"1998 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 9 желтоқсандағы Заңын (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж, N 22, 334-құжат) орындау үшiн, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамыту жөнiндегi бағдарламаларды орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамынан Азия Даму Банкiнiң ауыл шаруашылығы секторына арналған бағдарламалық заемының Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын дамыту жөнiндегi бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында 23 миллион АҚШ доллары сомасындағы қаражатын қарызға алу тапсырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамына қарызға алынған қаражаттың қайтарылуын 1998 жылдың 31 желтоқсанынан кешiктiрмеудi қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi