Оңтүстiк Қазақстан облысының "Шымкентгаз" акционерлiк қоғамын тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету, халықты сұйытылған газбен үздiксiз жабдықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi "Шымкентгаз" акционерлiк қоғамының оның жарғылық капиталының 100%-i мөлшерiндегi акцияларының мемлекеттiк пакетiн белгiленген тәртiппен Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң коммуналдық меншiгiне берсiн.
2. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi облыстың тұтынушыларын сұйытылған газбен үздiксiз қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi