Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 1 сәуiрдегi N 450 P970450_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 14, 104-бап) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әдiлет
министрлiгi туралы ереженiң 6-тармағындағы 5-тармақша мынадай
мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:
"АХАЖ" органдарының кадрларын аттестациялау, iрiктеу және
тағайындауға ұсыну, АХАЖ органдарына ұйымдастыру, әдiстемелiк
басшылық жасау, Қазақстан Республикасы азаматтық хал актiлерiн жазу
органдарының қызметiнде бiрыңғай құқықтық қолданымды практиканы
қамтамасыз ету".
Аталған қаулының 1-қосымшасы:
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Iшкi қауiпсiздiк бөлiмi
Кадр және ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментi";
"Кадр және Әдiлет бiлiктiлiк алқасының қызметiн қамтамасыз ету
басқармасы", "Ұйымдастыру-бақылау басқармасы" деген жолдар алынып
тасталсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
мiндетiн атқарушы