Қазақстан Республикасының Бiлiм және Мәдениет мекемелерiне есiмдер беру және олардың атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 3 сәуiр N 384

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жезқазған, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Семей, Талдықорған, Торғай, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы әкiмдерiнiң Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiмен және Мәдениет министрлiгiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясымен келiсiлген:

      а) бiлiм және мәдениет мекемелерiне:

                    Ақтөбе облысы бойынша
      Байғанин ауданының Жем орта мектебiне - Кеңес Одағының Батыры Қожабай Жазықовтың;
      Ырғыз ауданының "Қызыл партизан" орталау мектебiне - ғалым-математик, профессор Мырзағали Төлегеновтың;
      Ырғыз ауданының Коминтерн орта мектебiне - ғалым, қоғам қайраткерi Телжан Шонановтың;
      Ырғыз ауданының Темiрастау орта мектебiне - қоғам қайраткерi Бәймен Алмановтың;
      Шалқар ауданының N 1 спорт мектебiне - Қазақстан Республикасының

еңбек сiңiрген жаттықтырушысы Владимир Цехонвичтiң;
     Шалқар ауданының Қосқақ орта мектебiне - белгiлi күйшi
композитор Қазанғап Тiлепбергенұлының

                   Алматы облысы бойынша
     Iле ауданының N 18 орта мектебiне - белгiлi актер, халық әртiсi
Ыдырыс Ноғайбаевтың;
     Райымбек ауданының Текес музыка мектебiне - белгiлi
күйшi-композитор Қожеке Назарұлының;
     Талғар ауданының N 3 орта мектебiне - Абай Құнанбаевтың;
     Ұйғыр ауданының Ұзынтам орталау мектебiне - белгiлi ұйғыр
педагогы Мәсiм Мақсатовтың;
     Қапшағай қаласындағы жасөспiрiмдер спорт мектебiне - даңқты
спортшы, "Таэквонда" бойынша қара белбеудiң алты дүркiн иегерi
Мұстафа Өзтүрктiң

                   Атырау облысы бойынша
     Махамбет ауданының Сартоғай орта мектебiне - еңбек сiңiрген
мұғалiм Қарабай Қалыбековтың;
     Индер ауданының Құрылыс орталау мектебiне - халық ақыны Мұрат
Мөңкеұлының;
     Атырау қаласының N 12 орта мектебiне - Қазақстан Республикасының
еңбек сiңiрген мұғалiмi, белгiлi педагог Фаина Досымованың

                   Батыс Қазақстан облысы бойынша
     Шыңғырлау ауданының "Новопетровка" орта мектебiне - "Даңқ"
орденiнiң үш дәрежесiнiң толық иегерi Бисенғали Мұхамбетовтың;
     Шыңғырлау ауданының "Шиелi" орта мектебiне - қазақтың белгiлi
биохимигi, профессор Лұқпан Қылышовтың;
     Орда ауданының "Искра" орта мектебiне қазақ генералы Шәкiр
Жексенбаевтың

                   Жамбыл облысы бойынша
     Меркi ауданының N 11 "Ақермен" орта мектебiне - белгiлi
лингвист, профессор Әмеди Хасеновтың

                   Жезқазған облысы бойынша
     Ақадыр ауданының "Өспен" орта мектебiне - көрнектi мемлекет
қайраткерi, ақын Сәкен Сейфуллиннiң;
     Ақадыр ауданының "Киiктi" орта мектебiне - белгiлi композитор
Сыдық Мұхамеджановтың

                   Қарағанды облысы бойынша
     Нұра ауданының "Энтузиаст" орта мектебiне - Сәкен Сейфуллиннiң;
     Нұра ауданының кәсiптiк-техникалық училищесiне - Социалистiк
Еңбек Ерi Нүркен Айтуғановтың;
     Қарқаралы ауданының "Ақтерек" орталау мектебiне - көрнектi
ғалым-лингвист Ахмет Байтұрсыновтың;
     Қарағанды қаласының N 39 орта мектебiне аса көрнектi ақын Мағжан
Жұмабаевтың;
     Темiртау қаласының N 1 музыка мектебiне - белгiлi композитор,
халық әртiсi Ғазизи Жұбанованың;
     Шахтинск қаласының орталық кiтапханасына - ұлы ойшыл, мемлекет
қайраткерi Бұқар жыраудың

                   Қызылорда облысы бойынша
     Жаңақорған ауданының N 52 орта мектебiне - көрнектi қоғам
қайраткерi Бейкайдар Аралбаевтың;
     Қызылорда қаласының N 136 орта мектебiне - көрнектi мемлекет
қайраткерi Темiрбек Жүргеновтың;


      Жаңақорған ауданының "Бiрлiк" орта мектебiне - көрнектi мемлекет қайраткерi, публицист Сұлтанбек Қожановтың;
      Жаңақорған ауданының мәдениет үйiне - халық ақыны Манап Көкеновтың;
      Қазалы ауданының N 96 орта мектебiне - белгiлi ақын Қарасақал Ерiмбеттiң;
      Шиелi ауданының N 252 орта мектебiне- Кеңес Одағының Батыры Георгий Ковтуновтың;
      Сырдария ауданының N 141 орта мектебiне қоғам қайраткерi,

1-шақырылған Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесiнiң депутаты, Ұлы Отан соғысында
қаза тапқан Қапан Сәбiровтың

                   Қостанай облысы бойынша
     Қостанай мемлекеттiк университетiне көрнектi ғалым-лингвист,
қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсыновтың

                   Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша
     Оңтүстiк Қазақстан облыстық филармониясына - белгiлi композитор,
халық әртiсi Шәмшi Қалдаяқовтың;
     Шымкент қаласының N 69 орта мектебiне - белгiлi жазушы Саттар
Ерубаевтың;


      Алғабас ауданының "Ақмешiт" жалгерлер бiрлестiгiнiң мәдени-спорт

кешенiне - белгiлi суырып салма халық ақыны Манат Қыздың;
     Ордабасы ауданының "Бөген" орталау мектебiне - көрнектi ғалым,
профессор Бейсенбай Кенжебаевтың;
     Сарыағаш ауданының "Новоабад" тәжiк орта мектебiне - көрнектi
мемлекет қайраткерi, академик Бабажан Ғафуровтың;
     Сарыағаш ауданының "Красин" орта мектебiне - даңқты батыр,
жазушы Бауыржан Момышұлының;
     Сарыағаш ауданының "Стаханов" орта мектебiне - белгiлi ақын
Қасым Аманжоловтың;
     Созақ ауданының N 36 орта мектебiне - академик Iсмет Кеңесбаевтың;
     Түркiстан қаласының N 15 орта мектебiне - аса көрнектi ақын
Мағжан Жұмабаевтың

                   Павлодар облысы бойынша
     Май ауданының "Белогор" орта мектебiне - Ауғанстанда әскери
борышын өтеу кезiнде қаза тапқан, интернационалист-жауынгер Ерсiн
Мұқашевтың;
     Павлодар қаласының N 12 орта мектебiне - белгiлi ақын Қалижан
Бекхожинның

                   Семей облысы бойынша
     Таскескен ауданының Қарақол орта мектебiне - Социалистiк Еңбек
Ерi Iшпекбай Жақсыбековтың;
     Шұбартау ауданының Шұбартау орта мектебiне - халық ақыны Төлеу
Кәдiковтың;
     Көкпектi ауданының Егiндiбұлақ орталау мектебiне - белгiлi ақын,
филосов Шәкәрiм Құдайбердиевтiң;
     Абай ауданының Қарауыл селосының музыкалық мектебiне - белгiлi
әншi, композитор және жазушы Жәнiбек Кәрменовтың;
     Шұбартау ауданының Мәдениет үйiне - әншi, әрi композитор Уайыс
Шондыбаевтың;
     Семей медицина училищесiне - қазақтың алғашқы дәрiгерлерiнiң
бiрi Дүйсенбi Қалмаевтiң

                   Талдықорған облысы бойынша
     Көксу ауданының Кеңарал орталау мектебiне - белгiлi қызылшашы,
қоғам қайраткерi Сындыбала Қырықбаеваның;


      Қапал ауданының Суықсай Мәдениет үйiне - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген әртiсi Есболған Жайсаңбаевтың;
      Кербұлақ аудандық Мәдениет үйiне - суырып салма ақын Әбiкен Сарыбаевтың;
      Көксу ауданының Мұқыр Мәдениет үйiне - Қазақстан

Республикасының еңбек сiңiрген әртiсi Жақып Әбiлтаевтiң;
     Гвардия ауданының "Бостон" орта мектебiне - ғалым-математик,
профессор Науқанбай Әлмұханбетовтың;
     Қаратал ауданының N 1 Үштөбе орта мектебiне - белгiлi жазушы
Кемел Тоқаевтың

                   Торғай облысы бойынша
     Торғай облыстық музыкалық драма театрына -көрнектi ғалым
лингвист Ахмет Байтұрсыновтың;
     Амангелдi ауданының "Байғабыл" орта мектебiне - белгiлi жазушы
Ақан Нұрмановтың;
     Жангелдин ауданының "Юбилейный" орта мектебiне - белгiлi ақын
Сырбай Мәуленовтің

                   Шығыс Қазақстан облысы бойынша


      Самар ауданының Самар орта мектебiне - осы ауданның тұңғыш

мектебiнiң негiзiн салушы және ұйымдастырушы Жұбандық Болғанбаевтың;
     Зайсан қаласының N 3 бастауыш мектебiне - көрнектi педагог
Хафиза Мұстафинаның;
     Лениногор қаласының N 14 кәсiптiк-техникалық училищесiне Кеңес
Одағының Батыры Виталий Безголосовтың;
     Ұлан ауданының "Ақтау" орта мектебiне - белгiлi жазушы-драматург
Оралхан Бөкеевтiң

                   Алматы қаласы бойынша
     N 137 орта мектепке - Мағжан Жұмабаевтың;
     Республикалық балалар кiтапханасына - белгiлi балалар жазушы
Сапарғали Бегалиннiң;
     Республикалық жастар кiтапханасына - Жамбыл Жабаевтың есiмiн
беру туралы ұсыныстары қабылдансын.

     ә) бiлiм және мәдениет мекемелерiнiң атауларын:

                   Ақтөбе облысы бойынша
     Мұғаджар ауданының Киров атындағы бастауыш мектебiн - "Шилi"
бастауыш мектебi;
     Мұғаджар ауданының ВЛКСМ-нiң 30 жылдығы атындағы орта мектебiн -
"Құмсай" орта мектебi;
     Шалқар ауданының К.Марк атындағы орта мектебiн - "Қаратоғай"
орта мектебi;


      Ырғыз ауданының Э.Тельман атындағы орталау мектебiн - қоғам қайраткерi Тел Жаманмұрынов атындағы орталау мектеп;
      Ырғыз ауданының Калинин атындағы орталау мектебiн - "Темiрастау" орталау мектебi

                    Алматы облысы бойынша
      Балқаш ауданының Октябрьдiң 50 жылдығы атындағы орта мектебiн - көрнектi мемлекет қайраткерi Дiнмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп;
      Райымбек ауданының Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта

мектебiн - белгiлi жазушы Бердiбек Соқпақбаев атындағы орта мектеп;
     Еңбекшiқазақ ауданының Ушинский атындағы орта мектебiн - қазақ
әдебиетiнiң классигi Iлияс Жансүгiров атындағы орта мектеп

                   Атырау облысы бойынша
     Жылыой ауданының Островский атындағы орта мектебiн - атақты
мерген, Ұлы Отан соғысының қатысушысы Есқайыр Халықов атындағы орта
мектеп;
<*>

     Индер ауданының Ленин атындағы орта мектебiн - Қазақстан
Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi Мұханғазы Сиранов атындағы
мектеп
     Ескерту. "ә" бөлiмiне өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.05.20.
              N 613 қаулысымен.  

P960613_

 

                   Батыс Қазақстан облысы бойынша
     Шыңғырлау ауданының "Социализм" орталау мектебiн - "Ақсуат"
орталау мектебi

                   Жамбыл облысы бойынша
     Жуалы ауданының Киров атындағы орта мектебiн - белгiлi журналист
Құрманбек Сағындықов атындағы орта мектеп;
     Қаратау қаласының А.Гайдар атындағы орта мектебiн - Дiнмұхамед
Қонаев атындағы орта мектеп

                   Қарағанды облысы бойынша


      Қарағанды қаласының Октябрь революциясының 60 жылдығы атындағы шахтаның Мәдениет үйiн - Аппақ Байжанов атындағы Мәдениет үйi

