Қазақстан Республикасында көлiктегi қызметтi лицензиялаудың кейбiр мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 17 шілде N 794. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.06.28. N 544 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған мыналар бекiтiлсiн: 
      1) Қазақстан Республикасында қауіпті жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын темiр жол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу, арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу жөніндегi қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын біліктілiк талаптары;
      2) кемелерге, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз және өзен порттарының қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктілiк талаптары; 
      3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.08.11. N  842 , 2005.09.02. N  893  (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан  қараңыз) қаулыларымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2002 жылғы 17 шiлдедегi  
N 794 қаулысымен     
бекiтiлген         

   Қазақстан Республикасында қауіпті жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын темiр жол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу, арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу жөнiндегі қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын білiктілiк талаптары

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.02. N  893  (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.

      1. Темiр жол жылжымалы құрамын жасау және жөндеу жөнiндегi қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары мыналардың болуын қамтиды:
      1) нормативтiк-техникалық талаптарға сәйкес өндiрiстiк алаңдар, сондай-ақ жабдықтар, құрал-саймандар, өлшеу құралдары, айнымайтын бақылау және ақаутанығыш аспаптар, вагондарды және/немесе контейнерлердi әрi олардың тораптарын қабылдап алу жүйелерi; 
      2) темiр жол жылжымалы құрамының жасалуына және жөнделуiне жауапты адамдардың тапсырыс берушi бекiткен тiзiмi.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.09.02. N  893  (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.
      2. Қауіптi жүктердi тасымалдау үшін қолданылатын арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу жөнiндегi қызметті лицензиялау кезiнде қойылатын білiктілiк талаптары мыналардың болуын қамтиды:
      1) нормативтiк-техникалық талаптарға сәйкес өндiрiстiк алаңдар, жабдықтар, құрал-саймандар, өлшеу құралдары, айнымайтын бақылау және ақаутапқыш приборлар, вагондарды және/немесе контейнерлердi әрi олардың тораптарын қабылдап алу жүйелерi;
      2) қауіпті жүктердi тасымалдау үшін қолданылатын арнайы контейнерлердің жасалуына және жөнделуiне жауапты адамдардың тапсырыс берушi бекiткен тiзiмi.
       Ескерту. 2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.09.02. N  893  (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан  қараңыз) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2002 жылғы 17 шiлдедегi  
N 794 қаулысымен      
бекiтiлген         

  Кемелерге жолаушыларға және жүктерге қызмет
көрсетуге байланысты теңiз және өзен порттарының қызметiн
лицензиялау кезiнде қойылатын білiктiлiк талаптары

       Ескерту. Өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.08.11. N 842  қаулысымен .

      1. Кемелерге, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз және өзен порттарының қызметiн лицензиялау кезiнде қойылатын біліктілік талаптары мыналардың болуын қамтиды: <*>
      1) техникалық қадағалау органдарының тиiстi қорытындылары бар мамандандырылған машиналар мен жүк көтергiш тетiктер; 
      2) кемелерге мен жүктерге қызмет көрсететiн теңiз және өзен порттарының әрбiр қызметi бойынша бiлiктi мамандар (бiлiктiлiгiн растайтын құжаттардың болуы); <*>
      3) жүктердi сақтауға арналған жабық үй-жайлар (қоймалар) мен аумақтар; 
      4) жолаушыларға қызмет көрсету үшiн жабдықталған үй-жайлар (сапаржай); 
      5) теңiз және өзен порттарында жүзу қауiпсiздiгiнiң талаптарына жауап беретiн навигациялық ахуал құралдары; <*>
      6) тапсырыс берушiнiң экологиялық және санитарлық нормалар талаптарына сәйкестiгiн растайтын экологиялық және санитарлық қадағалау органдарының қорытындылары.

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2002 жылғы 17 шiлдедегi  
N 794 қаулысымен      
бекiтiлген         

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):

      1) лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиярлардың) тiзбесiнде: 
      реттiк нөмiрi 3-жолдың 3-бағаны: 
      "теңiз" деген сөзден кейiн "және темiр жол" деген сөздермен толықтырылсын; 
      "әуе" деген сөзден кейiнгi "және темiр жол" деген сөздер алынып тасталсын; 
      "қауiптi жүктердi тасымалдау үшiн қолданылатын темiр жол жылжымалы құрамын, арнайы контейнерлердi жасау және жөндеу; теңiз кемелерiне, жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз порттарының қызметi" деген сөздермен толықтырылсын: 
      реттiк нөмiрi 40-жол алынып тасталсын;

      2) санитарлық, экологиялық және тау-кен техникалық қадағалау органдарының қорытындысы қажет лицензияланатын жұмыстар мен қызметтер түрлерінің тiзбесiнде: 
      1-бөлім мынадай мазмұндағы 25-1-тармақпен толықтырылсын: 
      "25-1. Теңiз кемелерiне жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз порттарының қызметi."; 
      2-бөлім мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын: 
      "21-1. Теңiз кемелерiне жолаушыларға және жүктерге қызмет көрсетуге байланысты теңiз порттарының қызметi.".

      2. "Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiптi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 29 шiлдедегi N 714  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 24, 212-құжат):

      Қазақстан Республикасында темiр жол көлiгiмен жолаушыларды және жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды лицензиялау туралы тәртiпте: 
      2 және 18-тармақтарда "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi", "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3.  күші жойылды

      4.  күші жойылды
       Ескерту. 3,4-тармақтардың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.24. N  1232  қаулысымен.  

      5.  күші жойылды  

       Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды -   ҚР Үкіметінің 2007.07.19. N  610  (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады