Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 наурыздағы № 160 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 25 наурыздағы
№ 160 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегi № 368 қаулысы.

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 қазандағы № 1551 қаулысы.

      3. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегi № 368 және 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 1165 қаулыларына өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі № 413 қаулысы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 сәуiрдегі № 367 және 368 қаулыларына өзгерiстер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 сәуірдегі № 295 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.

      5. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 маусымдағы № 588 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердің 3-тармағы.

      6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 қазандағы № 897 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 577 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағы.

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1338 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстердің 2-тармағы.

      9. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 қарашадағы № 1834 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.

      10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1113 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.

      11. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 3 мамырдағы № 569 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.

      12. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 1445 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң өкiмiне енгізілетін өзгерістердің 1-тармағы.

      13. "Облыстық ономастика комиссиялары және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ономастика комиссиялары туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 396 қаулысы.

      14. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминология комиссиясы туралы" 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 367 және "Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссияcы туралы" 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 397 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы.

      15. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерiстер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы.

      16. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № 970 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы.

      17. "Республикалық мемлекеттік заңды тұлғалардың кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы туралы" 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 және "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері туралы" 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 қыркүйектегі № 624 қаулысының 4-тармағының 1) тармақшасы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады