Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегi N 368 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 160 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.03.2022 № 160 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 397 қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына және "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 24-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 397 қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Республикалық ономастика комиссиясы құрылсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 397 қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      2. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының құрамы;

      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы туралы ереже бекітілсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 397 қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 397 қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

      4. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2-қосымшаға сәйкес кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 21 сәуiрдегi
N 368 қаулысымен
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы
Республикалық ономастика комиссиясы туралы
ереже

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 24.04.2013 № 397 қаулысымен (24.04.2013 бастап қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.09.2021 № 624 қаулысымен.

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы (бұдан әрi – Комиссия) Қазақстан Республикасының аумағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау бойынша бірыңғай көзқарасты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар әзiрлейтiн консультациялық-кеңесші орган болып табылады.

      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты (бұдан әрі – Нұсқаулық), сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.09.2021 № 624 қаулысымен.

      3. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi.

      4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті Комиссияның жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) болып табылады.

      Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Комиссия отырысы өткізілгенге дейін кемінде үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Комиссия мүшелеріне жіберілуге тиіс.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.09.2021 № 624 қаулысымен.

2-тарау. Негізгі міндеттері

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.09.2021 № 624 қаулысымен.

      5. Комиссияның негiзгi мiндеттерi:

      1) Қазақстан Республикасының аумағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау бойынша бірыңғай көзқарасты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстар әзiрлеу;

      2) Қазақстан Республикасының ономастика мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      3) бұрын атауы жойылып кеткен тарихи топонимдердi қалпына келтiру жөнiндегі ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

3-тарау. Комиссияның негiзгi функциялары мен құқықтары

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.09.2021 № 624 қаулысымен.

      6. Комиссия жүктелген мiндеттердi шешу мақсатында:

      1) ономастика мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлейді;

      2) облыстарға, аудандар мен қалаларға атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту жөнінде қорытындылар береді;

      3) Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру жөнінде қорытындылар береді;

      4) қаладағы аудандарға, облыстық маңызы бар қалалардың құрамдас бөлiктерiне атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту жөнінде қорытындылар береді;

      5) қаладағы аудандарға, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту бойынша республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссияларының қорытындыларына келісім береді;

      6) бұрын атауы жойылып кеткен тарихи топонимдердi қалпына келтiру жөнiндегі ұсыныстарды қарайды.

      7. Өз міндеттері мен функцияларына сәйкес Комиссия:

      1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;

      2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ономастика мәселелері бойынша заңнамалық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;

      3) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыстық ономастика комиссиялары мен республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссияларының төрағаларын, сондай-ақ мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасының өзге де ұйымдарының өкілдерін (келісім бойынша) Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға;

      4) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға;

      5) Комиссияға жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарға құқылы.

4-тарау. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.09.2021 № 624 қаулысымен.

      8. Комиссия төрағадан, төраға орынбасарынан, Комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Комиссия хатшысы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

      9. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады, отырыстарда төрағалық етеді. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.

      Комиссияның хатшысы Комиссияның жұмыс жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді, отырыс хаттамаларын ресімдейді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      10. Комиссия мүшелері отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады.

      11. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен;

      12. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен;

      13. Отырыстың күн тәртібін, сондай-ақ өтетін орны мен уақытын, Комиссия төрағасы айқындайды және нақтылайды.

      14. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен;

      15. Комиссия отырыстары тоқсанына бір рет және Комиссияның төрағасы айқындайтын өзге де күндерде өткізіледі.

      16. Комиссияның отырысы, егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, заңды деп саналады.

      17. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Нұсқаулыққа қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда, жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.

      Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.

      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.

      Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.09.2021 № 624 қаулысымен.

      17-1. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.

      Ескерту. Ереже 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 09.04.2014 N 329 қаулысымен.

      18. Комиссияның құзыретіне кіретін жекелеген мәселелерді қарау үшін қажет болған жағдайда жұмыс топтары құрылады.

      19. Комиссия шешімдері қорытынды түрінде ресімделеді және оған төраға, хатшы, қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды.

      20. Қорытынды тиісті мемлекеттік органдарға жіберіледі.

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  1998 жылғы 21 сәуірдегі
  № 368 қаулысымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.09.2021 № 624 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары, хатшы

      Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті төрағасының орынбасары

      "Заң" медиа-корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің президенті (келісу бойынша)

      "Нұр-Сұлтан қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "География және су қауіпсіздігі институты" акционерлік қоғамының ғылыми қызметкері (келісу бойынша)

      "С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры (келісу бойынша)

      "Орталық Қазақстан академиясы" жеке меншік мекемесі "Лингва" ғылыми білім беру орталығының профессоры (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас ғылыми қызметкері (келісу бойынша)

      "Қазақстан Жазушылар одағы" республикалық қоғамдық бірлестігінің Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы (келісу бойынша)

      "Назарбаев университеті" дербес білім беру ұйымының қазақ тілі, әдебиет және мәдениет департаментінің ассистент-профессоры (келісу бойынша)

      "Түркі академиясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті (келісу бойынша)

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының профессоры (келісу бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 21 сәуiрдегi
N 368 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр күшi
жойылған шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақ КСР Министрлер Кеңесi жанынан Мемлекеттiк ономастика комиссиясын құру туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1990 жылғы 20 сәуiрдегi N 156 қаулысы (Қаз КСР ҚЖ, 1992 ж., N 12, 73-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясының (Қазономком) құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 31 қаңтардағы N 114 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 5, 54-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясының (Қазономком) құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 31 қаңтардағы N 114 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1994 жылғы 27 маусымдағы N 720 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 27, 295-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 31 қаңтардағы N 114 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 17 қазандағы N 1340 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 33, 415-құжат).

О Республиканской ономастической комиссии при Правительстве Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 апреля 1998 года № 368. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 марта 2022 года № 160.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 25.03.2022 № 160 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правительства РК от 24.04.2013 № 397 (вводится в действие с 24.04.2013).

      В соответствии со статьей 7 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан" и подпунктом 1) статьи 24-1 Закона Республики Казахстан от 11 июля 1997 года "О языках в Республике Казахстан" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула в редакции постановления Правительства РК от 24.04.2013 № 397 (вводится в действие с 24.04.2013).

      1. Создать Республиканскую ономастическую комиссию при Правительстве Республики Казахстан.

      Сноска. Преамбула в редакции постановления Правительства РК от 24.04.2013 № 397 (вводится в действие с 24.04.2013).

      2. Утвердить прилагаемые:

      1) состав Республиканской ономастической комиссии при Правительстве Республики Казахстан;

      2) положение о Республиканской ономастической комиссии при Правительстве Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 2 в редакции постановления Правительства РК от 24.04.2013 № 397 (вводится в действие с 24.04.2013).

      3. Исключен постановлением Правительства РК от 24.04.2013 № 397 (вводится в действие с 24.04.2013).

      4. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению 2.

Премьер-Министр
Республики Казахстан



  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 21 апреля 1998 года № 368

Положение
о Республиканской ономастической комиссии
при Правительстве Республики Казахстан

      Сноска. Положение в редакции постановления Правительства РК от 24.04.2013 № 397 (вводится в действие с 24.04.2013).

Глава 1. Общие положения

      Сноска. Заголовок главы 1 - в редакции постановления Правительства РК от 09.09.2021 № 624.

      1. Республиканская ономастическая комиссия при Правительстве Республики Казахстан (далее – Комиссия) является консультативно-совещательным органом, который вырабатывает предложения по формированию единых подходов по наименованию и переименованию административно-территориальных единиц, составных частей населенных пунктов, аэропортов, портов, железнодорожных вокзалов, железнодорожных станций, станций метрополитена, автовокзалов, автостанций, физико-географических и других объектов государственной собственности на территории Республики Казахстан, уточнению и изменению транскрипции их наименований, и присвоению собственных имен лиц государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства, а также восстановлению и сохранению исторических названий как составной части историко-культурного наследия Республики Казахстан.

      2. Комиссия в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, законами Республики Казахстан, актами Президента и Правительства Республики Казахстан, иными нормативными правовыми актами, Инструкцией о порядке создания, деятельности и ликвидации консультативно-совещательных органов при Правительстве Республики Казахстан и рабочих групп, утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 16 марта 1999 года № 247 (далее – Инструкция), а также настоящим Положением.

      Сноска. Пункт 2 - в редакции постановления Правительства РК от 09.09.2021 № 624.

      3. Состав Комиссии утверждается постановлением Правительства Республики Казахстан.

      4. Рабочим органом Комиссии (далее – рабочий орган) является Комитет культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан.

      Рабочий орган Комиссии осуществляет организационно-техническое обеспечение работы Комиссии, в том числе готовит предложения по повестке дня заседания Комиссии, необходимые документы, материалы, которые должны быть направлены членам Комиссии не позднее трех рабочих дней до проведения заседания Комиссии с приложением проекта протокола.

      Сноска. Пункт 4 - в редакции постановления Правительства РК от 09.09.2021 № 624.

Глава 2. Основные задачи

      Сноска. Заголовок главы 2 - в редакции постановления Правительства РК от 09.09.2021 № 624.

      5. Основными задачами Комиссии являются:

      1) выработка предложений по формированию единых подходов по наименованию и переименованию административно-территориальных единиц, составных частей населенных пунктов, аэропортов, портов, железнодорожных вокзалов, железнодорожных станций, станций метрополитена, автовокзалов, автостанций, физико-географических и других объектов государственной собственности на территории Республики Казахстан, уточнению и изменению транскрипции их наименований, и присвоению собственных имен лиц государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства, а также восстановлению и сохранению исторических названий как составной части историко-культурного наследия Республики Казахстан;

      2) выработка предложений по совершенствованию нормативной правовой базы Республики Казахстан по вопросам ономастики;

      3) выработка предложений по восстановлению ранее утраченных исторических топонимов.

Глава 3. Основные функции и права Комиссии

      Сноска. Заголовок главы 3 - в редакции постановления Правительства РК от 09.09.2021 № 624.

      6. В целях решения возложенных задач Комиссия:

      1) разрабатывает рекомендации и предложения по вопросам ономастики;

      2) выдает заключения по наименованию, переименованию областей, районов и городов, а также уточнению и изменению транскрипции их наименований;

      3) выдает заключения по присвоению наименования аэропортам, портам, железнодорожным вокзалам, железнодорожным станциям, станциям метрополитена, автовокзалам, автостанциям, физико-географическим и другим объектам государственной собственности на территории Республики Казахстан, а также переименованию, уточнению и изменению транскрипции их наименований и присвоению собственных имен лиц государственным юридическим лицам, юридическим лицам с участием государства;

      4) выдает заключения по наименованию, переименованию районов в городе, составных частей городов областного значения, а также уточнению и изменению транскрипции их наименований;

      5) согласовывает заключения ономастических комиссий городов республиканского значения, столицы по наименованию, переименованию районов в городе, составных частей городов республиканского значения, столицы, а также уточнению и изменению транскрипции их наименований;

      6) рассматривает предложения по восстановлению ранее утраченных исторических топонимов.

      7. В соответствии со своими задачами и функциями Комиссия имеет право:

      1) взаимодействовать с центральными исполнительными и другими государственными органами и иными организациями;

      2) вносить в Правительство Республики Казахстан предложения и рекомендации по совершенствованию законодательства по вопросам ономастики;

      3) приглашать на заседания Комиссии и заслушивать председателей областных ономастических комиссий и ономастических комиссий городов республиканского значения, столицы, а также представителей государственных органов и иных организаций Республики Казахстан (по согласованию) по вопросам, входящим в компетенцию Комиссии;

      4) в установленном законодательством порядке запрашивать и получать от государственных и других организаций материалы, необходимые для реализации задач Комиссии;

      5) иные права, необходимые для осуществления возложенных на Комиссию задач и функций.

Глава 4. Организация работы Комиссии

      Сноска. Заголовок главы 4 - в редакции постановления Правительства РК от 09.09.2021 № 624.

      8. Комиссия состоит из председателя, заместителя председателя, членов Комиссии и секретаря. Секретарь Комиссии не является ее членом.

      9. Председатель Комиссии руководит ее деятельностью, председательствует на заседаниях. Во время отсутствия председателя его функции выполняет заместитель.

      Секретарь Комиссии обеспечивает разработку плана работы Комиссии, оформляет протоколы заседания.

      Сноска. Пункт 9 в редакции постановления Правительства РК от 09.04.2014 № 329.

      10. Члены Комиссии участвуют на заседании без права замены.

      11. Исключен постановлением Правительства РК от 09.04.2014 № 329.

      12. Исключен постановлением Правительства РК от 09.04.2014 № 329.

      13. Повестка дня, а также место и время проведения заседания определяются и уточняются председателем Комиссии.

      14. Исключен постановлением Правительства РК от 09.04.2014 № 329.

      15. Заседания Комиссии проводятся один раз в квартал и в иные дни, определяемые председателем комиссии.

      16. Заседания Комиссии считаются правомочными, если на них присутствуют не менее половины ее членов.

      17. Решения Комиссии принимаются открытым голосованием и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего количества членов Комиссии. Голосование проводится путем заполнения листа голосования по форме согласно приложению к Инструкции. В случае равенства голосов принятым считается решение, за которое проголосовал председатель.

      Члены Комиссии имеют право на особое мнение, которое, в случае его выражения, должно быть изложено в письменном виде и приложено к письму-отчету Комиссии, предусмотренному пунктом 24 Инструкции.

      По результатам проведения заседаний Комиссии и на основании листов голосования в течение трех рабочих дней составляется протокол, подписываемый председателем и секретарем.

      При изменении по итогам голосования содержания проекта протокола секретарь Комиссии направляет лист голосования с уточненной редакцией принятого решения членам Комиссии для согласования.

      Члены Комиссии после получения проекта листа согласования направляют в течение одного рабочего дня ответ о согласии либо несогласии с обоснованием причин.

      Сноска. Пункт 17 - в редакции постановления Правительства РК от 09.09.2021 № 624.

      17-1. Учет и хранение материалов и протокольных решений Комиссии с приложением листов голосования осуществляет рабочий орган Комиссии.

      Сноска. Положение дополнено пунктом 17-1 в соответствии с постановлением Правительства РК от 09.04.2014 № 329.

      18. Для рассмотрения отдельных вопросов, входящих в компетенцию Комиссии, в случае необходимости, создаются рабочие группы.

      19. Решения комиссии оформляются в виде заключения и подписываются председателем, секретарем, присутствующими членами Комиссии.

      20. Заключение направляется соответствующим государственным органам.

  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 21 апреля 1998 года № 368

Состав Республиканской ономастической комиссии при Правительстве Республики Казахстан

      Сноска. Состав - в редакции постановления Правительства РК от 09.09.2021 № 624.

      Министр культуры и спорта Республики Казахстан, председатель

      вице-министр культуры и спорта Республики Казахстан, заместитель председателя

      заместитель председателя Комитета культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан, секретарь

      депутат Сената Парламента Республики Казахстан (по согласованию)

      депутат Мажилиса Парламента Республики Казахстан (по согласованию)

      председатель Комитета культуры Министерства культуры и спорта Республики Казахстан

      заместитель председателя Комитета геодезии и картографии Министерства цифрового развития, инновации и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан

      президент товарищества с ограниченной ответственностью "Медиа-корпорация "Заң" (по согласованию)

      руководитель государственного учреждения "Управление по развитию языков и архивного дела города Нур-Султан"

      директор республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт истории и этнологии имени Ч.Ч. Валиханова" Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан (по согласованию)

      научный сотрудник акционерного общества "Институт географии и водной безопасности" Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан (по согласованию)

      профессор некоммерческого акционерного общества "Казахский агротехнический университет имени С. Сейфуллина" (по согласованию)

      профессор частного учреждения "Центрально-Казахстанская Академия научно-образовательный Центр "Лингва" (по согласованию)

      главный научный сотрудник республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Институт языкознания имени А. Байтурсынова" Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан (по согласованию)

      председатель филиала общественного объединения "Союз писателей Казахстана" города Нур-Султан (по согласованию)

      ассистент-профессор Департамента казахского языка, литературы и культуры автономной организации образования "Назарбаев университет" (по согласованию)

      президент некоммерческого акционерного общества "Тюркская академия" (по согласованию)

      профессор некоммерческого акционерного общества "Евразийский национальный университет имени Л. Н. Гумилева" Министерства образования и науки Республики Казахстан (по согласованию)

  Приложение 2
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 21 апреля 1998 года N 368

Перечень
утративших силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Совета Министров Казахской ССР от 20 апреля 1990 г. N 156 "О создании Государственной ономастической комиссии при Совете Министров Казахской ССР" (СП Каз ССР, 1992 г., N 12, ст. 73).

      2. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 31 января 1994 г. № 114 "О составе Государственной ономастической комиссии при Кабинете Министров Республики Казахстан (Казономком)" (САПП Республики Казахстан, 1994 г., № 5, ст. 54).

      3. Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 27 июня 1994 г. № 720 " О внесении изменений и дополнений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 31 января 1994 г. N 114 "О составе Государственной ономастической комиссии при Кабинете Министров Республики Казахстан (Казономком)" (САПП Республики Казахстан, 1994 г., N 27, ст. 295).

      4. Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 октября 1995 г. № 1340 "О внесении изменений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 31 января 1994 г. N 114" (САПП Республики Казахстан, 1995 г., N 33, ст. 415).