Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 мамырдағы N 885 және 1998 жылғы 29 шiлдедегi N 714 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1450. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.28. N 544 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. Қаулысы

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) "Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүк, қауiптi жүктер тасымалын лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 мамырдағы N 885  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1997 ж., N 23, 203-құжат):

      тақырыбында және мәтiнiнде "лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы Ереженi", "лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы Ереже" деген сөздер "лицензиялау ережесiн", "лицензиялау ережесi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы теңiз және өзен көлiгiнде жолаушылар мен жүк, қауiптi жүктер тасымалын лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы ережеде:
      тақырыбында "лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы Ереже" деген сөздер "лицензиялау ережесi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақта ", ал көлiк құралында осы қызметтiң түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын есеп құжаты" деген сөздер алынып тасталсын;

      7-тармақта "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлiгi (лицензиар)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi Көлiктiк бақылау комитетiнiң органдары (бұдан әрi - лицензиар)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Лицензиялар теңiз және өзен көлiгiндегi қызметтің мынадай түрлерiне берiледi:
      жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға;
      қауiптi жүктердi тасымалдауға.
      Лицензиялар мынадай белгiлермен белгiленедi:
      жүктердi тасымалдауға - "Жүк";
      жолаушыларды тасымалдауға - "Ж";
      қауіпті жүктерді тасымалдауға (қауіпті жүктің түрі көрсетіледі) - "ҚЖ".
      Қолданылу мерзiмiне және қызметiнiң көлемiне қарай лицензиялардың мынадай түрлерi болуы мүмкiн:
      басты - мерзiмi шектелмей берiлетiн белгiлi бір қызмет түрiмен айналысуға;
      бір жолғы - рұқсат етiлген көлем, салмақ немесе сан шегiнде белгiлi бiр шаруашылық операцияны жасауға.";

      9-тармақта "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнің Көлiктiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "16. Екi және одан көп көлiк құралдарының иелерi - жеке және заңды тұлғаларға лицензия ресiмдеу кезiнде әрбiр көлiк бiрлiгiне лицензияның бар екенін растайтын құжат берiледi.";

      22-тармақта:
      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "лицензиялар берудiң тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес белгiленетiн жағдайлардан басқа, азаматтың кәсiпкерлiк қызметi тоқтатылған бір түрдегi заңды тұлғаның екiншi түрдегi заңды тұлға болып қайта құрылуын (ұйымдастыру-құқықтық, нысаны өзгеруiн) қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;";

      мемлекеттік тiлдегi мәтiнде "жасалған" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "лицензияны лицензиарға ерiктi түрде қайтарған.";

      23-тармақ алынып тасталсын;

      мемлекеттiк тілдегi мәтiнде "жойылмаған" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, 24-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "лицензиат лицензия алу кезiнде көрiнеу жалған ақпарат берген;";

      2) "Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiптi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 шiлдедегi N 714  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 24, 212-құжат):

      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiпте:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Лицензиялар қызметтiң мынадай түрлерiне берiледi:
      жолаушылар мен жүктердi тасымалдауға;
      қауiптi жүктердi тасымалдауға.
      Лицензиялар мынадай белгiлермен белгiленедi:
      жүктердi тасымалдауға - "Жүк";
      жолаушыларды тасымалдауға - "Ж";
      жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға - "ЖүкЖ";
      қауiптi жүктердi тасымалдауға (қауiптi жүктiң түрi көрсетiледi) - "ҚЖ".
      Лицензияда, сондай-ақ оның қызметiнiң аумақтық саласы көрсетiледi:
      iшкi тасымалдар;
      ауданаралық (қалааралық) тасымалдар;
      облысаралық тасымалдар;
      халықаралық тасымалдар.
      Қолданылу мерзiмiне және қызмет көлемiне қарай лицензиялардың мынадай түрлерi болуы мүмкiн:
      басты - мерзiмi шектелмей берiлетiн белгiлi бiр қызмет түрiмен айналысуға;
      бiр жолғы - рұқсат етiлген көлем, салмақ немесе сан шегiнде белгiлi бiр шаруашылық операцияны жасауға.";

      8-тармақтың жетiншi абзацы және 10-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      міндетін атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады