Ұлттық қауiпсiздiк және iшкi iстер органдарының арнаулы шоттары туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 24 ақпан N 132. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.12.18. N 1298 қаулысымен. ~P981298

      "Қылмысқа қарсы күрес және құқық тәртiбiн нығайту жөнiндегi шұғыл шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 наурыздағы N 2127 K952127_ қаулысының 5-тармағын орындау үшiн және ұлттық қауiпсiздiк және iшкi iстер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту, сондай-ақ олардың қызметiн ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша ұлттық қауiпсiздiк және iшкi iстер органдарының арнаулы шоттарын ашсын.
      2. Арнаулы шоттардың қаражатын қалыптастыру көзi болып мемлекетке зиянды өтеу сомасының 50 процентi мөлшерiндегi аударым, соттың үкiмi бойынша мемлекеттiң меншiгiне қаратылған мүлiктi сатудан түскен қаражат, сондай-ақ соттың шешiмi бойынша сотталған адамдардан тәркiленген барлық көлiк құралдары, ұйымдастыру техникасы және байланыс құралдары белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Iшкi iстер министрлiгi, Әдiлет министрлiгi, Қаржы министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде арнаулы шоттардың қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың тәртiбi туралы нұсқаулықты әзiрлесiн және бекiтсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Iшкi iстер министрлiгi арнаулы шоттарға келiп түскен ақша қаражатының жұмсалуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
      5. Мыналардың:
      "Құқық қорғау және сот органдарының арнаулы шоты туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 тамыздағы N 1192 қаулысының;
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 тамыздағы N 1192 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22 қарашадағы N 1434 қаулысының күшi жойылсын деп танылсын.
 

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi



О специальных счетах органов национальной безопасности и внутренних дел

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 февраля 1998 г. N 132. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 18 декабря 1998 г. N 1298 ~P981298

      Во исполнение пункта 5  постановления Президента Республики Казахстан от 17 марта 1995 г. № 2127 "О неотложных мерах по борьбе с преступностью и укреплению правопорядка", в целях укрепления материально-технической базы органов национальной безопасности и внутренних дел, а также стимулирования их деятельности Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ: 
      1. Комитету национальной безопасности, Министерству внутренних дел Республики Казахстан по согласованию с Министерством финансов Республики Казахстан открыть специальные счета органов национальной безопасности и внутренних дел. 
      2. Определить источником формирования средств специальных счетов отчисления в размере 50 процентов от сумм возмещенного государству ущерба, средств, поступивших от реализации имущества, обращенного по приговору суда в собственность государства, а также всех конфискованных у осужденных по решению суда транспортных средств, оргтехники и средств связи. 
      3. Комитету национальной безопасности, Министерству внутренних дел, Министерству юстиции, Министерству финансов Республики Казахстан в месячный срок разработать и утвердить инструкции о порядке формирования и использования средств специальных счетов. 
      4. Комитету национальной безопасности, Министерству внутренних дел Республики Казахстан обеспечить контроль за расходованием поступающих на специальные счета денежных средств. 
      5. Признать утратившими силу: 
       постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 28 августа 1995 г. № 1192 "О специальном счете правоохранительных и судебных органов"; 
       постановление Правительства Республики Казахстан от 22 ноября 1996 г. № 1434 "О внесении изменений и дополнения в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 28 августа 1995 г. № 1192". 

    Премьер-Министр
   Республики Казахстан