Уран өнiмiнiң экспортын реттеудiң кейбiр мәселелерi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 24 ақпандағы N 130

      "Уран мен оның қосылыстарының, атом энергетикасы станцияларына арналған ядролық отынның, арнаулы жабдықтар мен технологиялардың, қос мақсатта қолданылатын материалдардың экспорты мен импорты жөнiндегi Ұлттық оператор туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 26 қарашадағы N 1659 P971659_ қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық компаниясы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау комитетiмен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментiмен бiрлесiп заңда белгiленген тәртiппен бiр ай iшiнде:
      "КАТЭП" АҚ-ның 1995-1997 жылдардағы кезеңде бұрын оның басқаруында болған мемлекеттiк кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдарға тиесiлi өнiмнiң есебiнен алған валюталық түсiмдерi бойынша бұрын жүргiзiлген өзара есеп айырысуларын тексерудi жүзеге асырсын және негiзсiз ұсталған сомалар анықталған жағдайда оларды қайтару жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын;
      "КАТЭП" АҚ-ның 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша активтерi мен пассивтерiн нақтыласын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi заңда белгiленген тәртiппен:
      "КАТЭП" акционерлiк компаниясы мен шетел фирмаларының арасында жасалған уран өнiмiнiң экспорты бойынша құқықтар мен мiндеттемелердi "КАТЭП" акционерлiк қоғамынан "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясына берудi қайта ресiмдеу жөнiнде;
      бiр ай мерзiмде атом энергетикалық станцияларын (АЭС) жобалау және құрылысын салу бойынша функцияларды, сондай-ақ радиоактивтiк қалдықтарды кәдеге жарату және көму (сақтау) республикалық жүйесiн құру жөнiндегi функцияларды "КАТЭП" акционерлiк қоғамынан "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясына беру жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кеден комитетi Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ банкiмен бiрлесiп заңда белгiленген тәртiппен уран өнiмiмен экспорттық операцияларға арналған мәмiлелер жасау паспортын "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясына қайта ресiмдесiн.
      4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "КАТЭП" атом энергетикасы және өнеркәсiбi жөнiндегi ұлттық акционерлiк компаниясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 31 тамыздағы N 752 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 34, 394-құжат);
      "Қазақстан Республикасының уран өнеркәсiбi мен атом

 

энергетикасын реформалауды тереңдету және оны одан әрi дамыту

жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996

жылғы 22 қарашадағы N 1430 


P961430_


  қаулысы 8-тармағының

екiншi- жетiншi абзацтары.



     ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың 3 абзацы өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1998.04.17.

              N 347 қаулысымен. 


P980347_




     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi






О некоторых вопросах регулирования экспорта урановой продукции

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 1998 г. № 130

      Во исполнение постановления Правительства Республики Казахстан от 26 ноября 1997 г. № 1659 P971659_ "Об утверждении Положения о национальном операторе по экспорту и импорту урана и его соединений, ядерного топлива для атомных энергетических станций, специального оборудования и технологий, материалов двойного применения" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Национальной атомной компании "Казатомпром" совместно с Комитетом финансового контроля Министерства финансов Республики Казахстан и Департаментом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке в течение месяца:
      осуществить проверку ранее проведенных взаиморасчетов по валютной выручке, полученной акционерным обществом "КАТЭП" за период 1995 - 1997 годы за счет экспорта продукции, принадлежащей государственным предприятиям и акционерным обществам, ранее находившимися под его управлением, и при выявлении необоснованно удержанных сумм принять необходимые меры по их возврату;
      уточнить активы и пассивы акционерного общества "КАТЭП" по состоянию на 1 января 1998 года.
      2. Министерству энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан в установленном законодательством порядке принять необходимые меры:
      по оформлению переуступки прав и обязательств, вытекающих из соглашений по экспорту урановой продукции, заключенных между акционерным обществом "КАТЭП" и иностранными фирмами, от акционерного общества "КАТЭП" Национальной атомной компании "Казатомпром";
      по передаче в месячный срок функций по проектированию и строительству атомных энергетических станций (АЭС), а также функций по созданию республиканских систем утилизации и захоронения,(хранения) радиоактивных отходов от акционерного общества "КАТЭП" Национальной атомной компании "Казатомпром".
      3. Таможенному комитету Министерства финансов Республики Казахстан совместно с Акционерным Народным Сберегательным Банком Казахстана в установленном законодательством порядке переоформить паспорта сделки на экспортные операции урановой продукции на Национальную атомную компанию "Казатомпром".
      4. Признать утратившими силу:
      постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 31 августа 1993 г. № 752 P930752_ "0 Национальной акционерной компании по атомной энергетике и промышленности "КАТЭП" (САПП Республики Казахстан, 1993 г., № 34, ст. 394);
      абзацы второй - седьмой пункта 8 постановления Правительства Республики Казахстан от 22 ноября 1996 г. № 1430 P961430_ "О мерах по углублению реформ и дальнейшему развитию урановой промышленности и атомной энергетики Республики Казахстан".
      Сноска. В пункт 4 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 17 апреля 1998 г. N 347 P980347_ .
 

     Премьер-Министр

  Республики Казахстан