Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi және
Премьер-Министрдiң орынбасарлары арасында мiндеттердi бөлу бекiтiлсiн
(қоса берiлiп отыр).
2. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi,
Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Премьер-Министр Кеңесiнiң
Басшысы арасында мiндеттердi бөлу туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1998 жылғы 7 қаңтардағы N 1 қаулысының күшi жойылған деп
танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 20 наурыздағы
N 244 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi және
Премьер-Министрдiң орынбасарлары арасында
мiндеттердi бөлу
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Н.Ө.Балғымбаев
Үкiметтiң қызметiне тiкелей басшылық жасау. Президентпен,
Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас
Прокуратурамен және басқа да мемлекеттiк органдармен қарым-қатынаста
Үкiметтi бiлдiредi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998-2000 жылдарға арналған
iс-қимыл бағдарламасын iске асыруға жалпы басшылық.
Құқық қорғау органдарының құқықтық және әскери реформалары мен
iс-қимылдарын жүзеге асыруды үйлестiру.
Кадр мәселелерi.
Премьер-Министрдiң бiрiншi орынбасары - Қазақстан
Республикасының Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы
О.Ә.Жандосов
Инвестициялық және кәсiпкерлiк (iскерлiк) ахуалды жақсарту
мәселелерi.
Зейнеткерлiк реформасы мен мiндеттi медициналық сақтандыру
реформасын жүзеге асыруды үйлестiру.
Бәсекелес рыноктарды дамыту және табиғи монополияларды реттеу
мәселелерi.
Макроэкономика мен қаржы саласының мәселелерi.
Дүниежүзiлiк сауда ұйымын қоса алғанда халықаралық қаржы және
экономикалық ұйымдармен өзара iс-қимылды үйлестiру.
Мемлекеттiк қызметтi реформалауды және мемлекеттiк органдарды
информатикаландырудың жүзеге асырылуын үйлестiру.
ЕСКЕРТУ. Осы бөлiм өзгертiлдi және толықтырылды - ҚРҮ-нiң
1998.07.30. N 723 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары
Ж.С.Кәрiбжанов
ТМД елдерiмен және оның интеграциялық бiрлестiктерiмен
қатынастарды үйлестiру.
Экономиканың аграрлық секторындағы реформаларды үйлестiру.
Көшi-қон және демографиялық саясат мәселелерi.
Тұрғын үй-коммуналдық реформаны жүзеге асыруды аяқтау.
ЕСКЕРТУ. Осы бөлiм толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.07.30. N 723
қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары
А.С.Павлов
Iрi өнеркәсiп кәсiпорындарын қайта ұйымдастыру мәселелерi.
Мемлекеттiк меншiктi тиiмдi пайдалану және жекешелендiру
мәселелерiн үйлестiру.
Атаулы әлеуметтiк көмек жүйелерiн құру мен оның iске асырылуын
бақылау, еңбек қатынастарын реформалау мәселелерi.
Аймақтық даму мәселелерi.
Мемлекеттiк қызмет және мемлекеттiк органдарды информатизациялау
реформаларын жүзеге асыруды үйлестiру.
Мемлекеттiк статистика және бухгалтерлiк есептi жетiлдiру.
ЕСКЕРТУ. Осы бөлiм өзгертiлдi және толықтырылды - ҚРҮ-нiң
1998.07.30. N 723 қаулысымен.