Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiптi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 29 шiлде N 714. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.28. N 544 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       Ескерту. Тақырыбы мен мәтіні өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.21. N 1095  қаулысымен

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N 2200  Заңына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат), "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
     Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды  лицензиялау туралы тәртiп бекiтiлсiн. <*>
      Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.21. N 1095  қаулысымен

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы       
Үкiметiнiң             
1998 жылғы 29 шiлдедегi       
 N 714 қаулысымен          
бекiтiлген              

  Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгiмен
жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды
лицензиялау туралы
ТӘРТIП <*>       

      Ескерту. Тақырыбы мен мәтіні өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.21. N 1095   қаулысымен

  1. Жалпы ережелер 

      1. Осы Тәртiппен қызметтiң аталған түрiн мемлекеттiк реттеу, көлiктiк қызметтер көрсету рыногының жұмыс iстеуiн және оларды тұтынушылардың мүдделерiн қорғауды, айналадағы ортаны, азаматтардың меншiгiн, өмiрiн және денсаулығын қорғауды, көлiк, лицензия, монополияға қарсы заңдардың сақталуын, экологиялық, санитарлық нормалардың және жол жүру қауiпсiздiгi талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында темiр жол көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдау жөнiндегi қызметтi лицензиялауға байланысты қатынастар реттеледi. 
      2. Жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi темiр жол көлiгiмен тасымалдау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия алушыға (лицензиатқа) лицензия берудi Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi (бұдан әрi - лицензиар) жүргiзедi. <*> 
       Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.07.17. N 794 
қаулысымен .  
      3. Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары, шетелдiк заңды тұлғалар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар және халықаралық ұйымдар лицензиялау субъектiлерi болып табылады. 
      4. Халықаралық тiкелей және темiр жолмен және республикаiшiлiк қатынастарда жүктердi, қауiптi жүктердi (оның iшiнде транзиттiк және экспорттық-импорттық) тасымалдау; халықаралық, тiкелей, жергiлiктi және қала маңындағы қатынас түрлерiнде жолаушыларды (оның iшiнде транзиттiк) тасымалдау; қауiптi жүктердi тасымалдау лицензиялауға жатады. 

  2. Лицензия берудiң шарты мен тәртiбi 

      5. Осы Тәртiппен белгiленген, қойылатын талаптарға бiлiктiлiк деңгейi сәйкес келетiн барлық тұлғалар үшiн тең негiздер мен шарттарда лицензиар лицензия берудi жүзеге асырады. 
      Шетелдiк заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар өздерi салық есебiне алынған соң, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына арналған шарттар мен тәртiпте лицензия алады. 
      Лицензияны басқа тұлғаға беруге тыйым салынған, көлiк құралдарын сенiмгерлiк басқаруға немесе лицензияны мүлiктiк жалға тапсырған кезде осы құралдарды қабылдау - өткiзу актiсi ұсынылған соң, жалпы негiзде, сенiм бiлдiрiлген тұлғаға немесе жалдаушыға лицензия берiледi.
      Заңды және жеке тұлғалар бiр мезгiлде темiр жол көлiгiндегi лицензияланатын қызметтiң бiрнеше түрiне лицензиясы болуы мүмкiн. 
      6. Лицензиялар қызметтiң мынадай түрлерiне берiледi:
      жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға;
      қауiптi жүктердi тасымалдауға.
      Лицензиялар мынадай белгiлермен белгiленедi:
      жүктердi тасымалдауға - "Жүк";
      жолаушыларды тасымалдауға - "Ж";
      жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға - "ЖүкЖ";
      қауiптi жүктердi тасымалдауға (қауiптi жүктiң түрi көрсетiледi) - "ҚЖ".
      Лицензияда, сондай-ақ оның қызметiнiң аумақтық саласы көрсетiледi:
      iшкi тасымалдар;
      ауданаралық (қалааралық) тасымалдар;
      облысаралық тасымалдар;
      халықаралық тасымалдар.
      Қолданылу мерзiмiне және қызмет көлемiне қарай лицензиялардың мынадай түрлерi болуы мүмкiн:
      басты - мерзiмi шектелмей берiлетiн белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға;
      бiр жолғы - рұқсат етiлген көлем, салмақ немесе сан шегiнде белгiлi бiр шаруашылық операцияны жасауға.
       Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің  2004.12.31. N  1450  қаулысымен
      7. Лицензия және есеп құжаттарының бланкiлерi қатаң есептегi, есеп сериясы мен нөмiрi бар құжаттар болып табылады. 
      Лицензиялық құжаттардың әзiрленуiн, есебi мен сақталуын қамтамасыз ету лицензиарға жүктеледi. 
      8. Заңды және жеке тұлғалар лицензия алу үшiн лицензиарға мынадай құжаттарды тапсырады; 
      белгiленген үлгiдегi өтiнiш; 
      белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысу құқығы үшiн алым енгiзiлгенiн растайтын құжат; 
      заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркелгенi туралы куәлiктiң көшiрмесi; 
      жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат; 
      лицензиаттың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттар; 
      тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисi. <*>
       Ескерту. 8-тармақ абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.21. N 1165  қаулысымен , өзгеріс енгізілді - 2004.12.31. N  1450  қаулысымен
      9. Лицензиар ұсынылған мәлiметтiң дұрыстығына тексеру жүргiзуге құқылы. 
      10. Темiр жол көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi (қауiптi жүктердi) тасымалдауға пайдаланылатын жылжымалы құрам Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгiнде қолданылып жүрген техникалық талаптар мен ережелерге сәйкес болуы тиiс, ал халықаралық тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде - Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келiсiмдердiң және аумағы бойынша тасымалдау жүзеге асырылатын елдердiң талаптары мен ережелерiне сәйкес болуы тиiс. 
       Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.08.21. N 1095  қаулысымен , 2004.12.31. N  1450  қаулысымен .   
      11. Лицензия беру немесе одан бас тарту туралы шешiм барлық қажеттi құжаттарымен қоса өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қабылданады. 
      Өтiнiш етушiге лицензия беруден бас тарту кезiнде лицензия беру үшiн белгiленген мерзiмдерде жазбаша түрде дәлелдi жауап берiледi. 
      Лицензиялық алымның мөлшері мен оны төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен анықталады.<*> 
       Ескерту. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.21. N 1095 
қаулысымен
      12. Лицензияны жоғалтқан кезде лицензиат көшірмесін алуға құқылы. Лицензиар лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша он күннің ішінде лицензияның көшірмесін беруді жүргізеді. Бұл ретте лицензиат лицензиялық алым төлейді. 
      Лицензиясы бар жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, ол көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, бір ай мерзімде осы туралы лицензиарға жазбаша хабарлауға міндетті. 
      Заңды тұлғаның атауы, орналасқан жері (егер ол лицензияда көрсетілсе) өзгерген жағдайда, ол көрсетiлген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бiр айдың ішінде лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. 
      Лицензиар лицензиат тиісті жазбаша өтініш берген күннен бастап 10 күннің ішінде лицензияны қайта ресімдейді. Бұл ретте лицензиат лицензиялық алым төлейді.
     Лицензияны қайта ресімдеу және көрсетiлген құжатты беру кезiнде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртiппен және мөлшерде алым төленедi.
     Заңды тұлғаны қайта тiркеген кезде лицензия қолданылу мерзімі аяқталғанға дейiн күшiн сақтайды.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.08.21. N 1095   қаулысымен
     13. Лицензия иесi лицензия алған күннен бастап осы тасымалдау қызметiн жүзеге асыруға құқық алады. 

  3. Жауапкершiлiк және бақылау

      14. Тиiстi лицензиясы болмай немесе лицензиялық нормалар мен ережелердi бұза отырып темiр жол көлiгiнде жүктер мен жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтi жүзеге асыру - заңдармен белгiленген әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соғады. 
      15. Лицензия иесi: 
      көлiктiк қызмет көрсетуде қоғамның, қоршаған ортаның қауiпсiздiгiн, азаматтардың өмiрi мен денсаулығын, сондай-ақ жұмыстар мен қызмет көрсетуде сапа кепiлдiгiн, тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететiн шарттарды сақтауға; 
      Қазақстан Республикасының көлiктiк, салықтық және монополияға қарсы заңдарының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың ережелерiн сақтауға; 
      мiндеттi сақтандыру түрлерiн қамтамасыз етуге; 
      өз қызметiн лицензияда көзделген шарттарға қатаң сәйкестiкте жүзеге асыруға; 
      лицензиардың талап етуiмен лицензияланатын қызмет туралы мәлiметтер беруге, лицензиарға осы қызметке бақылау жасауға қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге; 
      заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензиарды хабардар етуге мiндеттi. 
      16. Лицензия күшiн тоқтатуға немесе тоқтата тұруға байланысты даулар заңдарда белгiленген тәртiппен шешiледi. 
      17. Лицензиат ақиқат емес мәлiмет бергенi үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен жауапкершiлiкке тартылады. 
      18. Лицензиялық ережелер мен шарттардың сақталуына бақылау жасаудың тәртiбiн Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi белгiлейдi. <*> 
      Лицензиар және оның лауазымды тұлғалары лицензиялау туралы заңнаманы бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң кесімдерімен белгіленген жауапкершілікте болады.<*> 
       Ескерту. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.08.21. N 1095 
қаулысымен .  
      Ескерту. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.07.17. N 794 
қаулысымен .  

  4. Жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi темiр жол 
көлiгiмен тасымалдау бойынша лицензияланатын қызметпен 
айналысатын субъектiлерге қойылатын бiлiктiлiк 
талаптары 

       19. Жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi темiр жол көлiгiмен тасымалдаумен айналысатын субъектiлер мынадай бiлiктiлiк талаптарына сай болуы тиiс: 
      штатты өтiнiш етiлген қызмет түрiне аттестатталған мамандармен жинақтауды қамтамасыз ету (мамандар тiзбесiн, аттестация жүргiзу тәртiбiн және қажеттi бiлiм көлемiн лицензиар белгiлейдi);<*> 
      лицензиялық қызметтi жүзеге асыру үшiн жылжымалы құрамның жарамдылығы туралы санитарлық және өрт қадағалау органдарының қорытындыларының болуы; 
      өтiнiш етушiнiң өндiрiстiк базасы тасымалдау процесi мен экология қауiпсiздiгi талаптарына жауап беруi тиiс;
      тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисi болуы. <*>
       Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.08.21. N 1095  қаулысымен .
       Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді- ҚР Үкіметінің 2003.11.21. N 1165  қаулысымен .  

Об утверждении Правил лицензирования перевозок пассажиров и грузов, опасных грузов железнодорожным транспортом в Республике Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 июля 1998 г. N 714. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2007 года N 544 (вводится в действие с 9 августа 2007 года)

       Сноска. Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1997 г. N 885 утратило силу  постановлением  Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2007 года N 544 (вводится в действие с 9 августа 2007 года)

       Сноска. В заголовке и тексте после слова "грузов" дополнены слова ", опасных грузов" - постановлением Правительства РК от 21 августа 2001 г. N 1095   P011095_   .  

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан, имеющим силу Закона, от 17 апреля 1995 года N 2200  Z952200_  "О лицензировании" (Ведомости Верховного Совета Республики Казахстан, 1995 г., N 3-4, ст. 37), постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 1995 года N 1894 "О реализации постановления Президента Республики Казахстан от 17 апреля 1995 года N 2201" (САПП Республики Казахстан, 1995 г., N 41, ст. 515) Правительство Республики Казахстан постановляет: 
      Утвердить прилагаемые Правила лицензирования перевозок пассажиров и грузов, опасных грузов железнодорожным транспортом в Республике Казахстан. 

 

      Премьер-Министр
  Республики Казахстан

 

                                            Утверждены
                                   постановлением Правительства
                                       Республики Казахстан
                                    от 29 июля 1998 года N 714

                                ПРАВИЛА 
      лицензирования перевозок пассажиров и грузов, опасных грузов 
          железнодорожным транспортом в Республике Казахстан 

                            1. Общие положения 

      1. Настоящими Правилами регламентируются отношения, связанные с лицензированием деятельности по перевозке пассажиров и грузов, опасных грузов железнодорожным транспортом, с целью государственного регулирования данного вида деятельности, обеспечения функционирования рынка транспортных услуг и защиты интересов их потребителей, защиты окружающей среды, собственности, жизни и здоровья граждан, соблюдения транспортного, лицензионного, антимонопольного законодательства, экологических, санитарных норм и требований безопасности движения. 
      2. Выдача лицензии получателю лицензии (лицензиату) на осуществление деятельности по перевозке пассажиров и грузов, опасных грузов железнодорожным транспортом производится Комитетом транспортного контроля Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан (далее - лицензиар).  <*> 
      Сноска. Пункт 2 с изменениями - постановлением Правительства РК от 17 июля 2002 года N 794   P020794_  
      3. Субъектами лицензирования являются граждане и юридические лица Республики Казахстан, иностранные юридические лица, иностранные граждане, лица без гражданства и международные организации. 
      4. Лицензированию подлежат перевозки грузов, опасных грузов (в том числе транзитных и экспортно-импортных) в международном прямом железнодорожном и внутриреспубликанском сообщениях; перевозки пассажиров (в том числе транзитных) в международном, прямом, местном и пригородном видах сообщений; перевозки опасных грузов. 

                  2. Условия и порядок выдачи лицензии  

      5. Выдача лицензий осуществляется лицензиаром на равных основаниях и условиях для всех лиц, квалификационный уровень которых соответствует предъявляемым требованиям, установленным настоящими Правилами. 
      Иностранные юридические и физические лица, а также лица без гражданства после налоговой регистрации получают лицензию на таких же условиях и в таком же порядке, что юридические и физические лица Республики Казахстан, если иное не предусмотрено законодательством. 
      Передача лицензии другим лицам запрещена. При передаче транспортных средств в доверительное управление или имущественный наем лицензия выдается доверенному лицу или нанимателю на общих основаниях, после представления акта приема-передачи этих средств. 
      Юридические и физические лица могут иметь одновременно лицензии на несколько видов лицензируемой деятельности на железнодорожном транспорте.
      6. Лицензии выдаются на следующие виды деятельности: 
      на перевозку пассажиров и грузов;
      на перевозку опасных грузов.
      Лицензии обозначаются знаками:
      на перевозку грузов - "Г";
      на перевозку пассажиров - "П";
      на перевозку грузов и пассажиров - "ГП";
      перевозку опасных грузов (с указанием вида опасного груза) - "ОГ".
      В лицензии также указывается территориальная сфера ее деятельности:
      внутренние перевозки;
      межрайонные (междугородние) перевозки;
      межобластные перевозки;
      международные перевозки.
      В зависимости от срока действия и объема деятельности лицензии могут быть следующих видов: 
      генеральные - на занятие определенным видом деятельности, выдаваемые без ограничения срока;
      разовые - на совершение определенной хозяйственной операции в пределах разрешенного объема, веса или количества.  <*>
      Сноска. Пункт 6 в новой редакции - постановлением Правительства РК от 31 декабря 2004 года  N 1450 .
      7. Бланки лицензий являются документами строгой отчетности, имеют учетную серию и номер.
      Обеспечение изготовления, учет и хранение лицензионных документов возлагаются на лицензиара.
      8. Для получения лицензии юридические и физические лица представляют лицензиару следующие документы:
      заявление установленного образца;
      документ, подтверждающий внесение сбора за право занятия определенным видом деятельности;
      копию свидетельства о государственной регистрации юридического лица;
      документ, удостоверяющий личность физического лица;
      документы, подтверждающие соответствие лицензиата квалификационным требованиям; 
      страховой полис по обязательному страхованию гражданско-правовой ответственности перевозчика перед пассажирами.  <*>
      Сноска. В пункт 8 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 21 ноября 2003 г.  N 1165 ; от 31 декабря 2004 года  N 1450 .
      9. Лицензиар вправе произвести проверку достоверности представляемых сведений. 
      10. Подвижной состав, используемый для перевозки пассажиров и грузов (опасных грузов) на железнодорожном транспорте, должен соответствовать техническим требованиям и правилам, действующим на железнодорожном транспорте Республики Казахстан, а при осуществлении международных перевозок - требованиям и правилам международных соглашений, участницей которых является Республика Казахстан, и стран, по территории которых осуществляется перевозка. 
       Сноска. В пункт 10 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 21 августа 2001 г. N 1095   P011095_ от 31 декабря 2004 года  N 1450 .
      11. Решение о выдаче или отказе в выдаче лицензии принимается не позднее месячного срока со дня подачи заявления со всеми необходимыми документами. 
      При отказе в выдаче лицензии заявителю дается мотивированный ответ в письменном виде в сроки, установленные для выдачи лицензии. 
      Размер лицензионного сбора, порядок его уплаты, а также размер отчислений в пользу лицензиара определяются налоговым законодательством Республики Казахстан. 
       Сноска. В пункт 11 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 21 августа 2001 г. N 1095  P011095_   .  
      12. В случае утраты лицензии лицензиат для продолжения лицензируемой деятельности обязан в 10-дневный срок подать заявление о выдачи соответствующего дубликата. Порядок выдачи дубликата определяется лицензиаром. 
      При перерегистрации юридического лица лицензия сохраняет силу до истечения срока действия. 
       Сноска. Пункт 12 - в редакции постановления Правительства РК от 21 августа 2001 г. N 1095   P011095_   .  
      13. Владелец лицензии получает право осуществлять данную перевозочную деятельность со дня получения лицензии. 

                     3. Ответственность и контроль  

      14. Осуществление деятельности по перевозке грузов, опасных грузов и пассажиров на железнодорожном транспорте без соответствующей лицензии либо с нарушением лицензионных норм и правил влечет установленную законодательством административную и уголовную ответственность. 
      15. Владелец лицензии обязан: 
      соблюдать условия предоставления транспортных услуг, обеспечивающие безопасность общества, окружающей среды, жизни и здоровья граждан, а также гарантию качества работ и услуг, защиту прав потребителей; 
      соблюдать требования транспортного, налогового и антимонопольного законодательства Республики Казахстан, а также положений международных договоров, участником которых является Республика Казахстан; 
      обеспечивать обязательные виды страхования; 
      осуществлять свою деятельность в строгом соответствии с условиями, предусмотренными в лицензии; 
      по требованию лицензиара предоставлять сведения о лицензируемой деятельности, обеспечивать доступ лицензиару для осуществления контроля за этой деятельностью; 
      информировать лицензиара в случае реорганизации юридического лица. 
      16. Споры, связанные с прекращением или приостановлением действия лицензии, разрешаются в установленном законодательством порядке. 
      17. Лицензиат несет ответственность за недостоверность представленных сведений в установленном законодательством порядке. 
      18. Порядок осуществления контроля за соблюдением лицензионных правил и условий устанавливается Комитетом транспортного контроля Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан. 
      Лицензиар и его должностные лица за нарушение законодательства о лицензировании несут установленную законодательными актами Республики Казахстан ответственность. 
       Сноска. В пункт 18 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 21 августа 2001 г. N 1095   P011095_   ; постановлением Правительства РК от 17 июля 2002 года N 794   P020794_   .  

              4. Квалификационные требования к субъектам, 
               занимающимся лицензируемой деятельностью 
          по перевозке пассажиров и грузов, опасных грузов 
                      железнодорожным транспортом  

      19. Субъекты, занимающиеся перевозкой пассажиров и грузов, опасных грузов железнодорожным транспортом, должны соответствовать следующим квалификационным требованиям: 
      обеспечивать укомплектованность штата аттестованными специалистами по заявленному виду деятельности (перечень специалистов, порядок проведения аттестации и объем необходимых знаний устанавливается лицензиаром); 
      иметь заключения органов санитарного и пожарного надзора о пригодности подвижного состава к осуществлению лицензионной деятельности; 
      производственная база заявителя должна отвечать требованиям безопасности перевозочного процесса и экологии;
      иметь страховой полис по обязательному страхованию гражданско-правовой ответственности перевозчика перед пассажирами.  <*> 
      Сноска. В пункт 19 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 21 августа 2001 г. N 1095   P011095_   ;   от 21 ноября 2003 г.  N 1165  .