"Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiр жолғы төлем туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 3636 U973636_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының 1997 жылға арналған нақтыланған бюджетiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 2 шiлдедегi N 1048 P971048_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн":
6-тармақтың төртiншi абзацы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:
"7. Зейнетақы қорының орталықтандырылған қаражатының есебiнен
қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына,
асырап алушыларына, қамқоршыларына бiр жолғы төлемге 170 млн. теңге
көзделсiн";
7-10-тармақтар тиiсiнше 8-11-тармақтар болып есептелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi