Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 21 қыркүйек N 929. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.05.07. N 553 қаулысымен. ~P990553

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. <*>
      2. "Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi Денсаулық сақтау комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 сәуiрдегi N 384 P960384_ қаулысында:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң Денсаулық сақтау комитетi туралы ережеде;
      17-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
      "Комитеттiң төрағасы Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры Дирекциясының қызметiн жалпы үйлестiрудi және оған басшылық жасауды жүзеге асырады.";

     3.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 1,3-тармақтарының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.01.29.
              N 70 қаулысымен.  

P990070_

 
      
     4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1998 жылғы 16 қыркүйектегi N 911 қаулысы өз күшiн жойды
деп танылсын.
     5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап өз күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады