"Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1997 жылғы 14 шiлде N 3593

      Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы үшiн уран өнеркәсiбiнiң стратегиялық мәнi мен әлемдiк уран рыногының жетекшi шебiне шығудың маңыздылығын ескере отырып, сондай-ақ уранды барлау, өндiру, өңдеу және өткiзу, атом энергия станциялары үшiн ядролық отын өндiру мәселелерiнде мемлекет мүдделерiн қорғау мақсатында қаулы етемiн: 
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi: 
      бiр ай мерзiмде заңдарда белгiленген тәртiппен "Қазатомөнеркәсiп" ашық акционерлiк қоғамын мемлекеттiң жүз проценттiк үлесi бар жабық акционерлiк қоғам нысанындағы "Қазатомөнеркәсiп" Ұлттық атом компаниясы (бұдан былай - Компания) етiп қайта құруды қамтамасыз етсiн; 
      Компанияның жарғылық қорына акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн, өзге де шаруашылық серiктестiктерiндегi мемлекет пакеттерiн, өзге де шаруашылық серiктестiктерiндегi мемлекет үлестерiн, сондай-ақ уран мен оның қоспаларын барлаумен, өндiрумен, өңдеумен, атом энергия станциялары үшiн ядролық отын шығарумен айналысатын мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлiктiк кешендерiн беретiн болсын
      Компания активтерiнiң тiзбесi мен құрылымын қалыптастырсын; 
      Компания қызметiнiң мәнi уран мен оның қоспаларын, сирек кездесетін металдарды барлауды, өндiрудi, өңдеудi, сирек кездесетін металдардың экспорты мен импортын, уранды, оның қоспаларын және сирек кездесетін металдарды өндіру процесін сумен қамтамасыз ету үшін жер асты суларын барлауды және өндіруді жүзеге асыру (мемлекет мүдделерiн қамтамасыз ете отырып), атом энергия станциялары үшiн ядролық отын шығару, атом-энергетикалық кешен өнiмiн әлемдiк рынокта өткiзу, ядролық материалдардың мемлекеттiк резервiн ұстау және қызмет көрсету, сондай-ақ республиканың уран кен орындары бойынша геологиялық ақпарат мониторингiне және оның сақталуы мен таралуын бақылауға жәрдемдесу болып белгiленсiн
      құрамында уран бар материалдарды барлауға, өндiруге және өңдеуге лицензиялар беру туралы мәселелер қаралған кезде сараптама жасау үшiн Компанияны мiндеттi түрде тартатын болсын; 
      Компанияны уран мен оның қоспаларының, атом энергия станциялары үшiн ядролық отынның, арнаулы құрал-жабдық пен технологиялардың, қосарлы қолданылатын материалдардың экспорты мен импорты жөнiндегi ұлттық оператор деп белгiлесiн; 
      бiр ай мерзiмде Уран мен оның қоспаларының, атом энергия станциялары үшiн ядролық отынның, арнаулы құрал-жабдық пен технологиялардың, қосарлы қолданылатын материалдардың экспорты мен импорты жөнiндегi ұлттық оператор туралы ереженi бекiтетiн болсын; 
      заңдарда белгiленген тәртiппен Компанияның құрылтай құжаттарын бекiтiп, оны мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2006.05.24. N 122 Жарлығымен.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. 

      Қазақстан Республикасының
      Президентi 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады