Қаржы-несие жүйесiн жетiлдiру және мемлекеттiң қаржы қаражатын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру, сондай-ақ олардың қайтарымдылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде заңдарда белгiленген тәртiппен Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттiк қорын, жарғылық капиталында мемлекет 100 процент қатысатын "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - Қор) етiп қайта құру жолымен, қайта ұйымдастырсын.
2. Қордың негiзгi функциялары:
ауыл шаруашылығын несиелендiрудiң және қаржылық қолдаудың мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң Қордың алдындағы орталықтандырылған, кейiнге қалдырылған және басқа да берешектерi жөнiндегi қаржылық мiндеттемелерi бойынша өндiрiп алуды және олардың қайтарылуын қамтамасыз етудi қоса алғанда, несие берушiнiң функцияларын орындау;
ауыл шаруашылығында жүргiзiлетiн құрылымдық қайта құрылуларды тегiн қаржылық қолдауды, асыл тұқымды мал өсiру iсiн, тұқым шаруашылығын, жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi шараларды дамытуды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi агентiнiң функцияларын орындау;
ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу саласында жұмыс істейтін тауар өндірушілерге қарыз беру және лизингке ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтар беру болып табылады деп белгіленсін.<*>
Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.31. N 1372 қаулысымен .
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне, белгiленген тәртiппен, Қорға осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген функцияларға сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзуге лицензиялар беру ұсынылсын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi:
Қордың жарғысын бекiтсiн;
Қор акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелiк ету, пайдалану және басқару (билiк ету құқығынсыз) үшiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне берсiн.
5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсiм бойынша ауыл шаруашылығын несиелендiрудiң және қаржылық қолдаудың мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлеу кезiнде оларды Қор арқылы iске асыруды көздесiн.
6. Республикалық бюджетте ауылдағы тауар өндiрушiлерге тегiн қаржылық қолдау көрсетуге көзделген қаражатты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң агентi ретiнде Қор арқылы бөледi деп белгiленсiн.
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 66 (алпыс алты) млн. теңге мөлшерiнде Қордың жарғылық капиталын қалыптастырсын.
8. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп бұрын қабылданған Үкiмет актiлерiн осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзсiн.
9. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
"Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау мәселелерi жөнiндегi республикалық ведомствоаралық кеңестiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 6 мамырдағы N 794 P970794_ қаулысы;
"Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттiк қоры туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 17 қарашадағы N 1590 P971590_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 49,, 456-құжат).
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi