ЕСКЕРТУ. Қаулы күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.08.23. N 1219
қаулысымен. P991219_
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының "Жалпы бiлiм беретiн орта мектептi бiтiрушiлерге арналған кеудеге тағатын "Алтын белгi" белгiсi мен ерекше үлгiдегi аттестат туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi N 1146 P971146_ қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 33, 308-құжат) бекiтiлген Жалпы бiлiм беретiн орта мектептi бiтiрушiлерге арналған кеудеге тағатын "Алтын белгi" белгiсi мен ерекше үлгiдегi аттестат туралы ереженiң 1-тармағына ресми түсiндiру беру туралы сұрануына байланысты "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Жалпы бiлiм беретiн орта мектептi бiтiрушiлерге арналған кеудеге тағатын "Алтын белгi" белгiсi мен ерекше үлгiдегi аттестат туралы ереженiң (бұдан әрi - Ереже) 1-тармағына мынадай ресми түсiндiру берiлсiн.
Ереженiң 1-тармағында "Кеудеге тағатын "Алтын белгi" белгiсiмен 5 сыныптан бастап 11 сыныпқа дейiн оқуда ерекше көзге түскен, сондай-ақ республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерi болып табылатын, оқу бiтiру емтихандарын тапсыру кезiнде өте жақсы жетiстiктер, өте жақсы мiнез-құлық пен жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң оқу жоспарының барлық пәндерi бойынша "5" деген бағаны көрсеткен жалпы бiлiм беретiн орта мектептi бiтiрушiлер марапатталады" деп белгiленген.
Жоғарыда аталған тармақтың құқықтық мазмұны кеудеге тағатын "Алтын белгi" белгiсiмен 1-тармақта көрсетiлген барлық белгiлердiң:
5-тен 11 сыныпқа дейiн оқуда ерекше көзге түсуi;
республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерi болуы;
оқу бiтiру емтихандарын тапсыру кезiнде өте жақсы жетiстiктер, өте жақсы мiнез-құлық пен жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң оқу жоспарының барлық пәндерi бойынша "5" деген бағаны көрсетуi жиынтығы кезiнде жалпы бiлiм беретiн орта мектептердi бiтiрушiлер марапатталатынын бiлдiредi.
2. Қазақстан Республикасының осы қаулысы Қазақстан
Республикасының Бас прокурорына жолдансын.
3. Қаулы "Жалпы бiлiм беретiн орта мектептi бiтiрушiлерге
арналған кеудеге тағатын "Алтын белгi" белгiсi мен ерекше үлгiдегi
аттестат туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 шiлдедегi N 1146 қаулысы қолдануға
енгiзiлген күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi