"1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 шілдедегі N 703 P980703_ қаулысының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі:
1998 жылдың 14 қыркүйегіне дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша жоғарыда аталған тізбеге сәйкес Министрліктің мемлекеттік тапсырыстарын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік құжаттарды бекітсін;
бір айлық мерзім ішінде қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныс әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
11 қыркүйектегі
N 878 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы
Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің бағдарламалары мен кіші
бағдарламаларының тізбесі
__________________________________________________________________________
|N | Атауы | 1998 жылғы | 1999 жылға
| | | қаржыландыру | арналған
| | | нысаны | қаржыландыру
| | | | нысаны
|__|___________________________________|______________|____________________
|1 |"Шығыстар" бөлімі | |
| |Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет | Ұстауға | Көрсетілген
| |көрсетулер | | қызметтер
| |Республикалық деңгейде орындалатын | | үшін
| | мемлекеттік тапсырыстар | |
| |Энергетика, индустрия, құрылыс, | |
| | стандарттау, сертификаттау, | |
| |метрология және сапа жүйелері | |
| |салаларындағы қолданбалы зерттеулер| |
| |Деректердің автоматтандырылған | |
| |ақпараттық базасын құру | |
|11|Отынды қоспағандағы тау-кен өнер- | |
| |кәсібі және пайдалы қазбалар; | |
| |өңдеу өнеркәсібі; құрылыс | |
| |Қарағанды көмір бассейнінің шахта- | |
| |ларын (Горбачев атындағы, "Киров", | |
| |"Арман" шахталары) жабу | |
| |Жобалау-іздестіру, конструкторлық |Орындалатын |Бұл да
| |және технологиялық жұмыстар |жұмыстардың |
| | |көлемі бойынша|
| |Республикалық деңгейде орындалатын |Ұстауға |Бұл да
| |мемлекеттік тапсырыстар | |
| |Халықаралық, аймақтық және ұлттық | |
| |стандарттарды сатып алу | |
| |Республиканың заттай көлемдер | |
| |бірлігінің ұлттық эталонды базасын | |
| |қолдау және құру | |
| |Мемлекеттік резервті қалыптастыру | |
| |және сақтау | |
| |Өнеркәсіп конверсиясын жүргізу | |
| |Дүниежүзілік "ЭКСПО-2000"көрмесіне | |
| |Республиканың экспозициясын | |
| |дайындау | |
|13|Экономикалық қызметке байланысты | |
| |басқа да қызмет көрсетулер | |
| |Республикалық деңгейдегі әкімшілік |Бұл да |Ұстауға
| |шығыстар | |
| |Орталық органдардың аппараты | |
| |Аумақтық органдардың аппараты | |
| |Республикалық деңгейде орындалатын |Бұл да |Көрсетілген
| |мемлекеттік тапсырыстар | |қызметтер үшін
| |Ақпараттық-есептеу қызметі | |
| |Ғимараттарды күту және қызметкер- | |
| |лердің қызметін қамтамасыз | |
| |ету | |
|__|___________________________________|______________|____________________