Жалпы бiлiм беретiн орта мектептi бiтiрушiлерге арналған кеудеге тағатын "Алтын белгi" белгiсi мен ерекше үлгiдегi аттестат туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 22 шiлде N 1146. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.23. N 1219 қаулысымен.

      ЕСКЕРТУ. Қаулы күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.08.23. N 1219
               қаулысымен. P991219_
      Республиканың интеллектуалдық әлеуетiн дамыту, дарынды балалар мен жастарды тәрбиелеу және оқыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Оқуда өте жақсы бiлiм және жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң курсы үшiн оқу бiтiру емтихандарын тапсыруы кезiнде үлкен жетiстiктер көрсеткен жалпы бiлiм беретiн орта мектептердiң оқушылары үшiн кеудеге тағатын "Алтын белгi" ("Золотой знак") белгiсi белгiленсiн.
      2. Қоса берiлiп отырған:
      жалпы бiлiм беретiн орта мектептi бiтiрушiлерге арналған кеудеге

 

тағатын "Алтын белгi" белгiсi мен ерекше үлгiдегi аттестат туралы ереже;

     кеудеге тағатын "Алтын белгi" ("Золотой знак") белгiсiнiң

сипаттамасы бекiтiлсiн.

     3. Бiлiм және мәдениет министрлiгi Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының Бiлiм және

мәдениет министрлiгiне бiлiм беру мекемелерiн ұстауға көзделген

қаржының шегiнде, өтiнiмдерге сәйкес кеудеге тағатын "Алтын белгi"

белгiсi мен ерекше үлгiдегi аттестаттардың қажеттi санын жасап

шығарсын.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрiнiң

        бiрiншi орынбасары


                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 22 шiлдедегi

                                           N 1146 қаулысымен

                                             бекiтiлген


          Жалпы бiлiм беретiн орта мектептi бiтiрушiлерге

        арналған кеудеге тағатын "Алтын белгi" белгiсi мен

                 ерекше үлгiдегi аттестат туралы

                              ЕРЕЖЕ



 
       1. Кеудеге тағатын "Алтын белгi" белгiсiмен 5 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейiн оқуда ерекше көзге түскен, сондай-ақ республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерi болып табылатын, оқу бiтiру емтихандарын тапсыру кезiнде өте жақсы жетiстiктер, өте жақсы мiнез құлық пен жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң оқу жоспарының барлық пәндерi бойынша "5" деген бағаны көрсеткен жалпы бiлiм беретiн орта мектептi бiтiрушiлер марапатталады.
      2. Ерекше үлгiдегi аттестат "Алтын белгi" деген жазуы бар көгiлдiр түстi қатты мұқабасы барлидериннен жасалады. Аттестаттың бет жағына, жоғарыға бедерлi-басылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы, ортасына "Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi", "Министерство образования и культуры Республики Казахстан" деген сөздер, төменгi жағына "Аттестат" деген сөз орналасады.
      3. Аттестаттың iшкi жағындағы мәтiнi барлық парақтарында жоғары жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бар қорғау дәрежелi тығыз қағазға басылады. Парақтың сол жағына қазақ тiлiнде, ал оң жағына - орыс тiлiнде мәтiн жазылады. "Алтын белгi" сөзi қола әрiптермен басылады.
      4. Кеудеге тағатын "Алтын белгi" белгiсi мен ерекше үлгiдегi аттестатты облыстық, Алматы қалалық бiлiм басқармаларының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Бiлiм және мәдениет министрлiгi бередi.
      Кеудеге тағатын белгiлер мен ерекше үлгiдегi аттестаттарды марапатталғандарға бiтiру емтихандары аяқталған кездегi салтанатты жиналыста мектептiң директоры тапсырады.
      5. Кеудеге тағатын "Алтын белгi" белгiсiмен марапатталғандардың мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау емтихандарын тапсырмастан түсуге құқығы бар.
 

                                       Қазақстан Республикасы



                                             Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 22 шiлдедегi

                                           N 1146 қаулысымен

                                             бекiтiлген



 
            Кеудеге тағатын "Алтын белгi" белгiсiнiң
                        СИПАТТАМАСЫ
 
      "Алтын белгi" белгiсi төрт бұрышты планка түрiндегi негiзге шынжырмен бекiтiлген, iшiнде көгiлдiр фонда - "Қазақстан. Алтын белгi" деген жазулары бар, диаметрi 40 мм, қалыңдығы 2,5 мм дөңгелек түрiнде болады, металдардың (мыс пен мырыштың) арнайы қорытпасынан - Л 80 жасалады.
      Белгiсiнiң бет жағында көгiлдiр фонда шығып келе жатқан күн мен оның сәулелерi, алтын контурмен жиектелген ашық кiтап бейнеленген. Бұл бейнелерден төменде "Алтын белгi" деген алтынмен жазылған жазу шығыңқырап тұрады және белгiнiң контуры бедер түрiнде 1,0 мм алға шығып тұрады, одан кейiн кiтаптың бедерi мен оның сәулелерi 0,5 мм шығып тұрады, ал кiтаптың сары контуры 0,2 мм шығыңқырап тұрады.
      Белгiнiң контуры, "Қазақстан", "Орта мектеп", "Алтын белгi" жазулары, шығып келе жатқан күн және кiтаптың жиектерi алтындатылған.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады