Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт- импорт банкін қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 26 тамыз N 805

     "ҚХЖБ-топ" Ұлттық инвестициялық акционерлік компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 шілдедегі N 4003 U984003_ Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті "Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт- импорт банкі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын белгіленген тәртіппен "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы етіп қайта құрсын.
      2. "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік Экспорт-импорт банкі" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының құқықтық мұрагері болып табылады деп белгіленсін.
      3. "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамының жарғылық қоры "Эрнст және Янг" фирмасы жүргізген аудиттің нәтижесіне сәйкес 1997 жылдың 31 желтоқсанындағы жай-күйі бойынша, сондай-ақ 1998 жылдың бірінші жарты жылдығындағы қызметінің нәтижелері есепке алына отырып қалыптастырылсын.
      4. "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамы тіркелген соң, акцияларының мемлекеттік пакеті "ҚХЖБ-топ" Ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясының" сенімгерлік басқаруына берілсін.
      5. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан

 

Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру

департаменті "Қазақстан Эксимбанкі" жабық акционерлік қоғамымен бірлесіп

бір айлық мерзімде, оны мемлекеттік тіркеуден өткізген соң,  Қазақстан

Республикасы Үкіметінің бұрын шығарылған актілерін осы қаулымен сәйкес

келтіру туралы ұсыныс енгізсін.

     6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


      Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі





О реорганизации государственного Экспортно-импортного банка Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 августа 1998 года N 805

      В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 2 июля 1998 г. N 4003 U984003_ "О создании "Национальной инвестиционной акционерной компании "НСБК-груп" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Департаменту государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан преобразовать в установленном порядке государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "государственный Экспортно-импортный банк Республики Казахстан" в закрытое акционерное общество "Эксимбанк Казахстан".
      2. Установить, что закрытое акционерное общество "Эксимбанк Казахстан" является правопреемником государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "государственный Экспортно-импортный банк Республики Казахстан".
      3. Уставный капитал закрытого акционерного общества "Эксимбанк Казахстан" сформировать в соответствии с результатами аудита, проведенного фирмой "Эрнст и Янг" по состоянию на 31 декабря 1997 года, а также с учетом результатов деятельности за первое полугодие 1998 года.
      4. После регистрации закрытого акционерного общества "Эксимбанк Казахстан" государственный пакет акций передать в доверительное управление "Национальной инвестиционной финансовой компании "НСБК-груп".
      5. Министерству юстиции Республики Казахстан, Департаменту государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с закрытым акционерным обществом "Эксимбанк Казахстан" в месячный срок после его государственной регистрации внести предложения о приведении ранее изданных актов Правительства Республики Казахстан в соответствие с настоящим постановлением.
      6. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 

     Премьер-Министр

     Республики Казахстан