"1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 шілдедегі N 703 P980703_ қаулысының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасына:
1998 жылдың 21 қыркүйегіне дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және Қаржы министрлігімен келісім бойынша жоғарыда аталған тізбеге сәйкес Бас Прокуратураның мемлекеттік тапсырыстарын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік құжаттарды бекіту;
бір айлық мерзім ішінде қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс әзірлеу және енгізу ұсынылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
16 қыркүйектегі
N 896 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Бас
Прокуратурасының бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының
тізбесі
__________________________________________________________________________
|N | Атауы | 1998 жылғы | 1999 жылға
| | | қаржыландыру | арналған
| | | нысаны | қаржыландыру
| | | | нысаны
|__|___________________________________|______________|____________________
|3 |Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік | |
| |Республикалық деңгейдегі әкімшілік | |
| |шығыстар |Ұстауға | Ұстауға
| | Орталық органның аппараты | |
| |Аумақтық органдардың аппараты | |
| |Қылмыстық және жедел есептерді | Бұл да | Бұл да
| |жүргізу | |
| |Мемлекеттік мекемелер | |
| |Құқықтық статистика және ақпарат | |
| |орталығы | |
|__|___________________________________|______________|____________________