"Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың Мемлекеттік қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 желтоқсандағы N 1447 P941447_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 48, 542-бап) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1. Ауыл шаруашылығы қаржылық қолдау мәселелерi жөнiндегi республикалық ведомствоаралық кеңес мынадай құрамда бекiтiлсiн: Отаров К.М. - Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорының президентi, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң орынбасары, Кеңес төрағасы Меңдiоразов Т.М. - Қазақ агроөнеркәсiп банкi басқармасы төрағасының бiрiншi орынбасары, Кеңес төрағасының орынбасары Кеңес мүшелерi: Григорук В.В. - Ұлттық академиялық аграрлық зерттеулер орталығының бөлiм меңгерушiсi Дүзбаева М.А. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментi басқармасы бастығының мiндетiн атқарушы Жананов Е.Е. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi басқармасының бастығы Жамбакин Ж.А. - "Қазагро" Қазақстан фермерлерi ұлттық федерациясының бас директоры (келiсiм бойынша) Жанатов К.Ж. - Қазақстан Республикасы Аграрлық одағының төрағасы (келiсiм бойынша) Сәулейбай Н. - Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi аумақтық саясат департаментiнiң бөлiм бастығы Мұхамбеталин К.Т. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ақша-несие саясаты басқармасының бас қазынашысы Старостенко Г.Г. - Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң несие беру басқармасының бастығы (келiсiм бойынша) Шаихова А.Н. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi басқармасының бастығы
2. "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау мәселелерi жөнiндегi Республикалық ведомствоаралық кеңестiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 қаңтардағы N 133 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi