Кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) жер учаскесiн берудiң тәртiбiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 желтоқсандағы N 1813 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) жер учаскесiн берудiң қоса берiлiп отырған Тәртiбi бекiтiлсiн.

      2. Бюджет қаржысы есебiнен қаржыландыру тек атқарушы органдардың шешiмi бойынша жүргiзiлетiн жерге орналастыру және өзге де жұмыстарды орындау кезiнде жүзеге асырылады, жер учаскелерiнiң және меншiк иелерiнiң және жер пайдаланушылардың өтiнiмi бойынша жерге орналастыру және өзге де жұмыстар олардың өз қаражаты есебiнен қаржыландырылады деп белгiленсiн.

      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi бiр ай мерзiм iшiнде ведомстволық нормативтiк актiлердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.

      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылданған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныстарды белгiленген тәртiппен енгiзсiн.

      4. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi:

      бiр ай мерзiм iшiнде пәтер меншiк иелерiнiң кооперативтерiне, кондоминиум объектiлерi болып табылатын көп пәтерлi үйлердегi үй-жайлардың меншiк иелерi - заңды және жеке тұлғаларға жер учаскелерiн беру кезiнде жол берiлген заң бұзушылықтарды жою жөнiнде шаралар қабылдасын;

      пәтер меншiк иелерi кооперативтерiнiң қатысуымен үш ай мерзiм iшiнде жұмысты ұйымдастырсын және жер учаскелерiнiң шекарасын белгiлеу және кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) берiлетiн жер учаскелерiне деген құқықты ресiмдеу жөнiнде шаралар қабылдасын;

      кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) жер учаскесiн берудiң белгiленген тәртiбiнiң сақталуына бақылауды қамтамасыз етсiн.

      5. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 13 маусымдағы кеңейтiлген мәжiлiсiнде қабылданған шешiмдерiн жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1027 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 260-құжат) 11-тармағы алынып тасталсын.

      6. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрi



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 22 желтоқсандағы
N 1813 қаулысымен
бекiтiлген

Кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне
(қатысушыларына) жер учаскесiн берудiң
ТӘРТIБI

      1. Кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) жер учаскесiн берудiң осы Тәртiбi (бұдан әрi - Тәртiп) тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайлардың меншiк иелерiне, кондоминиумның тиiстi объектiсiнiң басқа да қатысушыларына олардың жер учаскесiне құқықтары айқындалған жағдайларда жер учаскесiн беруге байланысты қатынастарды реттейдi.

      Кондоминиумның жаңа объектiлерiн салуға жер учаскелерiн беру Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 20 маусымдағы N 760 қаулысымен бекiтiлген Жер учаскелерiне жеке меншiк құқығын және жер пайдалану құқығын беру тәртiбi туралы ережеде белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады. K030442

      2. "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңына сәйкес үй-жайлардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiң бөлек (дара) меншiгiнде болатын, ал ортақ мүлiк оларға ортақ үлестiк меншiк құқығында тиесiлi болатын бiрыңғай мүлiктiк кешен (кондоминиум объектiсi) ретiндегi жылжымайтын мүлiкке деген ерекше меншiк нысаны кондоминиум болып табылады.

      Кондоминиум объектiсiнiң ажырамас бөлiгi кондоминиумның барлық қатысушыларына ортақ үлестiк меншiкке (ортақ жер пайдалануға) берiлетiн және үйдi, құрылысты және ғимаратты орналастыру, ұстау және пайдалану үшiн қажеттi бiрыңғай және бөлiнбейтiн жер учаскесi болып табылады. Тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайлардың меншiк иелерiнiң бiрiне немесе кондоминиумның өзге бiр қатысушысына кондоминиум объектiсiнiң құрамына кiретiн бөлiнбейтiн жер учаскесiнiң бiр бөлiгiне жеке меншiк құқығын (жер пайдалану құқығын) беруге жол берiлмейдi.

      Кондоминиум объектiсiнiң тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайларды жеке меншiк құқығында шаруашылық жүргiзу құқығында, жедел басқару құқығында немесе өзге заттық құқықта тиесiлi болатын жеке және заңды тұлғалар кондоминиум қатысушылары болып табылады.

      Кондоминиум объектiсiнiң тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайларды жеке меншiк құқығында тиесiлi болатын кондоминиум қатысушылары жер учаскелерiне ортақ үлестiк меншiк құқығын алады. Кондоминиум объектiсi үй-жайларының меншiк иелерi болып табылмайтын, кондоминиум қатысушылары жер учаскелерiне ортақ үлестiк тұрақты жер пайдалану құқығын алады.

      3. Жұмыс iстеп тұрған кондоминиум объектiсi үшiн көркейту элементтерiн қоса алғанда, жер учаскесiнiң мөлшерi нақты қалыптасқан құрылыс салу мен қала құрылысы және елдi мекеннiң аумақтық дамуының өзге де құжаттамасында белгiленген талаптарды есепке ала отырып айқындалады.

      4. Кондоминиум қатысушыларына берiлетiн жер учаскесiнiң шекаралары көше жағынан қызыл сызық бойымен, тiгiнен алғанда iшкi жағынан - жүретiн жол осьтерiнiң бойымен iргелес жер учаскелерiнiң шекарасы бойынша белгiленуi мүмкiн. Жер учаскесiнiң шекарасына, әдетте, кондоминиум объектiсiнiң мүлiктiк кешенiнiң құрамына кiретiн объектiлер қоғамдық мақсаттағы объектiлерге барудың қамтамасыз етiлуiн ескере отырып енгiзiледi. Кондоминиум объектiсiнiң жер учаскесiнiң шекарасы iргелес жер пайдаланушылардың мүдделерiн ескере отырып белгiленедi.

      5. Бiрнеше кондоминиумның ортақ пайдалануындағы объектiлер (балалардың ойын алаңдары, шаруашылық-тұрмыстық алаңдар, жасыл екпелер, демалысқа арналған алаңшалар, автотұрақтар, инженерлiк жүйелер мен коммуникациялар құрылғылары және басқа да объектiлер) орналасқан жерлердiң құқықтық жағдайы мұндай жерлер мүдделi кондоминиумдардың қатысушыларына ортақ үлестiк меншiк (ортақ жер пайдалану) құқығымен берiлген не ортақ жер пайдаланудың және (немесе) сервитуттың заңдарда көзделген өзге нысандарын берген кезде айқындалады.

      Үлес мөлшерi, егер меншiк иелерiнiң келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, бөлек (дара) меншiктегi тұрғын үй-жайлардың пайдалы алаңының немесе тұрғын емес үй-жайлар алаңының мүдделi кондоминиумдар тобына кiретiн барлық үйлердiң жалпы алаңына қатынасы арқылы айқындалады. Мұндай үлес зат түрiнде бөлiнбейдi.

      6. Кондоминиум қатысушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарына жер учаскелерiн беру кондоминиум объектiсiнiң тұрғын емес үй-жайларының меншiк иелерi болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарынан басқаларына тегiн берiледi.

      7. Құрамына жер учаскесi кiретiн ортақ мүлiктегi үй-жайлардың әрбiр меншiк иесiнiң үлесi оған тиесiлi үй-жайға бөлек (дара) меншiктен ажырамайды. Үлес мөлшерi, егер меншiк иелерiнiң келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, бөлек (дара) меншiктегi тұрғын үйлердiң пайдалы алаңының немесе тұрғын емес үй-жайлар алаңының барлық үйдiң жалпы алаңына қатынасы арқылы айқындалады. Мұндай үлес зат түрiнде бөлiнбейдi.

      8. Кондоминиум қатысушыларының жер учаскесiне деген ортақ меншiк құқығы (ортақ жер пайдалану құқығы) жылжымайтын мүлiкке деген құқықтарды мемлекеттiк тiркеу туралы заңнамада көзделген тәртiппен тiркелуге тиiс.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011.07.18 № 820 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      9. Кондоминиум қатысушыларының ортақ меншiгiндегi (ортақ жер пайдалануындағы) жер учаскесiне деген құқықты сату, сондай-ақ жерге ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен және шарттар бойынша жүзеге асырылады.

     

II. Кондоминиум қатысушыларына жер учаскелерiн беру

      10. Кондоминиумдардың тиiстi объектiлерiнiң қатысушыларына жер учаскелерiне деген тиiстi құқықты ресiмдеу үшiн жергiлiктi атқарушы орган арнайы комиссия құрады, оның құрамына жер ресурстарын басқару жөнiндегi органның, жергiлiктi сәулет және қала құрылысы қызметiнiң және басқа да құзыреттi органдардың мамандары, сондай-ақ пәтер меншiк иелерi кооперативтерiнiң өкiлдерi кiредi.

      11. Комиссия әрбiр есепке алынған квартал бойынша техникалық түгендеу деректерiн, жобалау-жоспарлау және қала құрылысы құжаттамасын, инженерлiк-көлiктiк инфрақұрылым жоспарларын, бұрын жүргiзiлген, жер бөлу бойынша құжаттарды жинап, осы материалдардың негiзiнде жұмыс iстеп тұрған кондоминиум объектiлерiнiң жер учаскелерi шекараларының жобалық жоспарлары және осы жер учаскелерiн бөлу жөнiндегi шаралардың жұмысты орындаушылар, қаржыландыру көздерi мен жұмыстарды орындау мерзiмдерi белгiленген жоспарын жасайды.

      Жұмыс iстеп тұрған кондоминиум объектiлерi үшiн жер бөлу жөнiндегi шаралар жоспары жергiлiктi атқарушы органның қарауына ұсынылады.

      Жер учаскелерi шекараларының жобалық жоспарларын жергiлiктi атқарушы орган белгiленген тәртiппен бекiтуге тиiс. Жер учаскелерi шекараларының жобалық жоспарларын жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органдар және жергiлiктi сәулет және қала құрылысы қызметi жергiлiктi атқарушы органның кондоминиум қатысушыларына жер учаскелерiн беру туралы шешiмнiң жобасын әзiрлеу кезiнде алдын ала техникалық негiздеме ретiнде пайдаланылады.

      Жер учаскелерiнiң шекаралық жобалық жоспарлары кондоминиум объектiлерiне бекiтiлетiн жер учаскелерiнiң шекараларын және оларға тиiстi кадастр нөмiрлерiн түсiруге мүмкiндiк беретiн масштабта орындалуға тиiс.

      12. Жергiлiктi атқарушы органның кондоминиум қатысушыларына жер учаскесiн беру туралы шешiмi кондоминиум объектiсi үй-жайларының меншiк иелерiнiң немесе олар уәкiлеттiк берген адамдардың өтiнiштерiнiң негiзiнде қабылданады. Өтiнiште кондоминиум объектiсiн қысқаша бiрдейлендiру сипаттамасы (кондоминиум объектiсiнiң атауы, почталық мекен-жайы, кондоминиум қатысушыларын бөлек (дара) меншiгiндегi тұрғын және тұрғын емес үй-жайлардың саны, қабаттылығы, үйдiң, құрылыстық және ғимараттың жалпы алаңы), уәкiлеттi адамның деректемесi және басқа да қажеттi мәлiметтер көрсетiледi. Өтiнiшке тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншiк иелерiнiң, кондоминиумның басқа қатысушыларының қайталама объектiге деген құқығының санаты көрсетiлген тiзiмi қоса берiледi.

      13. Жергiлiктi атқарушы органның кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) жер учаскесiн беру туралы шешiмiнiң жобасын әзiрлеудi жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық орган белгiленген тәртiппен екi апта мерзiм iшiнде жергiлiктi атқарушы органның тапсырмасы бойынша жүзеге асырады. Жергiлiктi атқарушы органның жер учаскесiн беру туралы шешiмiнiң жобасы жергiлiктi сәулет және қала құрылысы қызметiмен және басқа да мүдделi ұйымдармен келiсiледi.

      14. Жергiлiктi атқарушы орган шаралар жоспарын бекiткеннен кейiн жер ресурстарын басқару жөнiндегi атқарушы орган жергiлiктi сәулет және қала құрылысы қызметiмен бiрлесе отырып кондоминиум үй-жайларының меншiк иелерiне (қатысушыларына) жер учаскесiн беру жөнiндегi жерге орналастыру жобасын әзiрлеудi қамтамасыз етедi.

      15. Жер учаскесiне деген құқықты беру туралы жерге орналастыру жобасы тиiсiнше кондоминиум қатысушыларымен немесе олар уәкiлеттiк берген өкiлдiң, жергiлiктi сәулет және қала құрылысы қызметiмен, сондай-ақ iргелес жер учаскелерiнiң меншiк иелерiмен (жер пайдаланушылармен) келiсiледi және жергiлiктi атқарушы органның жер учаскесiне берген тиiстi құқықты беру туралы шешiмiнiң жобасын әзiрлеу үшiн жер ресурстарын басқару жөнiндегi жергiлiктi атқарушы органға ұсынылады.

      16. Жергiлiктi атқарушы органның кондоминиум қатысушыларына жер учаскесiне деген құқықты беру туралы шешiмiнiң жобасы мыналарды қамтуға тиiс:

      кондоминиум объектiсiнiң атауы мен почталық мекен-жайы (орналасқан жерi);

      жер учаскесiне деген құқықтың түрi және ортақ меншiктiң (ортақ жер пайдаланудың) нысаны;

      жер учаскесiнiң ауданы, санаты және мақсаттық арналуы;

      сервитуттар және жергiлiктi атқарушы орган белгiлейтiн басқа да жүктемелер туралы мәлiметтер;

      жер учаскесiн ұстау мен пайдаланудың белгiлi бiр елдi мекеннiң аумағын ұстаудың жалпы талаптарынан туындайтын шарттары;

      жер учаскесi берiлетiн тұрғын және (немесе) тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншiк иелерiнiң, кондоминиумның басқа қатысушыларының оларға берiлетiн жер құқығының түрi көрсетiлген тiзiмi.

      17. Кондоминиум объектiсiнiң жер учаскесiнiң шекараларын заттық түрге айналдыру қажет болған жағдайда кондоминиум объектiлерi үй-жайларының меншiк иелерiнiң (қатысушыларының) не олар уәкiлеттiк берген адамдардың өтiнiшi бойынша заңдарда белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырылады.

     

III. Жер учаскесiне арналған құжаттарды беру

      18. Жергiлiктi атқарушы органның кондоминиум қатысушыларына жер учаскесiн беру туралы құқық орнатушы құжаты олар уәкiлеттiк берген адамдарға сақтауға белгiленген тәртiппен берiледi.

      Кондоминиумның жер учаскесiнiң бiрдейлендiру сипаттамасын белгiлейтiн, оның кадастр нөмiрi көрсетiлген құжатты жер ресурстарын басқару жөнiндегi аумақтық органдар кондоминиумның уәкiлеттiк берiлген адамына белгiлi бiр жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжатпен бiр уақытта бередi.

Об утверждении Порядка предоставления земельного участка собственникам помещений (участникам) кондоминиума

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 декабря 1997 года № 1813.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый Порядок предоставления земельного участка собственникам помещений (участникам) кондоминиума.

      2. Установить, что финансирование за счет бюджетных ассигнований осуществляется лишь при выполнении землеустроительных и иных работ, проводимых по решению исполнительных органов, землеустроительные и иные работы по заявкам частных собственников земельных участков и землепользователей производится за счет их средств.

      3. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан, акимам областей и города Алматы в месячный срок привести ведомственные нормативные акты в соответствие с настоящим постановлением.

      Министерству юстиции Республики Казахстан в установленном порядке внести предложения о приведении ранее принятых решений Правительства Республики Казахстан в соответствие с настоящим постановлением.

      4. Акимам областей и города Алматы:

      в месячный срок принять меры по устранению допущенных нарушений законодательства при предоставлении земельных участков кооперативам собственников квартир, юридическим и физическим лицам - собственникам помещений в многоквартирных домах, являющихся объектами кондоминиумов;

      в трехмесячный срок с участием кооперативов собственников квартир организовать работу и принять меры по определению границ земельных участков и оформлению прав на земельные участки, предоставляемые собственникам помещений (участникам) кондоминиума;

      обеспечить контроль за соблюдением установленного порядка предоставления земельного участка собственникам помещений (участникам) кондоминиума.

      5. Пункт 11 постановления Правительства Республики Казахстан от 27 июня 1997 г. N 1027 "О реализации решений, принятых на расширенном заседании Правительства Республики Казахстан 13 июня 1997 года" (САПП Республики Казахстан, 1997 г., N 29, ст. 260) исключить.

      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан



  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 22 декабря 1997 года N 1813

ПОРЯДОК
ПРЕДОСТАВЛЕНИЯ ЗЕМЕЛЬНОГО УЧАСТКА СОБСТВЕННИКАМ
ПОМЕЩЕНИЙ (УЧАСТНИКАМ) КОНДОМИНИУМА

      I. ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ

      1. Настоящий Порядок предоставления земельного участка собственникам помещений (участникам) кондоминиума (далее - Порядок) регламентирует отношения, связанные с предоставлением земельного участка собственникам жилых и (или) нежилых помещений, другим участникам существующего объекта кондоминиума в тех случаях, когда их права на земельный участок не определены.

      Предоставление земельного участка под строительство нового объекта кондоминиума осуществляется в порядке, установленном Положением о порядке предоставления права частной собственности на земельные участки и права землепользования, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 20 июня 1996 г. N 760. K030442

      2. В соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" кондоминиумом является особая форма собственности на недвижимость как единый имущественный комплекс (объект кондоминиума), при которой помещения находятся в раздельной (индивидуальной) собственности граждан, юридических лиц, государства, а общее имущество принадлежит им на праве общей долевой собственности.

      Неотъемлемой частью объекта кондоминиума является единый и неделимый земельный участок, предоставляемый в общую долевую собственность (общее землепользование) всем участникам кондоминиума и необходимый для размещения, содержания и эксплуатации здания, строения и сооружения. Не допускается предоставление права частной собственности (права землепользования) одному из собственников жилых и (или) нежилых помещений или иному участнику кондоминиума на часть неделимого земельного участка, входящего в состав объекта кондоминиума.

      Участниками кондоминиума признаются физические и юридические лица, которым жилые и (или) нежилые помещения объекта кондоминиума принадлежат на праве частной собственности, праве хозяйственного ведения, праве оперативного управления или ином вещном праве.

      Участники кондоминиума, которым жилые и (или) нежилые помещения объекта кондоминиума принадлежат на праве частной собственности, приобретают на земельные участки право общей долевой собственности. Участники кондоминиума, не являющиеся собственниками помещений объекта кондоминиума, приобретают на земельные участки право общего долевого постоянного землепользования.

      3. Размер земельного участка, включая элементы благоустройства, для существующего объекта кондоминиума определяется с учетом фактически сложившейся застройки и требований, установленных градостроительной и иной документацией территориального развития населенного пункта.

      4. Границы земельного участка, предоставляемого участникам кондоминиума, могут быть установлены со стороны улицы по красной линии, с внутриквартальной стороны - по осям проездов либо по границе смежных земельных участков. В границы земельного участка, как правило, включаются объекты, входящие в состав имущественного комплекса объекта кондоминиума с учетом обеспечения доступа к объектам общественного назначения. Границы земельного участка объекта кондоминиума определяются с учетом интересов смежных землепользователей.

      5. Правовое положение земель, на которых расположены объекты, находящиеся в общем пользовании нескольких кондоминиумов (детские игровые площадки, хозяйственно-бытовые площадки, зеленые насаждения, площадки для отдыха, автостоянки, сооружения инженерных сетей и коммуникаций и другие объекты), определяется при предоставлении таких земель участникам заинтересованных кондоминиумов на праве общей долевой собственности (общего землепользования) либо предоставления иных, предусмотренных законодательством форм общего землепользования и (или) сервитута .

      Размер доли, если иное не предусмотрено соглашением собственников, определяется отношением полезной площади жилых помещений или площади нежилых помещений, находящихся в раздельной (индивидуальной) собственности, к общей площади всех домов, входящих в группу заинтересованных кондоминиумов. Такая доля не может быть выделена в натуре.

      6. Предоставление земельного участка гражданам Республики Казахстан - участникам кондоминиума осуществляется на безвозмездной основе, за исключением граждан Республики Казахстан, являющихся собственниками нежилых помещений объекта кондоминиума.

      7. Доля каждого собственника помещений в общем имуществе, включающем земельный участок, неотделима от раздельной (индивидуальной) собственности на принадлежащее ему помещение. Размер доли, если иное не предусмотрено соглашением собственников, определяется отношением полезной площади жилых помещений или площади нежилых помещений, находящихся в раздельной (индивидуальной) собственности, к общей площади всего дома. Такая доля не может быть выделена в натуре.

      8. Право общей собственности участников кондоминиума на земельный участок (право общего землепользования) подлежит регистрации в порядке, предусмотренном законодательством о государственной регистрации прав на недвижимое имущество.

      Сноска. Пункт 8 в редакции постановления Правительства РК от 18.07.2011 № 820 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      9. Реализация права на земельный участок, находящийся в общей собственности участников кондоминиума (общем землепользовании), а также плата за землю осуществляются в порядке и на условиях, предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

     

      II. ПРЕДОСТАВЛЕНИЕ ЗЕМЕЛЬНОГО УЧАСТКА

      УЧАСТНИКАМ КОНДОМИНИУМА

     

      10. Для оформления соответствующего права на земельные участки участникам существующих объектов кондоминиумов местный исполнительный орган создает специальную комиссию, в состав которой включаются специалисты органа по управлению земельными ресурсами, местной службы архитектуры и градостроительства и других компетентных органов, а также представители кооперативов собственников квартир.

      11. Комиссией по каждому учетному кварталу производится сбор данных технической инвентаризации, проектно-планировочной и градостроительной документации, планов инженерно-транспортной инфраструктуры, документов по ранее произведенным отводам земель и на основании этих материалов готовятся проектные планы границ земельных участков существующих объектов кондоминиумов и план мероприятий по отводу этих земельных участков, в котором определяются исполнители работ, источники финансирования и сроки выполнения работ.

      План мероприятий по отводу земель для существующих объектов кондоминиумов представляется на рассмотрение местного исполнительного органа.

      Проектные планы границ земельных участков подлежат утверждению местным исполнительным органом в установленном порядке. Проектные планы границ земельных участков используются территориальными органами по управлению земельными ресурсами и местной службой архитектуры и градостроительства в качестве предварительных технических обоснований при подготовке проекта решения местного исполнительного органа о предоставлении земельного участка участникам кондоминиума.

      Проектные планы границ земельных участков должны выполняться в масштабе, обеспечивающем возможность нанесения границ земельных участков, закрепляемых за объектами кондоминиумов, и соответствующих им кадастровых номеров.

      12. Решение местного исполнительного органа о предоставлении земельного участка участникам кондоминиума принимается на основании заявления собственников помещений объекта кондоминиума или уполномоченных ими лиц. В заявлении указываются краткая идентификационная характеристика объекта кондоминиума (наименование объекта кондоминиума, почтовый адрес, количество жилых и нежилых помещений, находящихся в раздельной (индивидуальной) собственности участников кондоминиума, этажность, общая площадь здания, строения и сооружения), реквизиты уполномоченного лица и другие необходимые сведения. К заявлению прилагается список всех собственников жилых и (или) нежилых помещений, других участников кондоминиума с указанием категории права на вторичный объект.

      13. Подготовка проекта решения местного исполнительного органа о предоставлении земельного участка собственникам помещений (участникам) кондоминиума осуществляется в установленном порядке территориальным органом по управлению земельными ресурсами в двухнедельный срок по поручению местного исполнительного органа. Проект решения местного исполнительного органа о предоставлении земельного участка согласовывается с местной службой архитектуры и градостроительства и другими заинтересованными организациями.

      14. После утверждения местным исполнительным органом плана мероприятий исполнительный орган по управлению земельными ресурсами совместно с местной службой архитектуры и градостроительства обеспечивает разработку землеустроительного проекта по предоставлению земельного участка собственникам помещений (участникам) кондоминиума.

      15. Землеустроительный проект о предоставлении права на земельный участок согласовывается соответственно с участниками кондоминиума или с уполномоченным ими представителем, местной службой архитектуры и градостроительства, а также с собственниками смежных земельных участков (землепользователями) и представляется в местный исполнительный орган по управлению земельными ресурсами для подготовки проекта решения местного исполнительного органа о предоставлении соответствующего права на земельный участок.

      16. Проект решения местного исполнительного органа о предоставлении права на земельный участок участникам кондоминиума должен содержать:

      наименование и почтовый адрес (местонахождение) объекта кондоминиума;

      вид права и форму общей собственности (общего землепользования) на земельный участок;

      площадь, категорию и целевое назначение земельного участка;

      сведения о сервитутах и других обременениях, устанавливаемых местным исполнительным органом;

      условия содержания и эксплуатации земельного участка, вытекающие из общих требований содержания территории данного населенного пункта;

      список всех собственников жилых и (или) нежилых помещений, других участников кондоминиума, которым предоставляется земельный участок, с указанием вида предоставляемого им права на землю.

      17. Перенесение границ земельного участка объекта кондоминиума в натуру осуществляется, при необходимости, по заявлению собственников помещений (участников) объекта кондоминиума либо уполномоченного ими лица в порядке, определенном законодательством.

     

      III. ВЫДАЧА ДОКУМЕНТОВ НА ЗЕМЕЛЬНЫЙ УЧАСТОК

     

      18. Правоустанавливающий документ местного исполнительного органа о предоставлении земельного участка участникам кондоминиума выдается на хранение в установленном порядке уполномоченному ими лицу.

      Документ, устанавливающий идентификационные характеристики земельного участка кондоминиума с указанием его кадастрового номера, выдается территориальными органами по управлению земельными ресурсами уполномоченному лицу кондоминиума одновременно с выдачей правоустанавливающего документа на данный земельный участок.