"Кентаукенiштарату" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 4 қарашадағы N 1488

      "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамының шығынды кенiштерi мен қалдық қоймаларын тарату мен консервациялау жөнiндегi шараларды жүргiзу, олардың мақсатқа сай қаржыландырылуын және бюджет қаражатының пайдаланылуына бақылауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Кентаукенiштарату" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
      Кәсiпорынның негiзгi мақсаты шығынды кенiштер мен қалдықтар қоймаларын тарату мен консервациялау, су құю-су шығару жөнiндегi қызмет, сондай-ақ шаруашылық жүргiзудiң арнайы тәртiбi белгiленген қызмет салалары болып белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Кәсiпорынның мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi:
      Кәсiпорынның жарғылық қорын белгiлесiн, Жарғысын бекiтсiн және оны заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен тiркесiн;
      Кәсiпорынның басшысын тағайындасын;
      кәсiпорынның Жарғысын тiркегеннен кейiн оны Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне енгiзу туралы ұсыныс енгiзсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару жөнiндегi департаментi "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамының жалпы жиналысында оның шығынды кенiштерi мен қалдық қоймаларын Кәсiпорынға беру туралы мәселенi қарасын.
      4. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi төрағасының қайта ұйымдастырылып отырған заңды тұлғаның функцияларын, құқықтары мен мiндеттерiн өткiзу актiсi бойынша бере отырып, "Су құю - су ағызу" Кентау коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнын құрылып отырған кәсiпорынға қосу жолымен оны қайта ұйымдастыру туралы ұсынысы қабылдансын.
      5. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Медетшi банкiмен және "Кентаукенiштарату" мемлекеттiк кәсiпорнымен бiрлесе отырып шығынды кенiштер мен қалдықтар қоймаларын тарату жөнiндегi қаржыландыру сомасын айқындасын.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1998 жылға арналған республикалық бюджетте мырғалымсай кен орнының су құю - су ағызуы жөнiндегi шығыстарды қаржыландыру үшiн 400 (төрт жүз) млн. теңге сомасында бюджет қаражатын бөлудi көздейтiн болсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.05.14. N 434
               қаулысымен. P980434_

      7. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк медетшi банкi су құю - су ағызуды, шығынды кенiштердi таратуды және қалдық қоймаларын консервациялауды қаржыландыруға арнап жiберiлген бюджет қаражатының мақсатқа сай пайдаланылуына бақылау жасасын.
      8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1737 P961737_ қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      46-тармақ "су құю - су ағызуды" деген сөздерден кейiн "және кен орындарын консервациялау мен тарату жобалары жөнiндегi жұмыстарды" деген сөздермен толықтырылсын.
      9. "Оңтүстiк Қазақстан облысының Кентау қаласының экономикасын дағдарыс жағдайынан шығару жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 шiлдедегi N 757 P940757_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 28, 313-құжат) 7-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


О создании Республиканского государственного предприятия "Кентауликвидрудник"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 4 ноября 1997 г. N 1488

     В целях проведения мероприятий по ликвидации и консервации убыточных рудников и хвостохранилищ акционерного общества "Ачполиметалл", обеспечения их целевого финансирования и контроля за использованием бюджетных средств Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Создать Республиканское государственное предприятие "Кентауликвидрудник" (далее - Предприятие) на праве хозяйственного ведения.
      Основным назначением Предприятия определить ликвидацию и консервацию убыточных рудников и хвостохранилищ, деятельность по водоотливу, а также сферы деятельности, где установлен специальный порядок хозяйствования.
      Определить Министерство энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан органом государственного управления Предприятием, а также органом, осуществляющим по отношению к нему функции субъекта права государственной собственности.
      2. Министерству энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан:
      определить уставный фонд, утвердить Устав Предприятия и зарегистрировать его в порядке, установленном для государственной регистрации юридических лиц;
      назначить руководителя Предприятия;
      после регистрации Устава Предприятия внести предложение о его включении в Перечень республиканских государственных предприятий.
      3. Департаменту управления государственным имуществом и активами Министерства финансов Республики Казахстан на общем собрании акционерного общества "Ачполиметалл" рассмотреть вопрос о передаче его убыточных рудников и хвостохранилищ Предприятию.
      4. Принять предложение акима Южно-Казахстанской области и государственного Реабилитационного банка Республики Казахстан о реорганизации Кентауского коммунального государственного предприятия "Водоотлив" путем его присоединения к создаваемому Предприятию с передачей функций, прав и обязанностей реорганизуемого юридического лица по передаточному акту.
      5. Министерству энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан совместно с государственным Реабилитационным банком Республики Казахстан и государственным предприятием "Кентауликвидрудник" определить сумму финансирования по ликвидации убыточных рудников хвостохранилищ.
      6. Министерству финансов Республикой Казахстан предусмотреть в республиканском бюджете на 1998 год выделение бюджетных средств для финансирования расходов по водоотливу Миргалимсайского месторождения в сумме 400 (четыреста) млн. тенге.
      Сноска. В пункт 6 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 14 мая 1998 г. N 434 P980434_ .
      7. Государственному Реабилитационному банку Республики Казахстан осуществлять контроль за целевым использованием бюджетных средств, направляемых на финансирование водоотлива, ликвидацию убыточных рудников и консервацию хвостохранилищ.
      8. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 1996 г. N 1737 P961737_ следующее изменение:
      в пункте 46 после слова "водоотлива" дополнить словами "и работ по проекту консервации и ликвидации рудников".
      9. Признать утратившим силу пункт 7 постановления Кабинета Министров Республики Казахстан от 5 июля 1994 г. N 757 P940757_ "О мерах по выводу из кризисного состояния экономики города Кентау Южно-Казахстанской области" (САПП Республики Казахстан, 1994 г., N 28, ст. 313).
 

     Премьер-Министр

   Республики Казахстан