                    Қызылорда облысы бойынша
      Шиелi ауданының Октябрьдiң ХIХ жылдығы атындағы орта мектебiн - "Ақорда" орта мектебi;
      Шиелi ауданының "Авангард" орта мектебiн - "Ақмая" орта мектебi;
      Шиелi ауданының "Гигант" орта мектебiн - "Бидайкөл" орта мектебi;
      Тереңөзек ауданының Калинин атындағы орта мектебiн - көрнектi қоғам қайраткерi Иса Тоқтыбаев атындағы орта мектеп;
      Қазалы ауданының "Қызылту" орта мектебiн - қоғам қайраткерi Қашақбай Пiрiмов атындағы орта мектеп;
      Жаңақорған ауданының ВЛКСМ-ның 30 жылдығы атындағы N 51 орта мектебiн - академик Мұхамеджан Қаратаев атындағы орта мектеп

                    Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша
      Түркiстан ауданының Куйбышов атындағы орта мектебiн - "Бабайқорған" орта мектебi;
      Түркiстан ауданының "ХХ партсъезд" атындағы орта мектебiн - "Майдантал" орта мектебi;
      Сайрам ауданының Лапшин атындағы орта мектебiн - атақты күйшi-композитор Дина Нұрпейiсова атындағы орта мектеп;
      Келес ауданының "Коминтерн" орта мектебiн - көрнектi мемлекет қайраткерi Дiнмұхамед Қонаев атындағы мектеп;
      Келес ауданының "Большевик" орта мектебiн - көрнектi мемлекет қайраткерi Тұрар Рысқұлов атындағы мектеп;
      Созақ ауданының Гагарин атындағы орта мектебiн - белгiлi қобызшы, композитор Жаппас Қаламбаев атындағы мектеп;
      Созақ ауданының Октябрьдiң 50-жылдығы атындағы орта мектебiн - белгiлi айтыс ақыны, жырау Құлыншақ Кемелұлы атындағы орта мектеп;
      Созақ ауданының Энгельс атындағы орта мектебiн - "Қарағұр" орта мектебi;
      Киров ауданының Чкалов атындағы орта мектебiн - көрнектi мемлекет қайраткерi Сұлтанбек Қожанов атындағы орта мектеп;
      Сарыағаш ауданының Калинин атындағы орта мектебiн - белгiлi ақын Майлықожа атындағы орта мектеп;
      Сарыағаш ауданының Горький атындағы орта мектебiн - белгiлi математик-ғалым, академик Орынбек Жәутiков атындағы орта мектеп;
      Сарыағаш ауданының Макаренко атындағы орта мектебiн - Шығыстың ұлы ойшылы Қожа Ахмет Иассауи атындағы орта мектеп;
      Сарыағаш ауданының Лермонтов атындағы орта мектебiн - аса көрнектi мемлекет қайраткерi Төле би атындағы орта мектеп;
      Сарыағаш ауданының Фурманов атындағы орталау - мектебiн - белгiлi ақын Мұқағали Мақатаев атындағы орталау мектеп;
      Сарыағаш ауданының "ХХ партсъезд" атындағы орта мектебiн - белгiлi ақын Төлеген Айбергенов атындағы орта мектеп;
      Сарыағаш ауданының К.Маркс атындағы орта мектебiн - халық ақыны Махамбет Өтемiсұлы атындағы мектеп;
      Сарыағаш ауданының Тельман атындағы орта мектебiн - аса көрнектi мемлекет қайраткерi Абылай хан атындағы орта мектеп;
      Сарыағаш ауданының "Комсомол" орта мектебiн - көрнектi ақын,

философ Шәкәрiм Құдайбердiұлы атындағы орта мектеп;
     Қазығұрт ауданының Чкалов атындағы орта мектебiн -
экономист-ғалым, профессор, Өзбекстан ғылымына еңбегi сiңген
қайраткер Өнер Жамалов атындағы орта мектеп;
     Қазығұрт ауданының "Ленин жолы" орта мектебiн - Ақбастау орта
мектебi;
     Қазығұрт ауданының Киров атындағы орта мектебiн - Шарбұлақ орта
мектебi;
     Киров ауданының "Коммунизм" орта мектебiн - "Достық" орта мектебi;
     Киров ауданының Фрунзе атындағы орта мектебiн - "Талапты" орта
мектебi

                   Семей облысы бойынша
     Ақсуат ауданының "Ленин жолы" орта мектебiн - "Әкпетi" орта
мектебi;
     Ақсуат ауданының ВЛКСМ-ның 60 жылдығы атындағы орта мектебiн - 
N 2 Ақсуат орта мектебi;
     Мақаншы ауданының Киров атындағы орта мектебiн - "Қаратұма" орта
мектебi деп өзгерту туралы ұсыныстар қабылдансын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады