"1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 шілдедегі N 703 P980703_ қаулысының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына:
1998 жылдың 21 қыркүйегіне дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және Қаржы министрлігімен келісім бойынша жоғарыда аталған тізбеге сәйкес Басқарманың мемлекеттік тапсырыстарын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік құжаттарды бекіту;
бір айлық мерзім ішінде қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс әзірлеу және енгізу ұсынылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-МИнистрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
15 қыркүйектегі
N 889 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы
Президенті Іс Басқармасының бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының
тізбесі
__________________________________________________________________________
|N | Атауы | 1998 жылғы | 1999 жылға
| | | қаржыландыру | арналған
| | | нысаны | қаржыландыру
| | | | нысаны
|__|___________________________________|______________|____________________
|1 |Жалпы сипаттағы мемлекеттік | |
| |қызметтер | |
| |Республикалық деңгейдегі әкімшілік | Ұстауға |Ұстауға
| |шығыстар | |
| | Орталық органның аппараты | |
| |Республикалық деңгейде орындалатын |Бұл да |Көрсетілген
| |мемлекеттік тапсырыстар | |қызметтер үшін
| |Астана қаласында бірінші кезектегі | |
| |объектілерді салу | |
| |Мемлекеттік резиденциялардың | |
| |жұмыс істеуін қамтамасыз ету | |
| |Ресми делегацияларға қызмет көрсету| |
| |Ғимараттарды күту және қызметкер- | |
| |лердің қызметін қамтамасыз ету | |
|4 |Білім беру | |
| |Республикалық деңгейде орындалатын |Бұл да |Бұл да
| |мемлекеттік тапсырыстар | |
| | Мектеп жасына дейінгі балаларды | |
| | тәрбиелеу | |
|5 |Денсаулық сақтау | |
| |Республикалық деңгейде орындалатын |Бұл да |Бұл да
| |мемлекеттік тапсырыстар | |
| | Санаторлық-сауықтыру жұмыстары | |
| | Мемлекеттік органдар мен мемлекет-| |
| |тік мекемелердің қызметшілеріне | |
| |медициналық жәрдем берудің кепілді | |
| |көлемін қамтамасыз ету | |
| |Республикалық деңгейде қауіпті |Бұл да |Ұстауға
| |індеттердің алдын алу олармен | |
| |күрес жүргізу | |
| | Мемлекеттік мекемелер | |
| |Санитарлық-эпидемиологиялық | |
| |станция | |
|8 |Демалысты ұйымдастырумен мәдениет | |
| |саласындағы қызмет | |
| |Республикалық деңгейде орындалатын |Бұл да |Көрсетілген
| |мемлекеттік тапсырыстар | |қызметтер үшін
| |Балалармен мәдени шаралар жүргізу | |
|__|___________________________________|______________|____________________