Уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсатта қолданылатын материалдардың экспорты мен импорты жөнiндегi ұлттық оператор туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 26 қарашадағы N 1659.

      "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 14 шiлдедегi N 3593 Жарлығы мен "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясының мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi N 1148 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     

      Уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына

      арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың қос

      мақсатта қолданылатын материалдардың экспорты мен импорты жөнiндегi

      ұлттық оператор туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрi

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 26 қарашадағы
N 1659 қаулысына
қосымша

      Уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы

      станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы

      жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсатта

      қолданылатын материалдардың экспорты мен импорты

      жөнiндегi ұлттық оператор туралы

      ЕРЕЖЕ

      I. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 14 шiлдедегi N 3593 Жарлығы мен "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясының мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi N 1148 қаулысына сәйкес әзiрлендi және ұлттық оператордың уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсатта қолданылатын материалдардың экспорты мен импортына байланысты функцияларын белгiлейдi.

      2. Уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсаттағы материалдардың экспорты мен импорты жөнiндегi ұлттық оператор - "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы (бұдан әрi - Қазатомөнеркәсiп) "Атом энергиясын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қару-жарақты, әскери техниканы және қос мақсаттағы өнiмдi экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, жоғарыда көрсетiлген мәселелерге қатысты Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы Президентiнiң жоғарыда аталған Жарлығына сәйкес уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсатта қолданылатын материалдардың экспорты мен импорты жөнiнде өзiне Қазақстан Республикасы берген басым құқықты иеленедi.

      3. Қазатомөнеркәсiп өзiне берiлген өкiлеттiктердiң толық көлемiнде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес олардың сыртқы және iшкi рыноктарда қорғалуын қамтамасыз етедi.

     

      II. Негiзгi мiндеттерi

     

      4. Қазатомөнеркәсiптiк уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсатта қолданылатын материалдардың экспорты мен импорты жөнiндегi ұлттық оператор ретiндегi негiзгi мiндеттерi:

      әлемдiк рынокта атом-энергетика кешенiнiң өнiмдерiн сату саласында Қазақстан Республикасының мүдделерiн қамтамасыз ету;

      уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсатта қолданылатын материалдардың экспорты мен импортын жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Сауда министрлiгi арасындағы "Қазақстанның уран бойынша антидемпингтiк тексерудi тоқтата тұру туралы" 1992 жылғы 16 қыркүйекте жасалған келiсiм мен оған барлық толықтырулардың атқарылуына, сондай-ақ Қазақстан уранын АҚШ рыногына жөнелту жөнiндегi квоталардың пайдалануына бақылауды жүзеге асыру;

      сыртқы және iшкi рыноктарда атом-энергетика кешенiнiң өнiмдерiне демпингтiк процестердi болдырмау жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзуге қатысу болып табылады.

     

      III. Негiзгi функциялары

     

      5. Қазатомөнеркәсiп негiзгi мiндеттерiне сүйене отырып:

      тиiстi лицензиялар алу арқылы тiкелей немесе өзiнiң (қарамағындағы) ұйымдары арқылы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсатта қолданылатын материалдардың экспорты мен импортын жүзеге асырады;

      Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметiн жүзеге асыратын өндiрушi кәсiпорындардың арасында уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсатта қолданылатын материалдардың экспорты мен импорты квотасының қатаң сақталуын, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпке сәйкес берiлетiн тиiстi лицензиялар алуы бойынша бақылауды қамтамасыз етедi;

      МАГАТЭ-нiң жетекшi материалдарының негiзiнде арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсатта қолданылатын материалдардың импорты мен экспортын және оларды өндiрудi қамтамасыз етедi;

      Қазақстан Республикасының атом энергетикасы кешенiнiң өнiмдерiн сату жөнiнде бiрыңғай есеп жүргiзу мен мемлекеттiк бақылаушы органдардың алдында есеп берудi жүзеге асырады;

      белгiленген квоталарға сәйкес, халықаралық ережелердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша да Қазақстан Республикасының кеден аймағынан тыста ураны бар шикiзаттарды тасымалдаудың схемасы мен оларды қайта өңдеуге берудiң кестесiн айқындайды;

      қайта өңдеушi кәсiпорындардың аумақтық қатыстылығына қарамастан заңнамада белгіленген тәртіппен алынған лицензиялар бойынша қазақстандық қайта өңделген ураны бар өнiмдердiң экспортына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен басқа мемлекеттердiң экспорттық өнiмдерiнiң Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өтуiне байланысты мәселелердi реттеуге қатысуға басымдықты құқыққа ие болады.

      Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.04.02. N 389

      қаулысымен.

     

      IV. Құқықтары

     

      6. Қазатомөнеркәсiптiң:

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен, өз құзыретiнiң шегiнде нормативтiк-құқықтық актiлер қабылдау жөнiндегi ұсыныстар енгiзуге, сондай-ақ лауазымды, заңды және жеке тұлғалардың, оның iшiнде шетелдiктердiң атқаруы үшiн мiндеттi әдiстемелiк құжаттарды, нұсқаулықтарды және ережелердi бекiтуге;

      ураны бар шикiзаттарды тасымалдау және сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу, жобалау-iздестiру және кешендi сипаттағы басқа да жұмыстарға тапсырысшы болуға;

      ғалымдарды, мамандарды және сарапшыларды атом-энергетика кешенi саласындағы консультацияларға, зерделеуге және проблемаларды шешуге тартуға құқығы бар.

     

      V. Қызметiн ұйымдастыру

     

      7. Уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсатта қолданылатын материалдардың экспорты мен импорты жөнiндегi ұлттық оператор - "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы өзiнiң қызметiн осы Ереже мен "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясының жарғысына сәйкес ұйымдастырады.

Об утверждении Положения о национальном операторе по экспорту и импорту урана и его соединений, ядерного топлива для атомных энергетических станций, специального оборудования и технологий, материалов двойного применения

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 1997 г. N 1659.

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 14 июля 1997 г. № 3593 "О создании Национальной атомной компании "Каэатомпром" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 июля 1997 г. № 1148 "Вопросы Национальной атомной компании "Казатомпром" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      Утвердить Положение о национальном операторе по экспорту и импорту урана и его соединений, ядерного топлива для атомных энергетических станций, специального оборудования и технологий, материалов двойного применения (прилагается).

      Премьер-Министр

      Республики Казахстан

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 26 ноября 1997 г. N 1659
 
 
 

Положение
о национальном операторе по экспорту и импорту
урана и его соединений, ядерного топлива для атомных
энергетических станций, специального оборудования и
технологий, материалов двойного применения

      I. ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ

     

      1. Настоящее Положение разработано в соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 14 июля 1997 г. N 3593 "О создании Национальной атомной компании "Казатомпром" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 июля 1997 г. N 1148 "Вопросы Национальной атомной компании "Казатомпром" и определяет функции национального оператора, связанные с экспортом и импортом урана и его соединений, ядерного топлива для атомных энергетических станций, специального оборудования и технологий, материалов двойного применения.

      2. Национальный оператор по экспорту и импорту урана и его соединений, ядерного топлива для атомных энергетических станций, специального оборудования и технологий, материалов двойного применения - Национальная атомная компания "Казатомпром" (далее - Казатомпром) обладает преимущественным правом по осуществлению и координации экспорта и импорта урана и его соединений, ядерного топлива для атомных энергетических станций, специального оборудования и технологий, материалов двойного применения, предоставленным ей Республикой Казахстан в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об использовании атомной энергии", Законом Республики Казахстан "Об экспортном контроле вооружений, военной техники и продукции двойного назначения", международными договорами, касающимися вышеуказанных вопросов, ратифицированными Республикой Казахстан, и вышеупомянутым Указом Президента Республики Казахстан.

      3. Казатомпром представляет интересы Республики Казахстан в полном объеме предоставленных ему полномочий, обеспечивает их защиту на внешнем и внутреннем рынках в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан.

     

      II. ОСНОВНЫЕ ЗАДАЧИ

     

      4. Основными задачами Казатомпрома как национального оператора по экспорту и импорту урана и его соединений, ядерного топлива для атомных энергетических станций, специального оборудования и технологий, материалов двойного применения являются:

      обеспечение интересов Республики Казахстан в области реализации продукции атомно-энергетического комплекса на мировом рынке;

      осуществление импорта урана и его соединений, ядерного топлива для атомных энергетических станций, импорта и экспорта специального оборудования и технологий, материалов двойного применения;

      осуществление контроля за исполнением Соглашения о приостановке антидемпингового расследования по урану из Казахстана от 16 сентября 1992 года, заключенного между Правительством Республики Казахстан и Министерством торговли Соединенных Штатов Америки, и всех дополнений к нему, а также использованием квот по поставкам казахстанского урана на рынок США;

      участие в проведении государственной политики по предотвращению демпинговых процессов на внешнем и внутреннем рынках продукции атомно-энергетического комплекса.

     

      III. ОСНОВНЫЕ ФУНКЦИИ

     

      5. Исходя из основных задач, Казатомпром:

      осуществляет экспорт и импорт, с получением соответствующих лицензий, урана и его соединений, ядерного топлива для атомных энергетических станций, специального оборудования и технологий, материалов двойного применения непосредственно или через свои (аффилиированные) организации в установленном законодательством Республики Казахстан порядке;

      обеспечивает строгое соблюдение квот экспорта и импорта урана и его соединений, ядерного топлива для атомных энергетических станций, специального оборудования и технологий, материалов двойного применения между предприятиями-производителями, осуществляющими свою деятельность на территории Республики Казахстан, а также контроль по получению ими соответствующих лицензий, выдаваемых в соответствии с установленным законодательством Республики Казахстан порядком;

      обеспечивает импорт, экспорт и производство специального оборудования и технологий, материалов двойного применения на основе руководящих материалов МАГАТЭ;

      осуществляет ведение единого учета и отчетности по реализации продукции атомно-энергетического комплекса Республики Казахстан перед государственными контролирующими органами;

      определяет схемы транспортирования и графики поставок урансодержащего сырья на переработку, согласно определенным квотам, с учетом международных правил, как по территории Республики Казахстан, так и вне таможенной зоны Республики Казахстан;

      обладает преимущественным правом на экспорт переработанного урансодержащего продукта казахстанского происхождения по лицензиям, полученным в установленном законодательством порядке, независимо от территориальной принадлежности перерабатывающих предприятий, а также участие в регулировании вопросов, связанных с транзитом по территории Республики Казахстан экспортной продукции других государств, в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

      Сноска. В пункт 5 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 2 апреля 2002 г. N 389.
     

      IV. ПРАВА

     

      6. Казатомпром имеет право:

      в установленном законодательством Республики Казахстан порядке, в пределах своей компетенции, вносить предложения по принятию нормативно-правовых актов, а также утверждать методические документы, инструкции и правила, обязательные для исполнения должностными, юридическими и физическими лицами, в том числе иностранными;

      выступать заказчиком научно-исследовательских, проектно-изыскательских и других работ комплексного характера в области транспортировки и хранения урансодержащего сырья;

      привлекать для консультаций, изучения и решения проблем в области атомно-энергетического комплекса ученых, специалистов и экспертов.

     

      V. ОРГАНИЗАЦИЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ

     

      7. Национальный оператор по экспорту и импорту урана и его соединений, ядерного топлива для атомных энергетических станций, специального оборудования и технологий, материалов двойного применения - Национальная атомная компания "Казатомпром" организует свою деятельность в соответствии с настоящим Положением и Уставом Национальной атомной компании "Казатомпром".