Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Алматы қаласындағы Ақмола қаласына орналасуға жататын жоғары және орталық мемлекеттiк органдардың балансындағы қызмет үйлерi мен ғимараттарын тиiмдi пайдалану жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 желтоқсандағы N 1677 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулыға қосымшада:
реттiк нөмiрi 1 жол алынып тасталсын;
2, 3, 4, 5 және 6 реттiк нөмiрлер тиiсiнше 1, 2, 3, 4 және 5 реттiк нөмiрлер болып есептелсiн.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi:
Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67 мекен-жайдағы қызмет үйiн республикалық меншiкке берудi қамтамасыз етсiн;
жоғарыда көрсетiлген қызмет үйiне иелiк ету, пайдалану және басқару жөнiндегi өкiлеттiктi Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына берсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi