1. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi:
шақыру комиссиясының жұмысын ұйымдастырсын және 1997 жылдың қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
темiр жол стансаларында жас лектi жинау және әскерге жөнелту орындарында күшейтiлген кезекшiлiк орнатсын;
командаларды жинау және қызмет өткеру орындарына жөнелту мен алып баруды қамтамасыз етсiн.
2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi әскерге шақыру пункттерiн медициналық жағынан қамтамасыз етудi, сондай-ақ шақырылғандарға медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырсын.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң өтiнiмдерi бойынша мерзiмдi әскери қызметтен запасқа шығарылған және әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын сақтау және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 29 қыркүйектегi N 3648 Жарлығының талаптарын орындау жөнiнде әскерге шақырылған жастар арасында түсiндiру және профилактикалық жұмыстарды жандандырсын.
5. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат жөнiндегi Ұлттық агенттiгi, "Қазақстан теледидары мен радиосы" Республикалық корпорациясы, Бiлiм және мәдениет министрлiгi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруға әзiрлiк пен оның
жүргiзiлуiн көрсетсiн, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында қызмет өткерудi кеңiнен түсiндiрсiн, азаматтардың өздерiнiң конституциялық борышын орындауы жөнiнде насихат жұмыстарын жүргiзсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң мiндетiн атқарушы