Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. <*>
2. "Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi Денсаулық сақтау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 сәуiрдегi N 384 P960384_ қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң Денсаулық сақтау комитетi туралы ережеде;
17-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
"Комитеттiң төрағасы Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры Дирекциясының қызметiн жалпы үйлестiрудi және оған басшылық жасауды жүзеге асырады.";
3. <*> ЕСКЕРТУ. 1,3-тармақтарының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.01.29. N 70 қаулысымен. P990070_ 4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегi N 911 қаулысы өз күшiн жойды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап өз күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi