Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының 1997 жылға арналған нақтыланған бюджетiн бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 2 шiлдедегi N 1048

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының 1997 жылға арналған нақтыланған бюджетi (қоса берiлiп отыр):
      кiрiсi бойынша 152236,4 млн. теңге сомасында:
      шығысы бойынша 152236,4 млн. теңге сомасында бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры бюджетiнiң кiрiсi мыналардың есебiнен құралатын болып белгiленсiн:
      меншiк нысанына және қызмет түрiне қарамастан жұмыс берушiлердiң, кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын азаматтардың, сақтандыру жарналарының;
      жұмыс берушiлердiң мерзiмiнен бұрын тағайындалатын зейнетақыларға байланысты және жеңiлдiктi зейнетақымен қамтамасыз ету мақсатына аударатын қаражатының;
      жұмыс берушiлер мен азаматтардан керi талап ету тәртiбiмен өндiрiлiп алынатын қаражаттың;
      жарна төлеушiлердiң сақтандыру жарнасы бойынша өтеуге тиiстi берешегi жөнiндегi қаражатының, оның iшiнде:
      1997 жылдың 1 қаңтарына өткен жылдан ауысқан ақша қаражатының қалдықтарының;
      Қазақстан Республикасы Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнен алынған несиелердiң есебiнен қалыптасады деп белгiленсiн.
      3. Республикалық бюджеттен 36000 млн. теңге сомасында алынған трансферттер зейнетақы төлеу жөнiндегi берешектердi өтеу үшiн жұмсалсын.
      4. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорынан қаражаттар:
      "Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетiн зейнетақыларға;
      зейнетақыларды төлеу және жеткiзiп беру жөнiндегi қызметтерге жұмсалатын шығыстарға;
      шетелге тұрақты тұруға кеткен азаматтарға еңбек жарақаты немесе кәсiби ауруы салдарынан тағайындалатын зейнетақыларды төлеуге;
      жерлеуге берiлген жәрдемақыны төлеуге;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға жеңiлдiктер беру және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2247 Заң күшi бар Жарлығына U952247_ сәйкес Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне жыл сайын жәрдемақы төлеуге;
      Қазақстан Республикасының Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнен алынған несие сомаларын қайтаруға бағытталсын.
      5. Облыстар мен Алматы қаласының зейнетақы қорларының бюджеттерiнде түсетiн сақтандыру жарналарының бiр бөлiгiн (30 процент мөлшерiнде) "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының есептерi бойынша елеулi кемшiлiктер және қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 5 қазандағы N 1306 P951306_ қаулысына және оған енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес Қазақстан Республикасының орталықтандырылған шотына аудару көзделсiн.
      6. Төменде аталған облыстардың әкiмдерi облыстар мен Алматы қаласының Зейнетақы қорларының бюджеттерiнде аударымдарды көздесiн және белгiленген аударымнан тыс аударымдарды Зейнетақы қорының орталықтандырылған шотына ай сайын бiрдей үлесте аударып тұруды қамтамасыз етсiн:
      Атырау облысы бойынша - 2407,13 млн. теңге;
      Маңғыстау облысы бойынша - 1171,51 млн. теңге;
 
            Алматы қаласы бойынша - 1693,62 млн. теңге.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.12.30. N 1868
               қаулысымен P971868_ .
 
      7. Зейнетақы қорының орталықтандырылған қаражатының есебiнен қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiр жолғы төлеуге 170 млн. теңге көзделсiн.
      ЕСКЕРТУ. 7-шi жаңа тармақпен толықтырылды, 7-10-тармақтар
               тиiсiнше 8-11-тармақтар болып саналды - ҚРҮ-нiң
               1997.12.30. N 1868 қаулысымен P971868_ .
      8. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң Статистика жөнiндегi ұлттық агенттiгi, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Қаржы министрлiгi кәсiпорындардың сақтандыру жарналары бойынша берешектерiн есепке алу жөнiндегi есеп берудi ретке келтiру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
      9. Сақтандыру жарналары Зейнетақы қорына түспей қалған жағдайда Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне Қазақстанның акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнен зейнетақы төлеу үшiн Зейнетақы қорының жылдық кiрiс сомасынан 1,97 проценттен аспайтын несиелiк ресурстарды ала тұруына рұқсат етiлсiн.
      10. Зейнетақы қорының 1997 жылға арналған бюджетiнiң атқарылуына бақылау жасау Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрi Н.А.Коржоваға, Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң төрағасы М.Т.Есенбаевқа және облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiне

 

жүктелсiн.

     Зейнетақы төлеу бойынша берешектердi төлеу үшiн жауапкершiлiк

төлеу жөнiндегi агентке - Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ

банкiне жүктелсiн.

     11."Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының 1997 жылға арналған

бюджетiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы

3 ақпандағы N 143 


P970143_


  қаулысының күшi жойылған деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 2 шiлдедегi

                                         N 1048 қаулысымен

                                            бекiтiлген


         Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылға арналған

                 Зейнетақы қорының нақтыланған бюджетi


                                                  (млн. теңге)

            Кiрiс                        Зейнетақы    Зейнетақы

                                          қорының      қорының

                                        бекiтiлген   нақтыланған

                                          бюджетi      бюджетi


1. Меншiк нысанына және қызмет түрiне     102265,8     97064,3

қарамастан жұмыс берушiлердiң,

кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын

азаматтардың сақтандыру жарнасын

аударуы


2. Жұмыс берушiлердiң мерзiмiнен бұрын    210,0        210,0

тағайындалатын зейнетақыға байланысты

және жеңiлдiктi зейнетақымен қамтамасыз

ету мақсатына аударатын қаражаты


3. Жұмыс берушiлер мен азаматтардан       13,0         13,0

керi талап ету тәртiбiмен өндiрiлiп

алынатын қаражаты


4. Сақтандыру жарнасы бойынша берешектi,  62936,7      8026,5

өтеу шотына төлеушiлерден және 1996

жылы балалы отбасыларына төленген

жәрдемақыға шыққан шығысты өтеу шотының

Зейнетақы қорына бюджеттен түсетiн

қаржылар

     оның iшiнде:

     а) сақтандыру жарнасы бойынша        60361,5      2791,0*

     б) балалы отбасыларына төленетiн     2575,2       5235,5

        жәрдемақы бойынша


     Ескерту:


Зейнетақы қорына төленетiн сақтандыру жарнасы

                  бойынша берешек 1997 жылдың 1 қаңтарына баланс

                  бойынша 60,4 млрд. теңге.


5. 1997 жылдың 1 қаңтарына қарай ақша     1016,1       519.2

қаражатының ауыспалы қалдығы


6. Қазақстанның Халықтық Банкiнен алынған 8000,0       10403,4

несиелер


7. Республикалық бюджеттен алынған                     36000,0

трансферттер


Кiрiс жиыны                               174441,6     152236,4


           Шығыстар


1. "Қазақстан Республикасында азаматтарды 116873,5     105423,0

зейнетақымен қамсыздандыру туралы"

Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

төленетiн зейнетақылар

     оның iшiнде:

     еңбек зейнетақысы                    114228,2     102769,1

     әлеуметтiк зейнетақы                   2237,2       2245,8

     мерзiмдi қызметтiң әскери

     қызметшiлерi

     қатарындағы мүгедектерге төленетiн

     зейнетақы                               408,1        408,1


2. Зейнетақы төлеу жөнiндегi берешектi    31583,0      30700,0

өтеу


3. Зейнетақы төлеу және оны жеткiзiп беру   890,7       816,7

қызметiне жұмсалатын шығыстар


4. Шетелге тұрақты тұруға кеткен          39,0           39,0

азаматтарға еңбек жарақатына немесе

кәсiби ауруы салдарынан тағайындалатын

зейнетақыны төлеу


5. Жерлеуге берiлетiн жәрдемақыны төлеу   853,0         853,0


6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң   233,0         233,0

1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2247 Заң күшi

бар Жарлығына сәйкес Ұлы Отан соғысының

мүгедектерi мен қатысушылары әлеуметтiк

және өзге де төлемдердi есептеу үшiн

есептi көрсеткiштiң төрт есе мөлшерiнде

жылына бiр рет берiлетiн жәрдемақыны

төлеу


7. Қазақстанның Халықтық Банкiнен         12081,6      14171,7

алынған несие сомасын қайтару


     Шығыстардың жиынтығы:               174441,6     152236,4

     Кiрiстердiң шығыстардан асуы:





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады