Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi N 1146 қаулысымен бекiтiлген Жалпы бiлiм беретiн орта мектептi бiтiрушiлерге арналған кеудеге тағатын "Алтын белгi" белгiсi мен ерекше үлгiдегi аттестат туралы ереженiң 1-тармағын ресми түсiндiру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 29 қыркүйек N 968. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.23. N 1219 қаулысымен.

      ЕСКЕРТУ. Қаулы күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.08.23. N 1219
               қаулысымен. P991219_
      Қазақстан Республикасы Бас прокурорының "Жалпы бiлiм беретiн орта мектептi бiтiрушiлерге арналған кеудеге тағатын "Алтын белгi" белгiсi мен ерекше үлгiдегi аттестат туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi N 1146 P971146_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 33, 308-құжат) бекiтiлген Жалпы бiлiм беретiн орта мектептi бiтiрушiлерге арналған кеудеге тағатын "Алтын белгi" белгiсi мен ерекше үлгiдегi аттестат туралы ереженiң 1-тармағына ресми түсiндiру беру туралы сұрануына байланысты "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Жалпы бiлiм беретiн орта мектептi бiтiрушiлерге арналған кеудеге тағатын "Алтын белгi" белгiсi мен ерекше үлгiдегi аттестат туралы ереженiң (бұдан әрi - Ереже) 1-тармағына мынадай ресми түсiндiру берiлсiн.
      Ереженiң 1-тармағында "Кеудеге тағатын "Алтын белгi" белгiсiмен 5 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейiн оқуда ерекше көзге түскен, сондай-ақ республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерi болып табылатын, оқу бiтiру емтихандарын тапсыру кезiнде өте жақсы жетiстiктер, өте жақсы мiнез-құлық пен жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң оқу жоспарының барлық пәндерi бойынша "5" деген бағаны көрсеткен жалпы бiлiм беретiн орта мектептi бiтiрушiлер марапатталады" деп белгiленген.
      Жоғарыда аталған тармақтың құқықтық мазмұны кеудеге тағатын "Алтын белгi" белгiсiмен 1-тармақта көрсетiлген барлық белгiлердiң:
      5-тен 11 сыныпқа дейiн оқуда ерекше көзге түсуi;
      республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерi болуы;
      оқу бiтiру емтихандарын тапсыру кезiнде өте жақсы жетiстiктер, өте жақсы мiнез-құлық пен жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң оқу жоспарының барлық пәндерi бойынша "5" деген бағаны көрсетуi жиынтығы кезiнде жалпы бiлiм беретiн орта мектептердi бiтiрушiлер марапатталатынын бiлдiредi.
      2. Қазақстан Республикасының осы қаулысы Қазақстан

 

Республикасының Бас прокурорына жолдансын.

     3. Қаулы "Жалпы бiлiм беретiн орта мектептi бiтiрушiлерге

арналған кеудеге тағатын "Алтын белгi" белгiсi мен ерекше үлгiдегi

аттестат туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi N 1146 қаулысы қолдануға

енгiзiлген күннен бастап күшiне енедi.



     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi





Об официальном толковании пункта 1 Положения о нагрудном знаке "Алтын белгi" и аттестате особого образца для выпускников средней общеобразовательной школы, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 июля 1997 года N 1146

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 сентября 1998 г. N 968. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 23 августа 1999 г. N 1219 ~P991219

      В связи с запросом Генерального Прокурора Республики Казахстан о даче официального толкования пункта 1 Положения о нагрудном знаке "Алтын белгi" и аттестате особого образца для выпускников средней общеобразовательной школы, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 22 июля 1997 года N 1146 P971146_ "Об утверждении Положения о нагрудном знаке "Алтын белгi" и аттестате особого образца для выпускников средней общеобразовательной школы" (САПП Республики Казахстан, 1997 г., N 1146, ст. 308) в соответствии с пунктом 2 статьи 45 Закона Республики Казахстан "О нормативных правовых актах" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Дать следующее официальное толкование пункта 1 Положения о нагрудном знаке "Алтын белгi" и аттестате особого образца для выпускников средней общеобразовательной школы (далее - Положение).
      Пунктом 1 Положения установлено: "Нагрудным знаком "Алтын белгi" награждаются выпускники средней общеобразовательной школы, особо отличившиеся в учебе с 5 по 11 класс, а также являющиеся призерами республиканских и международных олимпиад, показавшие при сдаче выпускных экзаменов отличные успехи, отличное поведение и оценку "5" по всем предметам учебного плана средней общеобразовательной школы".
      Правовое содержание вышеназванного пункта означает, что нагрудным знаком "Алтын белгi" награждаются выпускники средней общеобразовательной школы при совокупности всех признаков, указанных в пункте 1:
      особо отличившиеся в учебе с 5 по 11 класс;
      призеры республиканских и международных олимпиад;
      показавшие при сдаче выпускных экзаменов отличные успехи, отличное поведение и оценку "5" по всем предметам учебного плана средней общеобразовательной школы.
      2. Направить настоящее постановление Правительства Республики Казахстан Генеральному Прокурору Республики Казахстан.
      3. Постановление вступает к силу с даты введения в действие постановления Правительства Республики Казахстан от 22 июля 1997 года N 1146 "Об утверждении Положения о нагрудном знаке "Алтын белгi" и аттестате особого образца для выпускников средней общеобразовательной школы".
 

     Премьер-Министр

  Республики Казахстан