"1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 шілдедегі N 703 P980703_ қаулысының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігіне арналған бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі (келісім бойынша):
1998 жылдың 30 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және Қаржы министрлігімен келісім бойынша жоғарыда аталған тізбеге сәйкес Агенттіктің мемлекеттік тапсырыстарын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік құжаттарын бекітсін;
бір айлық мерзім ішінде қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтіру туралы ұсыныс әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
24 қыркүйектегі
N 941 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің
бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесі
__________________________________________________________________________
|N | Атауы | 1998 жылғы | 1999 жылға
| | | қаржыландыру | арналған
| | | нысаны | қаржыландыру
| | | | нысаны
|__|___________________________________|______________|____________________
|1 |Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет | |
| |көрсетулер | |
| |Республикалық деңгейдегі әкімшілік |Ұстауға |Ұстауға
| |шығыстар | |
| | Орталық органның аппараты | |
| |Республикалық деңгейде орындалатын | |
| |мемлекеттік тапсырыстар | |
| |Ғимараттарды күту және қызметкер- |Бұл да | Көрсетілген
| |лердің қызметін қамтамасыз ету | |қызметтер үшін
| |Экономика мен мемлекеттік басқару | | Бұл да
| |саласындағы қолданбалы ғылыми | |
| |зерттеулер | |
| |Мемлекеттік басқаруды стратегиялық | | Бұл да
| |жоспарлауды енгізу | |
| | | |
|4 |Білім беру | |
| | Аппараттың кадрларын қайта | |
| |даярлау | | Бұл да
|__|___________________________________|______________|____________________