Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) және "БН-350 реакторының ядролық материалдарын кәдеге жаратуға қатысты қазақстан-американ бастамасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 1998 жылғы 20 наурыздағы N 239 P980239_ қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Маңғышлақ атом энергиясы комбинаты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (Ақтау қаласы) Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы мен Америка Құрама Штаттарының Энергетика министрлігінің арасындағы БН-350-дің ядролық материалдарын ұзақ мерзімді орналастыруға қатысты Атқару шарты бойынша АҚШ-тан 241 Ам-нейтрон көзін (СЭҚ ТН 2844) арнаулы контейнермен (USA /67888/В(U) F-85 сертификаты) әкелуге рұқсат етілсін.
"Маңғышлақ атом энергиясы комбинаты" республикалық мемлекеттік
кәсіпорны аталған нейтрон көзі алынғаннан кейін арнаулы контейнерлерді АҚШ-
қа қайтаруды қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлігі белгіленген тәртіппен аталған нейтрон көзіне лицензия берсін.
3. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының
Атом энергиясы жөніндегі агенттігі 241-Am нейтрон көзінің әкелінуіне
бақылау жасасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі