"ҚХЖБ-топ" Ұлттық инвестициялық акционерлік компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 шілдедегі N 4003 U984003_ Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті "Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт- импорт банкі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын белгіленген тәртіппен "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы етіп қайта құрсын.
2. "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының құқықтық мұрагері болып табылады деп белгіленсін.
3. "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының жарғылық қоры "Эрнст және Янг" фирмасы жүргізген аудиттің нәтижесіне сәйкес 1997 жылдың 31 желтоқсанындағы жай-күйі бойынша, сондай-ақ 1998 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызметінің нәтижелері есепке алына отырып қалыптастырылсын.
4. "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы тіркелген соң, акцияларының мемлекеттік пакеті "ҚХЖБ-топ" Ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясының" сенімгерлік басқаруына берілсін.
5. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру
департаменті "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамымен бірлесіп
бір айлық мерзімде, оны мемлекеттік тіркеуден өткізген соң, Қазақстан
Республикасы Үкіметінің бұрын шығарылған актілерін осы қаулымен сәйкес
келтіру туралы ұсыныс енгізсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі