Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн қор рыногына орналастыру жөнiндегi инвестициялық тендердiң жеңiмпаздарына өкiлеттiктер мандаттарын беру жөнiндегi келiссөздердiң нәтижелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Global Menkul Degerler А/S/. Santander Investment Secutities Capital LТD. "Kaskommerts Securities" акционерлiк қоғамының құрамындағы консорциумның арасындағы "Ақтөбемұнайгаз" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң бiр бөлiгiн орналастыру жөнiндегi келiсiмнiң шарттары мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi О.С.Ержановқа Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн қор рыногына орналастыру жөнiндегi келiсiмге қол қоюға уәкiлеттiк берiлсiн.
3. Инвестициялық банктермен келiссөздер жүргiзу жөнiндегi тендерлiк комиссия:
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Инвестициялық банктердiң және компаниялардың арасындағы "Маңғыстаумұнайгаз", "Жезқазған түстi металл", "Қазақтелеком" ҰАК акционерлiк қоғамдары акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн орналастыру жөнiндегi келiсiмдi дайындауды жеделдетсiн;
"Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлiк қоғамы акцияларының
мемлекеттiк пакетiн орналастырудың баламды нұсқаларын қарасын.
4. "Инвестициялық тендердiң нәтижелерi туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 қарашадағы N 1588
қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
инвестициялық банктермен келiссөздер жүргiзу жөнiндегi тендерлiк
комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
О.С.Ержанов - Қазақстан Республикасының
Қаржы вице-министрi,
комиссияның төрағасы болып
С.Ғ.Айымбетов - Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк
мүлiк және жекешелендiру
департаментiнiң бөлiм бастығы
Б.С.Тойбазаров - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлiгiнiң басқарма
бастығы.
А.С.Павлов, Е.Ә.Өтембаев, О.Ә.Жандосов, С.М.Мыңбаев, В.В.Соболев
көрсетiлген құрамнан шығарылсын.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi