"ҚХЖБ-топ" Ұлттық инвестициялық қаржы акционерлiк компаниясын" құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1998 жылғы 2 шілде N 4003. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2000.01.21. N 326 жарлығымен. ~U000326

      Қазақстан Республикасының қаржы жүйесiн қазiргi заманғы қаржылық, инвестициялық технологиялар мен құралдарды дамыту жолымен одан әрi жетiлдiру мақсатында, сондай-ақ олардың экономиканы реформалау процесiндегi маңызын ескере отырып қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) Бiр ай мерзiмде компанияның жарғылық капиталына мемлекеттiң 100%-тiк қатысуымен "ҚХЖБ-топ" "Ұлттық инвестициялық қаржы акционерлiк компаниясы" (бұдан былай - "ҚХЖБ-топ") жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамын құруды қамтамасыз етсiн.
      2) "ҚХЖБ-топтың" сенiмдi басқаруына:
      - "Қазақстан Халықтық жинақ банкi" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн;
      - акционерлiк қоғамдар болып қайта құрылғаннан кейiн алынған мынадай мемлекеттiк кәсiпорындардың:
      "Қазақстан мемлекеттiк экспорт-импорт банкi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы Республикалық мемлекеттiк кәсiпорны;
      "Қазақшетсақтандыру" Қазақстан Республикасының шетелдiк сақтандыру жөнiндегi мемлекеттiк компаниясы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорны акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн беретiн болсын.
      3) "ҚХЖБ-топ" Ұлттық инвестициялық қаржы акционерлiк компаниясы қызметiнiң негiзгi мәнi:
      - инвестициялық тәуекелдердi сақтандыру жүйесiн құру мен дамыту;
      - почта-жинақтау жүйесi мен ақша төлем карточкаларының ұлттық жүйесiн дамыту;
      - инвестициялық қорларды дамытуды ынталандыру;
      - зейнетақылық және әлеуметтiк қызмет көрсету инфрақұрылымын одан әрi жетiлдiру;
      - қор рыногы инфрақұрылымын жетiлдiруге қатысу;
      - қызмет көрсету саласында шағын және орта бизнестi жеделдете дамытуға септiгiн тигiзетiн франчайзинг жүйелерiн дамыту;
      - ұлттық акционерлiк компаниялар мен мемлекеттiк кәсiпорындарға қаржы мәселелерi жөнiнде консультациялар беру деп айқындасын.
      4) Почта-жинақтау жүйесiн құру мен дамыту мақсатында "ҚХЖБ-топпен" бiрлесiп бағдарлама әзiрлеп, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Республикалық мемлекеттiк почта байланысы кәсiпорнын қайта құруды жүзеге асыратын болсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
 

     Қазақстан Республикасының

             Президентi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады