Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 1 сәуiрдегi N 450 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 3 қазандағы N 1411

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 1 сәуiрдегi N 450 P970450_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 14, 104-бап) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      Көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Әдiлет

 

министрлiгi туралы ереженiң 6-тармағындағы 5-тармақша мынадай

мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:

     "АХАЖ" органдарының кадрларын аттестациялау, iрiктеу және

тағайындауға ұсыну, АХАЖ органдарына ұйымдастыру, әдiстемелiк

басшылық жасау, Қазақстан Республикасы азаматтық хал актiлерiн жазу

органдарының қызметiнде бiрыңғай құқықтық қолданымды практиканы

қамтамасыз ету".

     Аталған қаулының 1-қосымшасы:

     мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

     "Iшкi қауiпсiздiк бөлiмi

     Кадр және ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментi";

     "Кадр және Әдiлет бiлiктiлiк алқасының қызметiн қамтамасыз ету

басқармасы", "Ұйымдастыру-бақылау басқармасы" деген жолдар алынып

тасталсын.


     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрiнiң

       мiндетiн атқарушы





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады