Республикалық бюджеттiң ағымды шығыстарын қаржыландыру үшiн қаражат тарту шаралары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 4 шiлдедегi N 638

      "1998 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 9 желтоқсандағы Заңын (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж, N 22, 334-құжат) орындау үшiн, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамыту жөнiндегi бағдарламаларды орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамынан Азия Даму Банкiнiң ауыл шаруашылығы секторына арналған бағдарламалық заемының Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығын дамыту жөнiндегi бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында 23 миллион АҚШ доллары сомасындағы қаражатын қарызға алу тапсырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамына қарызға алынған қаражаттың қайтарылуын 1998 жылдың 31 желтоқсанынан кешiктiрмеудi қамтамасыз етсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады