АҚШ-тан нейтрон көзін әкелу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 6 қазан N 1003

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) және "БН-350 реакторының ядролық материалдарын кәдеге жаратуға қатысты қазақстан-американ бастамасын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" 1998 жылғы 20 наурыздағы N 239 P980239_ қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Маңғышлақ атом энергиясы комбинаты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (Ақтау қаласы) Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы мен Америка Құрама Штаттарының Энергетика министрлігінің арасындағы БН-350-дің ядролық материалдарын ұзақ мерзімді орналастыруға қатысты Атқару шарты бойынша АҚШ-тан 241 Ам-нейтрон көзін (СЭҚ ТН 2844) арнаулы контейнермен (USA /67888/В(U) F-85 сертификаты) әкелуге рұқсат етілсін.
      "Маңғышлақ атом энергиясы комбинаты" республикалық мемлекеттік

 

кәсіпорны аталған нейтрон көзі алынғаннан кейін арнаулы контейнерлерді АҚШ-

қа қайтаруды қамтамасыз етсін.

     2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлігі белгіленген тәртіппен аталған нейтрон көзіне лицензия берсін.

     3. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының

Атом энергиясы жөніндегі агенттігі 241-Am нейтрон көзінің әкелінуіне

бақылау жасасын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады