"1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 шілдедегі N 703 P980703_ қаулысының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық Басқармасы бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық Басқармасы (келісім бойынша):
1998 жылдың 7 қыркүйегіне дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және Қаржы министрлігімен келісім бойынша жоғарыда аталған тізбеге сәйкес Шаруашылық Басқармасының мемлекеттік тапсырыстарын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік құжаттарды бекітсін;
бір айлық мерзім ішінде қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс әзірлесін және енгізсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
5 қыркүйектегі
N 848 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық Басқармасының
бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының
тізбесі
__________________________________________________________________________
|N | Атауы | 1998 жылғы | 1999 жылға
| | | қаржыландыру | арналған
| | | нысаны | қаржыландыру
| | | | нысаны
|__|___________________________________|______________|____________________
|1 |Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет | |
| |көрсетулер | |
| |Республикалық деңгейдегі әкімшілік |Ұстауға | Ұстауға
| |шығыстар | |
| |Орталық органның аппараты | |
| |Республикалық деңгейде орындалатын | Бұл да | Көрсетілген
| |мемлекеттік тапсырыстар | | қызметтер үшін
| |Ғимараттарды күту және қызметкер- | |
| |лердің қызметін қамтамасыз ету | |
|__|___________________________________|______________|____________________