"1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 шілдедегі N 703 P980703_ қаулысының 2-тармағының 1-тармақшасын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламалары (1-қосымша) және жергілікті атқарушы органдардың бағдарламалары мен кіші бағдарламалары (2-қосымша) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің және Қаржы министрлігінің келісімімен 1998 жылғы 10 тамызға дейін мерзімде 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Республикалық және жергілікті деңгейлерде орындалатын мемлекеттік тапсырыстар туралы тәртіпті бекітсін.
3. Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің келісімімен 1998 жылғы 1 желтоқсанға дейін мерзімде облыстық, қалалық, аудандық бюджеттердің және арнайы экономикалық аймақтар бюджеттерінің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің тізбесін бекітсін.
4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
- 1998 жылғы 10 тамызға дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне орталық және аумақтық әлеуметтік қорғау органдарының құрылымын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізсін;
- 1998 жылғы 1 желтоқсанға дейін жергілікті деңгейде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі әдістемелік нұсқауларды бекітсін.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1999 жылға арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру кезінде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ақшалай жәрдемақы төлеу нысанында жеңілдіктер және өтемақылар беруді көздесін.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1999 жылға арналған мемлекеттік бюджеттің жобасын қалыптастыру кезінде кәсіпкерлікпен және өзге қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардан Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа міндетті зейнетақы жарналары аударылымдарының республикалық бюджеттің кірісіне және әлеуметтік сақтандыру және жұмыспен қамту жөніндегі міндетті жарналардың тиісті бюджеттердің кірісіне түсуін ескерсін.
7. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің келісімімен
мүдделі министрліктермен бірлесіп айлық-мерзім ішінде Қазақстан
Республикасының Үкіметіне қолданылып жүрген заңдарға өзгерістер мен
толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс енгізсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 4 тамыздағы
N 739 қаулысына
1-қосымша
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
бағдарламалары мен кіші бағдарламалары
__________________________________________________________________________
|N | Атауы | 1998 жылғы | 1999 жылға
| | | қаржыландыру | арналған
| | | нысаны | қаржыландыру
| | | | нысаны
|__|___________________________________|______________|____________________
|4 |Білім | |
| |Республикалық деңгейде орындалатын | Ұстауға | Көрсетілген
| |мемлекеттік тапсырыстар | | қызмет
| |Мемлекеттік мекемелердің кадрларын | | үшін
| | қайта даярлау | |
|6 |Әлеуметтік сақтандыру және | |
| | қамтамасыз ету | |
| |Республикалық деңгейдегі әкімшілік | |
| | шығындары | бұл да | Ұстауға
| |Орталық органның аппараты | |
| |Зейнетақылар мен әлеуметтік | |
| |жәрдемақыларды тағайындау жөніндегі| бұл да | бұл да
| |аумақтық басқармалар | |
| |Республикалық деңгейде орындалатын | |
| |зейнетақы бағдарламалары | |
| |Ынтымақтастық зейнетақыларын төлеу | |
| |Жалпы мемлекеттік әлеуметтік жәр- | |
| |демақылар | |
| | Мүгедектік бойынша | |
| |Асыраушысынан айрылуы жағдайы | |
| |бойынша | |
| |Жасы бойынша | |
| | Арнайы мемлекеттік әлеуметтік | |
| | жәрдемақы | |
| |Ұлы Отан соғысының мүгедектері | |
| |Ұлы Отан соғысына қатысушылар | |
| |Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне | |
| |теңестірілген адамдар | |
| |Ұлы Отан соғысына қатысушыларға | |
| |теңестірілген адамдар | |
| |Ұлы Отан соғысының қатысушыларына | |
| |теңестірілген басқа да санаттар | |
| |Ұлы Отан соғысында қаза тапқан | |
| |жауынгерлердің жесірлері | |
| |Қаза тапқан әскери қызметшілердің | |
| |отбасылары | |
| | Қайтыс болған Ұлы Отан соғысы | |
| |мүгедектерінің әйелдері (ерлері) | |
| |Тылдағы майданға қатысушылар | |
| |Чернобыль атом-электр станциясын- | |
| |дағы аварияның зардаптарын жоюға | |
| |қатысушылар | |
| |Ақталған азаматтар | |
| |1 және 2-топтағы мүгедектер | |
| |3-топтағы мүгедектер | |
| |16 жасқа дейінгі мүгедек балалар | |
| |Айрықша еңбегі үшін зейнетақы | |
| |алатын адамдар | |
| |Көп балалы аналар | |
| |"Халық қаһарманы", Социалистік | |
| |Еңбек Ері, Кеңес Одағының Батыры | |
| |мемлекеттік наградалары бар, Даңқ | |
| |орденінің барлық 3 дәрежесімен, | |
| |"Даңқ", "Отан" ордендерімен | |
| |марапатталған адамдар | |
| |Бір жолғы мемлекеттік ақшалай | |
| |өтемақылар | |
| |Семей ядролық сынақ полигонында | |
| |ядролық сынақтардың салдарынан | |
| |зардап шеккен зейнеткерлерге | |
| |Ақталған азаматтарға - жаппай саяси| |
| |қуғын-сүргіндердің құрбандарына | |
| |Ақталған азаматтардың залалдарын | Ұстауға | Ұстауға
| |өтеу | |
| |Мүгедектер мен ардагерлерді оңалту | |
| |Мемлекеттік мекемелер | |
| |Соғыс және еңбек ардагерлеріне | |
| |арналған "Ардагер" республикалық | |
| |пансионаты | |
| |Республикалық дәрежедегі медицина- | бұл да | бұл да
| |лық әлеуметтік сараптама комиссиясы| |
| | Мемлекеттік мекемелер | бұл да | Көрсетілген
| |Республикалық медициналық-әлеумет- | | қызмет үшін
| | тік сараптама комиссиясы | |
| |Республикалық деңгейде орындалатын | |
| |мемлекеттік тапсырыстар | |
| |Протездеу жөніндегі медициналық | |
| |қызметтер көрсету және протездік- | |
| |ортопедикалық бұйымдармен қамтама- | |
| |сыз ету | |
| | Жүріп-тұруды арнаулы құралдармен | |
| | қамтамасыз ету және оларға техни- | |
| |калық қызмет көрсету | |
| | Мүгедектердің қоғамдық ұйымдары | |
| | үшін сурдо-тифлотехника құралдарын| |
| |сатып алу | |
| |Жұмыспен қамтудың ақпараттық база- | |
| |сын құру және қолдау | |
| | Үйлерді күту және қызметкерлердің | |
| |қызметін қамтамасыз ету | |
| |Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекет-| |
| |тік орталықтың зейнетақы мен жәр- | |
| |демақы төлеу жөніндегі қызмет- | |
| |теріне ақы төлеу | |
|__|___________________________________|______________|____________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 4 тамыздағы
N 739 қаулысына
2-қосымша
Жергілікті атқарушы органдардың бағдарламалары және кіші
бағдарламалары
__________________________________________________________________________
|N | Атауы | 1998 жылғы | 1999 жылға
| | | қаржыландыру | арналған
| | | нысаны | қаржыландыру
| | | | нысаны
|__|___________________________________|______________|____________________
|6 |Әлеуметтік сақтандыру және | |
| |қамсыздандыру | |
| |Жергілікті деңгейдегі әкімшілік | Ұстауға |Ұстауға
| |шығындары | |
| | Жергілікті еңбек, жұмыспен қамту | |
| |және әлеуметтік қамсыздандыру | |
| |органдары | |
| |Жұмыспен қамту бағдарламасы | |Орындалатын
| |(қоғамдық жұмыстар, жұмыссыздарды | |жұмыстың көлемі
| |кәсіби даярлау және қайта даярлау | |бойынша
| | және жұмыссыздарды жұмыспен | |
| |қамтуға жәрдемдесу) | |
| |Тұрмысы төмен азаматтарға өтініш | |
| | беру-бөлу жүйесі бойынша әлеумет- | |
| |тік жәрдем көрсету (тууға, жерлеуге| |
| |көмек, тұрғын үй көмегі, балалары | |
| |мен жұмыссыздары бар отбасыларына | |
| | көмек) | |
| |Жергілікті деңгейде интернаттық |бұл да | Ұстауға
| |тұрпаттағы мекемелер арқылы көрсе- | |
| |тілетін әлеуметтік қамсыздандыру | |
| |Мемлекеттік мекемелер | |
| |Сәби мүгедектерге арналған интер- | |
| |нат-үйлері және психоневрологиялық | |
| |интернат-үйлері | |
| |Қарттар мен жалпы тұрғыдағы | |
| |мүгедектерге арналған интернат- | |
| |үйлері | |
| |Үйде әлеуметтік көмек көрсету | |
| |аумақтық орталықтары мен | |
| |бөлімшелері | |
| |Жергілікті деңгейдегі медициналық- | |
| |әлеуметтік сараптама | |
| |Мемлекеттік мекемелер | |
| |Облыстық, қалалық және аудандық |бұл да | бұл да
| |медициналық-әлеуметтік сараптама | |
| |комиссиялары | |
| |Жергілікті деңгейде орындалатын |бұл да | Көрсетілген
| |мемлекеттік тапсырыстар | | қызметтер үшін
| |Мүгедектерді оқыту және жұмысқа | |
| |орналастыру | |
| |Үйлерді күту және қызметкерлердің | |
| |жұмысын қамтамасыз ету | |
|__|___________________________________|______________|____________________