Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi және Премьер-Министрдiң орынбасарлары арасында мiндеттердi бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 20 наурыздағы N 244 P980244_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
аталған қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi және Премьер-Министрдiң орынбасарлары арасында мiндеттердi бөлуде:
"Премьер-Министрдiң бiрiншi орынбасары - Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы О.Ә.Жандосов" деген бөлiмде:
бiрiншi абзац "Инвестициялық" деген сөзден кейiн "және кәсiпкерлiк (iскерлiк)" деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi абзацтағы "сақтандыруды" деген сөз "сақтандыру реформасын" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртiншi абзац алынып тасталсын;
бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Макроэкономика мен қаржы саласының мәселелерi";
алтыншы абзац "Халықаралық" деген сөздiң алдынан "Дүниежүзiлiк сауда ұйымын қоса алғанда" деген сөздермен толықтырылсын;
жетiншi абзац алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекеттiк қызметтi реформалаудың және мемлекеттiк органдарды
информатикаландырудың жүзеге асырылуын үйлестiру";
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары
Ж.С.Кәрiбжанов" деген бөлiмде:
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Тұрғын үй-коммуникалдық реформаны жүзеге асыруды аяқтау";
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары
А.С.Павлов" деген бөлiмде:
бiрiншi абзац алынып тасталсын;
төртiншi абзац "еңбек қатынастарын реформалау мәселелерi" деген
сөздермен толықтырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi