Оңтүстiк Қазақстан облысының "Шымкентгаз" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн облыс әкiмiнiң коммуналдық меншiгiне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 20 наурыздағы N 243

      Оңтүстiк Қазақстан облысының "Шымкентгаз" акционерлiк қоғамын тиiмдi басқаруды қамтамасыз ету, халықты сұйытылған газбен үздiксiз жабдықтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi "Шымкентгаз" акционерлiк қоғамының оның жарғылық капиталының 100%-i мөлшерiндегi акцияларының мемлекеттiк пакетiн белгiленген тәртiппен Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң коммуналдық меншiгiне берсiн.
      2. Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi облыстың тұтынушыларын сұйытылған газбен үздiксiз қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады