Мүлiктiк кешенiн "Арман" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi жекешелендiрген, бұрынғы Қазан төңкерiсiнiң 50 жылдағы атындағы шахтада пайда болған төтенше қауiптi жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi:
жекешелендiру жөнiндегi Қарағанды аумақтық комитетi мен "Арман" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң арасында жасалған 1996 жылғы 18 қазандағы N 1780 Сатып алу-сату шартының талаптарын тараптардың орындалуына тексеру жүргiзсiн;
"Арман" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi көрсетiлген шарттың талаптарын орындамаған жағдайда оны заңдарда белгiленген тәртiппен бұзсын.
1996 жылғы 18 қазандағы N 1780 Сатып алу-сату шарты бұзылған жағдайда:
шахтаның таратылатын мүлкiн сатудан түскен қаражаттың есебiнен "Арман" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi N 1 шахтасының қызметкерлерiне жалақы және әлеуметтiк төлемдер бойынша берешектердi өтеудi жүзеге асырсын;
шахтаның қалған мүлкiн көмiрдiң запастарын консервациялау және шахтаны жабу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн "Қарағандышахтатарату" республикалық мемлекеттiк мамандандырылған кәсiпорнына берсiн.
2. Мыналардың:
"Қарағанды көмiр бассейнiндегi жабылатын шахталарда жою
жұмыстарын жүргiзудi жеделдету жөнiндегi қосымша шаралар туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 8 тамыздағы N 984
қаулысының;
"Қарағанды көмiр бассейнi кәсiпорындарын қаржы-экономикалық
сауықтыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1715
қаулысының
4-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi