Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттiк қоры туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 17 қараша N 1590. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.07.09. N 650 қаулысымен

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     1. Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттiк қоры туралы

қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

     2. "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың Мемлекеттiк қорын құру

туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22

желтоқсандағы N 1447 


P941447_


  қаулысының 2-тармағының (Қазақстан

Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 48, 542-құжат) күшi жойылған деп

танылсын.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi



                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                      1997 жылғы 17 қарашадағы

                                          N 1590 қаулысымен

                                             бекiтiлген


           Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттiк

                             қоры туралы



                                ЕРЕЖЕ



 
       1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң жанындағы Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттiк қоры (бұдан әрi - Қор) ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн қаржылық сауықтыру, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламаларын орындау жөнiндегi және оны машина жасау өнiмiмен лизинг негiзiнде жабдықтау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады.*
 
      Ескерту: Қорға бөлiнетiн қаражат сатылатын ауыл шаруашылығы
                   өнiмiнiң бағасын қолдауға жұмсалуға тиiс.
 
      2. Өз қызметiнде Қор Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Қор мекеме нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы, өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған дөңгелек мөрi болады және ол қолданылып жүрген заңдарға сәйкес банктерде шоттар ашуға және филиалдар ашуға құқылы.
      4. Қордың негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      ауыл шаруашылығы секторында жүргiзiлiп жатқан құрылымдық өзгерiстердi, асыл тұқымдандыру iсiн, тұқым тануды дамытуды, жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау жөнiндегi шараларды, шағын және орташа агробизнестiң, селодағы нарықтық инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыптасуын қаржылық қолдау;
      ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн сауықтыру шараларын қаржыландыру;
      сауықтыруға жататын ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң қаржылық мiндеттемелерiн есепке алу және оларды сауықтырудың тәртiбiн айқындау;
      ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне қайтарымды негiзде бұрын берiлген қаражаттың Қордың балансына уақтылы түсудiң қамтамасыз ету және бюджетке қайтарылуға жататын қаражатты аудару;
      Ауыл шаруашылығын машина жасау өнiмiмен лизинг негiзiнде жабдықтау тәртiбiн әзiрлеу;
      қаржыландыруға қабылданған шаралардың орындалуына және ауыл шаруашылығында лизингтi ұйымдастыруға бөлiнетiн қаражаттың мақсатқа сай жұмсалуына бақылау жасау;
      ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң директивтi және орталықтандырылған несиелер бойынша Қордың балансына қабылданған берешектерiн есепке алу және олардың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету.
      5. Қорды Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi тағайындайтын Директор басқарады.
      6. Қордың Директоры:
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне және Қаржы министрлiгiне Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттiк қорынан қаражат төлеудiң тәртiбiн келiсуге енгiзедi;
      аталған тәртiптiң негiзiнде нақты ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне қайтарымды (лизинг бойынша) және қайтарусыз негiзде қаржылық көмек көрсету мәселелерiн шешедi;
      Қор есепке алған берешектердi өтеу, жүзеге асырылатын шараларды қаржылық қамтамасыз етудiң көлемдерi туралы ұсыныстар енгiзедi;
      бұйрықтар шығарады;
      шарттар, оның iшiнде еңбек шарттарын жасасады;
      банктерде шоттар ашады;
      белгiленген тәртiппен есепке алу мен есептiлiктi ұйымдастырады;
      Қордың мүдделерiн бiлдiредi;
      Қордың қызметiмен байланысты басқа да мәселелердi шешедi.
      7. Республикалық бюджет қаражаты, ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнен Қордың қаражатын пайдаланғаны үшiн алынатын проценттер, Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да түсiмдер Қорды қалыптастыру көздерi болып табылады.
      8. Қордың қаржыландыру Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады және ол мыналарды көздейдi:
      ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң төлем қабiлетiн қалпына келтiру және олардың тиiмдi шаруашылық қызметiн қолдау;
      ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн санациялау жөнiндегi шаралар шеңберiнде қаржылық көмек көрсету;
      ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн машина жасау өнiмiмен лизинг шарты бойынша жабдықтау.
      Қайтаруға жататын қаражатты лизинг бойынша төлеу Қордың, лизинг берушiлердiң және ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң арасында жасалатын шарттардың негiзiнде жүргiзiледi.
      9. 4-тармақта көрсетiлген шараларды қаржыландыру қайтарымды (лизинг бойынша) және қайтарусыз негiзде Қордан қаражат төлеу тәртiбiне сәйкес жүргiзiледi.
      10. Қордың:
      Қорға берешегi бар ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнен қажеттi ақпарат пен есеп алуға, қолданылып жүрген заңдардың шеңберiнде борышты төлеттiру жөнiндегi шаралардың тәртiбiн белгiлеу және оларды қабылдау, қажет болған жағдайда борышкерлердiң есебiнен олардың қызметiне және бөлiнген қаражаттың, оның iшiнде лизинг негiзiнде бөлiнген қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылуына аудиторлық тексерулер мен тексерiстер тағайындауға;
      меншiк иесi Қордың балансына берген мүлiктi жедел басқаруға құқығы бар.
      11. Жекелеген ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң Қордың 4-тармақта көрсетiлген шараларды қаржыландыруға бөлiнген қаражатының мақсатқа сай пайдаланылмауына жол бергенi, борыштық мiндеттемелердi өтеу кестесiн орындамағаны, сондай-ақ олардың алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзе алмайтыны анықталған кезде Қор оларға қаржылық көмек көрсетудi тоқтатады және бұрын бөлiнген қаражатты және ол бойынша проценттердi қайтару жөнiнде шаралар қабылдайды.
      12. Қор өз қызметi туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң алдында тоқсан сайын есеп бередi.
      13. Осы Ережемен реттелмеген мәселелердi Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсе отырып шешедi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады