Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 2 шiлдедегi N 1048 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 1868

      "Қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына, асырап алушыларына, қамқоршыларына бiр жолғы төлем туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 16 қыркүйектегi N 3636 U973636_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының 1997 жылға арналған нақтыланған бюджетiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 2 шiлдедегi N 1048 P971048_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн":

 

     6-тармақтың төртiншi абзацы алып тасталсын;

     мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

     "7. Зейнетақы қорының орталықтандырылған қаражатының есебiнен

қаза тапқан, қайтыс болған әскери қызметшiлердiң ата-аналарына,

асырап алушыларына, қамқоршыларына бiр жолғы төлемге 170 млн. теңге

көзделсiн";

     7-10-тармақтар тиiсiнше 8-11-тармақтар болып есептелсiн.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады