлдiктер беру бөлiгiнде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
      7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгiне жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады