Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 13 маусымдағы кеңейтiлген отырысында қабылданған шешiмдердi жүзеге асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1027

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 13 маусымдағы облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен кеңейтiлген отырысының шешiмдерiн жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi мен Қаржы министрлiгi Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорының қызметiн қамтамасыз ету жөнiнде жеткiлiктi ұйымдастыру-қаржылық шаралар қабылдасын. Ай сайын, әр айдың 10 күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қорының жұмыс iстеуi туралы ақпарат ұсынсын.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 1997 жылдың 15 тамызына дейiн мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне Мемлекеттiк жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры қаражатының есебiнен (бiрiншi транш) жұмыссыздар үшiн жұмыс орындарын ашу жөнiнде заңды және жеке тұлғаларды несиелендiру туралы есеп ұсынсын.
      3. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi белгiленген кестеге сәйкес жалақы және Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорына жарналар бойынша берешектердiң өтелуiне бақылауды күшейтсiн, бюджеттiк мекемелердiң желiлерiн, құрылымдарын және контингентiн, астық сатуды оңтайландыру жөнiндегi мiндеттi төлемдердi төлеу, кiрiстердi жергiлiктi бюджетке жұмылдыру шотына түскен қолда бар резервтердi барынша iске қоссын.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi ай сайын, есептiден кейiнгi айдың 7-күнiне Қазақстан Республикасының Үкiметiне жалақы және Мiндеттi сақтандыру қорына жарналар бойынша берешектер туралы ақпарат ұсынсын.
      4. Облыстардың әкiмдерi, министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1997 жылғы 18 сәуiрдегi N 106 өкiмiмен R970106_ бекiтiлген шараларды орындау жөнiнде шаралар қабылдасын және ай сайын, есептiден кейiнгi айдың 5-күнiне дейiн осы мәселе жөнiнде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң Кеңсесi мен Қаржы министрлiгiне ақпарат ұсынсын.
      5. Облыстардың әкiмдерi жалақы мен зейнетақыларды төлеуге арналған қаражаттарды мақсатсыз пайдаланудағы кiнәлi лауазымды адамдардың жауаптылығын қарасын және қараудың нәтижелерi бойынша 1997 жылдың 1 тамызына дейiн мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат ұсынсын.
      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi мен Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 1997 жылдың 1 шiлдесiне дейiн мерзiмде төлемшiлердi есепке алу және Зейнетақы қорына қаражаттардың түсуi жөнiндегi барлық ақпараттарды қабылдап алуды-берудi, сондай-ақ тиiстi ақпараттық база құруды аяқтасын. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi мен Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi 1997 жылдың 15 шiлдесiне дейiн мерзiмде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне осы мәселе жөнiнде ақпарат ұсынсын.
      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi 1997 жылдың 15 шiлдесiне дейiн барлық әлеуметтiк сақтандыру қорына жарна төлеушiлердi тiркесiн және 1997 жылдың 20 шiлдесiне дейiн мерзiмде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесiне ақпарат ұсынсын.
      8. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Ұлттық статистика агенттiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару және Жекешелендiру жөнiндегi департаменттерiмен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде мемлекеттiк мүлiктi жалға, арендаға, сырттай және сенiп басқаруға беруге, сондай-ақ мемлекеттiк меншiктегi объектiлердi жекешелендiруге байланысты жасалған келiсiм-шарттардың, шарттардың және келiсiмдердiң талаптарының орындалуына бақылау жасау жөнiндегi статистикалық есептiлiктiң нысандарын әзiрлесiн және бекiтсiн.
      9. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi олардың меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы қуаты 50 МВт электр станциялары мен электр желiлерiнiң күзгi-қысқы барынша салмақ түсетiн жұмысқа дайындығының барысына қатаң бақылау орнатсын және ай сайын, 15-iнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне баяндасын.
      10. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн, белгiленген тарифтiк ставкалар бойынша жалға беру шартымен тұтыну кооперативтерiнiң қызметкерлерiн орналастыру үшiн үй-жайлар бөлу бөлiгiнде, орындау жөнiнде қосымша шаралар қабылдасын; <*>

     1997 жылдың 1 шiлдесiне дейiн мерзiмде аумақтық монополияға
қарсы органдармен бiрлесiп тұрғын үй-коммуналдық салада
монополиясыздандыруды аяқтасын және Қазақстан Республикасының
Экономика және сауда министрлiгiне есептер ұсынсын.
     ЕСКЕРТУ. 10-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 
              1997.08.08. N 1241 қаулысымен.  

P971241_

 
     11.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 11-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.12.22. N 1813
              қаулысымен.  

P971813_

 

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады