Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 желтоқсандағы N 1677 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 10 сәуiр N 318

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Алматы қаласындағы Ақмола қаласына орналасуға жататын жоғары және орталық мемлекеттiк органдардың балансындағы қызмет үйлерi мен ғимараттарын тиiмдi пайдалану жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 желтоқсандағы N 1677 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға қосымшада:
      реттiк нөмiрi 1 жол алынып тасталсын;
      2, 3, 4, 5 және 6 реттiк нөмiрлер тиiсiнше 1, 2, 3, 4 және 5 реттiк нөмiрлер болып есептелсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi:
      Алматы қаласы, Әйтеке би көшесi, 67 мекен-жайдағы қызмет үйiн республикалық меншiкке берудi қамтамасыз етсiн;
      жоғарыда көрсетiлген қызмет үйiне иелiк ету, пайдалану және басқару жөнiндегi өкiлеттiктi Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясына берсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады