Инвестициялық тендердiң нәтижелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 15 қарашадағы N 1588

      Тендер комиссиясының инвестициялық банктердiң ұсыныстарын алдын ала қарауының нәтижелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Инвестициялық банктермен келiссөздер жүргiзу жөнiндегi тендер комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Тендер комиссиясы заңдарда белгiленген тәртiппен:
      "Жезқазғантүстiмет", "Маңғыстаумұнайгаз", "Қазақтелеком", "Ақтөбемұнайгаз", "Өскемен титан-магний комбинаты" акционерлiк қоғамдарының мемлекеттiк акциялар пакетiн бастапқы орналастыруды жүргiзу жөнiнде ең жақсы ұсыныстар берген инвестициялық банктерге өкiлеттiк мандаттарын беру жөнiнде келiссөздер жүргiзсiн;
      өкiлеттiк мандаттарында акциялар пакетiнiң бiр бөлiгiн отандық

инвестициялардың арасында орналастыруды қарастырсын.
     3. "Қазақстан Халықтық Жинақ Банкi", "Қазақстан алюминийi",
"Қазхром", "Борлы", "Соколов-Сарыбай КБӨБ", "Атакент",
"Оңтүстiк-Топар кен басқармасы", "Шымкент қорғасын зауыты"
акционерлiк қоғамдарының мемлекеттiк акциялар пакетiнiң бiр бөлiгiн
сату Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi шешiмi шыққанға дейiн
тоқтатыла тұрсын.
     4.
     5.
     ЕСКЕРТУ. 4-5-тармақтардың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.30.
              N 1504 қаулысымен.  

P991504_

 
 
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                        1997 жылғы 15 қарашадағы
                                            N 1588 қаулысына
                                               қосымша

            Инвестициялық банктермен келiссөздер жүргiзу
               жөнiндегi тендер комиссиясының құрамы

     Ержанов О.С.             - Қазақстан Республикасының Қаржы
                                вице-министрi, комиссияның
                                төрағасы

     Айымбетов С.Ғ.           - Қазақстан Республикасының
                                Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк
                                мүлiк және жекешелендiру
                                департаментiнiң бөлiм бастығы

     Бектасов Ә.А.            - Қазақстан Республикасының Бағалы
                                қағаздар жөнiндегi ұлттық
                                комиссиясының төрағасы (келiсiм
                                бойынша)

     Тойбазаров Б.С.          - Қазақстан Республикасы Қаржы
                                министрлiгiнiң басқарма бастығы

     Дауылбаев А.Қ.           - Қазақстан Республикасының Әдiлет
                                вице-министрi

     Утепов Э.К.              - Қазақстан Республикасы Қаржы
                                министрлiгiнiң Жекешелендiру
                                жөнiндегi департаментiнiң директоры

     Дәмитов Н.Б.             - Қазақстан Республикасының Бағалы
                                қағаздар жөнiндегi ұлттық
                                комиссиясы төрағасының көмекшiсi,
                                комиссия хатшысы (келiсiм бойынша)

     ЕСКЕРТУ. Құрам өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.03.21. N 247 қаулысымен.
               

P980247_

 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады